Зертханалық жұмыстарды жүргізу жоспары



бет1/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#131454
  1   2   3   4
Кіріспе
Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттер теориялық білімді дамытып бекітеді және орман шаруашылығы машиналарының тараптары мен тетіктерінің ақауларын анықтау және жөндеу бойынша тіжериебелік дағды алады.

Әр зертханалық жұмыста: мақсаты мен мазмұны; зертханалық жұмысты атқаруға негізгі теориялық мағлуматтар; ауысулырды орындауға керекті технологиялық нұсқаулар: зертханалық жұмысты орындаудың тізбегін белгілейтің пиктограммалар жүйесі; кестелер мен бақылау сұрақтары берілген.

Зертханалық жұмысты орындауға дайындық:


  • ұй жұмысы, өзіне жұмыстың берілгендерін үйден дайындау;

  • зертханалық жұмысқа студенттің дайындығын тексеру;

  • бастапқы берілгендерді толықтыру және зертханалық жұмысты орындау.

Жұмыс орнын ұйымдастыру – техникалық қызмет көрсету, есепті жасау және қортындыларды қорғау.

Студенттердің өзіндік жұмысының көлемін оқытушы өзі белгілеу керек.

Зертханалық жұмыстың есебі. Жұмысты орындап болған студентер оқытушыға осы практикум талаптарына сәйкес еспті көрсетеуі.

Әр жұмыс есебінің (отчетінің) мазмұны:



  1. алғашқы бет (Титульный лист);

  2. жұмыстың номері, тақырыбы, мақсаты;

  3. жалпы мағлұматтар;

  4. жұмыстық тақырыбына, мақсатына, оқытушының нұсқауына сәйкес байқау тексеріске арналған сұрақтардың ішінен 2-4 сұрақтарға жазба-сызба жауаптар жазылады;

  5. жұмыстық қортындысы;

  6. қолданылған әдебиеттер.


Зертханалық жұмыстарды жүргізу жоспары
Зертханалық жұмыс уақыт бойынша келесі бөлімдерге бөлінеді:

  1. ұймдастыру бөлімі;

  2. жұмысты орындауға студенттердің дайындығын тексеру;

  3. техникалық кауіпсіздік ережелерін оқу;

  4. жұмыс орнының техникалық қызметін көрсету және жұмыс қортындыларын қорғау.

Зертханалық жұмысты орындағанда студенттен шығармашылық және өзіндік жұмыстарын талап етеді. Сонымен бірге сапа, еңбек және материалдың үнемділігіне назар аударылуы керек.

Әр зертханалық жұмыста: мақсаты мен мазмұны; зертханалық жұмысты атқаруға негізгі теориялық мағлұматтар; ауысуларды орындауға керекті технологиялық нұсқаулар; зертханалық жұмысты орындаудың тізбегін белгілейтін пиктограммалар жүйесі; кестелер мен бақылау сұрақтары берілген. Сабақ кестесі бойынша «Орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру» пәнінің зертханаларда жүргізілуі керек.

Студенттердің өзіндік жұмысының көлемін оқытушы өзі белгілейді.

Бірінші жұмыс қортындыларын қорғағаннан кейін оқытушы студенттерге келесі жұмысты орындауға рұқсат береді.

Зертханалық жұмыстың есебі: жұмысты орындап болған студенттер оқытушыға осы зертханалық талаптарына сәйкес есепті көрсетуі.

1 Зертханалық жұмыс. Автотракторлық қозғауыштардың кривошип-шатун механизмі

1.1 Жұмыс мақсаты

Кривошип-шатун механизмі жиналу бірліктерінің және бөлшектерінің құрылысын зерттеу, және олардың бір – біріне әсері мен реттелуі: кривошип-шатун механизмінің ақауларымен танысу, сонымен қатар оларды түзету жолдарын білу.



1.2 Керек құрал жабдықтар, саймандар материалдар

Жұмыс орнының қүрал-жабдығы: су мен суыитың блок - картер, гильза, цилиндр және ауа мен суыитың дизельдің баса головкасы, блок-картер головкасы, поршень саусағы, сақиналар мен шатун, коленчаттық вал, шатун және түркі сына, «Кривошип-шатун механизмі» плакаты, поршень сақиналарының шешушісі және қысушы, бұрғылар жиынтығы, микрометр, қысқыштар.



1.3 Жүмыс жүйелігі

1-ші оқулықтың әдебиеттің 1-ші парагрофының 4 бөлімшесін оқып, кривошип-шатун механизмінің негізгі бөлшектерінің міндеттерін аңықтау.


1.4 Блок- картер

Блок – картердің негізгі бөлімдері: ішкі бөлімдер; біреуі (көлденең) оны екіге бөледі; жоғары цилиндірлер блогы (1 сурет) және астыңғы – картер. Цилиндірлер гильзаларының орналасу жерлеріндегі: жоғарғы плита мен көлденең бөлімше қалқаларына тығыз отырғызылуына қарау. Тік бөлінуінің, блок қабырғалары мен цилиндрлер басындағы сумен байланысады. Бөлімшелердің астынғы жағы каленчаттық валдың түпкі подшипниктерінің тіректері үшін керек бар. Газды үлестіру механизмінің штангалар камерасын және үлестіруші вал втулкалар астындағы саңлауларды қарау.

Оқушылар цилиндрлер головкасын блок - картермен байланыстырып, жоғарғы плитаға шпилькалар үшін резбалық саңылаулар орналасуын: насостан су кеңістігіне суды апару жолдарының және майды апаратын саңлаулар мен тесіктердің орналасуын түсіну қажет. Блок головкасының қүрылысын зерттеу керек.
1.5 Автотракторлық қозғауыштардың цилиндрлері.

2- суретте цилиндрдің негізгі бөлімдері көрсетілген: гильза және оның бортигі, цилиндрлер 2 отырғызылатын белдеулік (жоғарғы және астынғы) блогында орналасу үшін, қозғаушының картерына су кеңістігінен судың ағуын тоқтататын резенке тығыз сақинасы, ауа мен суыту арқылы жүретін цилиндр, оның суыту қабырғалары және тығыздалу төсемдері. Трактор қозғаушының гильзаларын ішкі диаметрі бойынша 3 мөлшерлік топқа бөлінеді: Б, С, М (үлкен, орташа және кіші). Мөлшерлік топ белгісін гильза бортигіне жазады:






1- цилиндрлер блогы, 2- көлденең бөлу, 3- цилиндр, 4- су кеңістігі, 5-бөлімше, 6- подшипниктер тірегі үшін қату, 7- тік бөлу

1 сурет – Қатарлы қозғаушының блок - картер сызбасы


1.6 Дизельдік және карбюраторлық қозғауыштардың поршендері


Ішкі жақтың бағыттық жолы шарнирлық шатунмен байланыс мақсатында поршень саусағын отырғызу үшін бабышкалары бар, ал астынғы жағында - майлы сақинаның жолы бар. Май ысырғыш сақиналармен жиналатын май - алатын мал^мен арқылы картрге жолы бар. Маи інешуші
Поршендердің негізгі бөлігі 3 суретте көрсетілген. Дизель қозғауыштарының поршнедерінде цилиндрге баратын жанармайдың ауамен жақсы араласуы мақсатында қоспа жасау тәсілдері мен клапандардың орналасуына байланысты әртүрлі фасонды қуыстар бар. Төрт тактылы карбюраторлы қозғауыштарды түбі тегіс, 2 тақталы қозғауштың түбі дөңес. Түбінде массасы мен поршень мөлшер тобын белгілейді екеніне мән беру керек. Компрессорлық сақиналар үшін канавкалар поршен басында бар, поршеннің астындағы жағында май сырғыш сақиналарға арналған жырашық бар.

санылау арқылы картерге апарылады. Саусақты орналастыру мақсатында стопор сақинасы үшін бабышкаларда санылаулар жасалған


а) цилиндірдің «ылғалды» гильзасы; б) автокөлік қозғаушының гильзасын орнату сызбасы; 1-бортик; 2-үстіңгі белбеулік, 3-астынғы белбеулік, 4-резенке тығыздалған сақина, 5-цилиндар гильзасы, 6-қытылма, 7-су кеңістігі, 8-тығыздық
2 сурет – Цилиндр



1-қалпақша, (тығыздалған бөлік), 2- түбі, 3- камера, 4- бағыттауыш бөлім (юбка), 5-канавка, 6-бобышка, А-белгі

3 сурет – Трактор қозғаушының поршені.









а-сыртқы түрі, б-компрессорлы сақиналардың қиысу түрлері (жұмыс уақытында) в-құрамдас май сырғыш, г-поршенді сақиналар орналасуды, 1-компрессорлық сақиналар, 2-май сырғыш сақина, 3-тегістелген болат сақиналар, 4-остік кенейткіш, 5-радиалдықкеңейткіш,6-поршен.


4 сурет – Поршен сақиналары
1.7 Поршендік сақиналар

Компрессорлық поршеңдік сақиналары қоспалы шойын немесе болаттан қыйма арқылы жасайды (4 сурет). Жай күйде сақиналардың сыртқы диаметрі цилиндрдің ішкі диаметірінен үлкен сондықтан поршенге, цилиндрге отырғызғанда олар секіртпелі болып, жэне бетіне өте жақсы жатады. Сақинадағы кескін жері қүлып деп аталады. Компрессорлық сақиналардың поршенге қою кезінде, газдың өту мақсатында олардың қүлыптары 1 сызықта орналастырмайды. Қиысудағы сақиналар тік бұршты, кескінмен, жүзбен, конустық немесе трапециялық болады. Тік бұрышты қиысу сақина мен конустық сыртқы беті сақинаны салыстырғанда тірек беті аз, бүл оның бүкіл беті бойынша оның жақсы жұмысын жэне байланысын қамтамасыз етеді.

Май сырғыш сақиналарда компрессорлықтарға кадағанда тесіп өтетін –саңылай бар. Кейбір қозғаушылардың поршендеріне 2 болат дисктер мен 2 секіртпелі кеңейткіштерді қояды – остік және радиалдық. Поршен саусақтарын болаттан жасайды. Остік жылжудан саусақ стопарлық сақиналармен ұсталады.

Шатундар. 5 суретте шатундардың негізгі бөліктері көрсетілген. Шатунның үстінгі басына қола втулкасы тығыздалады. Астынғы басын аралық етіп жасайды, басқаша айтқанда шатунмен бірге жасайды, ал шешілетін бөлігі - жапқыш түрінде. Шатун подшипниктерінің сыналарын, шатунның астынғы басының ішкі жағы жапқышпен бірге өнделеді, сондықтан шатунның астынғы жағына және жапқыштарының бетіне реттік сандарын (радиатордан біріншін санағанда) және құрамдас сандарын (олар қүралу кезінде бір- біріне сәйкес келу керек) жазады. Сырғанақ подшипниктер ролін сыналар орындайды. Ішпектер сырғанақ подшипниктер ролін атқарады.






1-шатунның үстінгі басы, 2-үстінгі бас втулкасы, 3-шатун білігі, 4-шатунның төменгі басы, 5-шатун подшипникінің сынасы, 6-шатунның астынғы басының жапқышы, 7-шплинт, 8-корончаттық гайка, 9-сынаның қалыптаушы мұрты, 10-шатун болты.


5 сурет – Шатун
Остік алмасу мен айналудан подшипниктер муртарымен ұсталады, олар шатунның бірінші жағында орналасқан паздарға кіреді. Шатунның астынғы бастарын тік айыру мен немесе бұрын астынғы (қиғаш айыру) жасайды, бұны поршен тобының астынғы жағының гильза арқылы өтуі мақсатымен жасалады.

Шатунның айналымы жақтарының майлану жолдарын қарастыру қажет. Май поршен саусағына шатун басындағы саңлау арқылы немесе біліктегі жол қысым арқылы беріледі. Коленчаттық вал жолдары арқылы қысыммен келетін маймен сырғанақ подшипниктер де майланды.



1.8 Иінді білік

6 суретте иінді біліктің негізгі бөлімдері көрсетілген. Тірек түбір мойындарды, шатун мойындарын және оларды қосатын жақтарды, валдың алдынғы бөлігі – мұрынша және артқы бөлік құйрықшаны қарау керек. Реттеу үшін қарсы салмақтау валмен бірге құйылған теңгерушіге назар аудару қажет. Вал беттерінде шатун подшипниктеріне қысыммен май әкелетін қиғаш жолдар орналасқан. Шатун мойынының ішінде майды тазалаудың орталық беті орналасқан, бүл май шатун мойынының бетіне мойынының орталық бөліміндегі түтік аралық өтеді.






1-түбір мойынша, 2-бет, 3-тірек жарты сақиналар, 4-түбір подшипниктің астыңғы ішпегі, 5-серпеуші, 6-май түсіргіш, 7-қытылмалы шрифт, 8-сермеушінің бекіту болты, 9-тісті тәж, 10-түбір подшиптиктің үстіңгі ішегі, 11-шатун мойыны, 12-қарсы салмақ, 13-иінді білік шестернясы, 14- май насосының берілуінің бастапқы шестернясы, 15- болт, 16-шкив, 17-тығын, 18-таза май жолығы, А-иінді біліктің мойын тобын белгілену жері, Б-шатун мойынына бетіне май апару жолағы.


6 сурет – Д-240-тракторлы қатарлы дизелінің иінді білігі
Біліктің алдынғы бөлігін бекітуің түсіну қажет шквиті, май қайырғышы май насосын қосатын шестернясы, сонымен бірге біліктің соңындағы сермеуші. Иінді білік жағындағы остік алмасудан ұстайтын тірек жартысақиналар мен бортиктерді қарастыру қажет, сонымен бірге болат алюминий жасағынан жасалған ішпектер түріндегі түбір подшипниктер құрылымын да білу керек. Ішпектің сыртқы жағы болаттан, ал ішкісі – үлкен салмақтарды көтеретің және жоғарғы тіреуіш қасиетті бар фракцияға қарсы қоспаның жіңішке қабатынан жасалған.

Кривошип – шатун механизмі де жарамсыз қалпына келу мүмкін. Оқушылар бұзылу себептері мен оларды түзеу жолдарын білу керек (1 кесте).


1 кесте – Кривошип-шатун механизмінің мүмкін ақаулықтар және себептері


ма



шкивтің май'түеіргінтң , май



Ақаулықтар

Ақаулық себебі

Түзеу жолы

1

2

3

Қозғауыш жұмысқа қосылмайды

Цилиндерде әлсіз компрессия


Тозған бөлшектерді ауыстыру: поршен тобы, гильза, поршендер, сақиналар.


1 кестенің жалғасы

1

2

3

Қозғауыш тоқтап жұмыс

істейді және номиналдық қуаттылыққа көтеріле алмай түр.



Суытылу жүйесінен

цилиндірлерге су ағады. Поршен сақиналары тозған, шығару түтігі бітелуі



Судың цилиндрлерге

бару жолдарын жабу, цилиндр басының бекіту гайкаларын бұрау, төсемді ауыстыру, түтікті күрделі және бақа ластардан тазалау.



Қозғауыш күтпеген жерде тоқтайды

Поршеннің цилиндрде сыналануы, поршен тобының иінінің подшипнигінің тозуынан сыналануы

Поршендерді шығарып, гильзаларды, түбір және шатун подшипниктерін қарау, тозғандарын ауыстыру

Өнделген газдардың түтін (көк немесе ақ түсті) шығуы

Поршен (көк түтін) қоқыстануы; поршен тобының тозуы; қозғауштың (ақ түтін) дұрыс қызбауы

Поршенді шығарып, сақинаны шешіп күйеден тазалау, поршен тобының бөлшектерін қарап, тозғандарын жаңаға ауыстыру, қозғаушының дүрыс жылыту.


Қозғауышта нақты дүрсілдің болуы

Поршен саусақтарының бобышкалар саңылауларының, шатунның үстінгі басы тозуы.


Арнайы стеоскоппен
қозғаушының жұмысын
тыңдау, поршен

бөлшектерінің тозғандарын жаңаға ауыстыру.




Орындалған жұмыс жөніндегі есеп: форманы толтыру



Кривошип-шатун механизмінің негізгі бөліктері

Материалдар

Маркасы

Блок-картер т.б.

Шойын

СЧ-18-36



Бақылау сұрақтары


  1. Блок -картердағы қалқалар міндеті?

2. Блоктағы цилиндірлер гильзаларының отырғызу жерлері қалай
тығыздалады?

3. Ауа мен суыту арқылы ішкі оттану қозғауьштың цилиндірлер


қүрылысының ерекшеліктері қандай?

  1. Поршен сақиналар қүрылымы қандай және жүмыс уақытында олар қалай жұмыс істейді?

  2. Иінді валдың шатун мойыншаларының беттерінде май қалай тазаланады?

6. Кривошип – шатун механизмінің ақаулары және себептері мен түзеу жолдары туралы айтыңыз?

2 Зертханалық жұмыс. Газ үйлестіру және декомпрессиондық механизм


2.1 Жұмыс мақсаты

Құрылу бірліктері Кривошип-шатун механизмінің құрылымын тексеру, жұмыс кезіндегі бір-біріне әсер ету, реттелуінен танысу. Газды үлестіру және декомпрессиялық механизм ақауларымен танысу, олардың себептерін анықтау, арылу жолдарын іздеу.

Жұмыс орнының құрал-жабдықталуы: СМД-14 Б дизелі бөлшектеу мен жинау үшін, «Үлестіру механизмі» плакаты, құралдар жинағы, коленчаттық білікті айналдыру тұтқасы.

Иінді білікті жүмыс бірізділігі оқулықтың 2-ші параграфынан, 4-ші бөлімін оқу және үлестіру мен декомпрессиялық механизм негізі бөлімдері міндетін түсіну.



2.2 Газ үлестіру механизмі

7 суретте механизмнің негізгі бөлімдері көрсетілген. Клапанды, серіппе тәрелкесін, серіппе тірек шайбасы, клапанның бағыттауышы втулкасын, сухариктер, валикпен оның түрақты күнтесі, реттелу винті, контргайкамен күйентегі кіргезілген, штанга, итергіш, үлестіру жүдырық валы және оның валы.

Клапандардың құрылымы мен міндеттерін жақсылап білу керек, клапандардың тәрелкесінен білікке ақырын көшуге назар аудару, бұл керектік береді, жылудың өтуін жақсартады жэне газдар қозғалысының қарсылығын азайтады. Клапан білігі тегістелген, күйенте басының әсер етуінен тозбау мақсатымен беті суарылған. Фаска 45º бұрышында цилиндрдің ұясына үлкен тығыздығы мен жабысуы үшін жасалған. Еңгізу клапандар диаметрлері, кейде шығару диаметрлерінің артық (ауамен жақсы толтыру үш). Еңгізу клапаны- хромды болат, ал шығару клапан-ыстыққа тозімді болаттан жасалады.

Сухариктар, бағыттаушы втулка, серіпелердің, күйенте, штанганың және итергіштің құрылымы мен белгіленуі 8 суретте көрсетілген. Сухариктар екіге бөлінген конустық сақина ретінде берілген. Кейбір сақиналардың ішкі жағында клапан білігіне кіру бортиктары бар. Бағыттаушы втулка клаппаннның бағытталу қозғалысы мен оның қиғашсыз отырғызылмауын қамтамасыз етеді. Бағыттаушы втулка металлокерамикадан болуы мүмкін, ол цилиндірлер басына тығыздалады. Серіппелер клапандардың жабылуы үшін және жақсы отырғызылу үшін күш береді. Екі серіппе бары олардың мөлшерін азайтады, сенімділігін көтереді және жұмыс жағдайын жақсартады.



1-аралық шестернясы, 2-поршен, 3-клапан, 4-цилиндрлердың басы, 5-бағыттаушы втулка, 6-клапан серіппелері, 7-күйенте, 8-күйенте (валигі) осі, 9- реттеуші винт, 10-контргайка, 11-күйенте валик тірегі, 12-штанга, 13-итергіш, 14-үлестіру валы, 15-үлестіру вал шестернясы, 16-иінді білігінің шестернясы.


7 сурет – Саңырауқұлақ түрлі итергіш газ үлестіруші механизм сызбасы




1- клапан, 2-серіппелер тәрелкесі, 3-сухариктер, 4-сухариктер втулкасы, 5-серіппелер, 6-серіппелер тірек шайбасы, 7-клапанның бағыттаушы втулкасы, А- клапан фаскасы;


8 сурет – Трактор дизельдің клапандық механизм
Күйенте 2 иінді рычаг, ұзын иіні де суырылған боек бар, бұнымен клапан иегі басады, ал қысқа иінді реттеу бұрандамасын бұрау үшін саңылау бар, бұрандамасын бұрау үшін саңылау бар, бұрандама арқылы клапан мен күйенте боек арасында саңылау болады.

Штанга итергіштен күйенте күш жіберу үшін қажет, ол тұтас немесе бос болат біліктен жасалады. Саңырауқұлақты итергіштерде штанга орнату үшін сферитикалық тереңдіктері бар, итергіштің астынғы бөлігінде тегіс немесе сферитикалық бет бар. Жұмыс уақытында итергіш үнемделі қозғалыс және айналма қозғалыстар бір уақытта жасалады.



2.3 Үйлестіргіш вал

Қозғалысының оң жағындағы блокта сырғанау подшипниктерінде вал орналасқан. Іске үлестіргіш шестернялар арқылы қосылады (9 сурет, а) иінді біліктің алдынғы ұшында орналасқан шестернядан аралық шестерняға, содан кейін өз үлестіргіш валдардың келісімен айналуы арнайы белгілер арқылы шестерняларды жинап орнатуымен жетеді.

Валдың негізгі бөлімдері 9 б суретте көрсетілген. Блокта тығыздалған втулкаларда мойыншалары айналады.

Жұдырықшалардың қатыстық орналасқан, орнын санын жэне түрін әкелу, шестерня валында бекітуді жэне айналмалы беттер майлану тэсілдерін білу қажет. Қозғаушының картер сыртынан валды алмасу және айналу жолы арқылы картердің отырғызылған кесікке қояды. Үлестіруші валдың остік жылжуы; блок жағына втулкамен шектеледі, оған валдың алдыңғы мойынша бурты немесе тірек сақинасы тіреледі, ал үлестіруші шестернялар қақпағы жағына – реттеу бұрандасымен, оған табанша немесе болтпен тірейді.



а-үлестіруші механизмнің шестернясы, б-үлестіруші вал, 1-гидрожүйе насосының қосу шестернясы, 2-май насосының қосу шестернясы; 3-үлестіргіш вал қосу шестернясы, 4-аралық шетернясы, 5-6-май насосының бастапқы және келесі шестернясы, 7-фланец, А-жұдырықшалар, Б-тірек мойыншалар;


9-сурет – СМД – 14 БН үлестіруші механизбөліктері

2.4 Декомпрессиялық механизм

Негізгі бөліктері (құрамдас бөлімдері) 10суретте көрсетілген. Бұл валиктер тіректері және олардың орналасуы, валиктер және бір-бірімен байланысы, остер және корпуста орналасуы, реттеушісімен рычаг, тяга және тұтқасы. Декомпрессиялық механизмнің қосылған кезінде валиктердің бұранда басы бір жаққа қарайды, үлестіруші механизмнің жұмысына кедергі жасамайды. Декомпрессорды қосқанда валиктер бұрылып бұрандама басымен күйенте иініне басып клапандарды ашады. Жұмыс уақытында декомпрессор бөліктері серіппе қысқышымен бекітіледі.






А-сызба, б-СМД-14 БН қозғаушының механизм құрылымы, 1- валик тірегі, 2-валик, 3-ось, 4- корпус, 5-фиксаторлы рычаг,6-тяга, 7-тұтқа.
10 сурет – Декомпрессиялық механизм
2.5 Клапандар мен күйенте қақапалары арасындағы саңылауларды реттеу

Цилиндрлер басының қақпасы (11 сурет) шаң тозаңнан тазалап шешу. Күйенте қақпалары мен клапандар білтелері арасындағы жылу саңылауларын реттеу үшін: декомпрессиялық механизм валигін бұрғышпен қосылған күйге беру: иінді білікті айналдыру және содан кейін кіргізу клапандары ашылып жабылғанша (бірінші цилиндрдің клапан күйентесін қарау арқылы) соңында бірінші цилиндр поршенін жоғарғы тұйық нүктеге құру, шпилькаға басу арқылы, иінді білікті ақырын айналдыру, сермеушідегі саңылауға шпилька кіргенше, декомпрессиялық механизм валигін сөндіріп, орнату және (қуыс бұрғы арқылы) күйенте қақпағы мен білік арасындағы саңылауды өлшеу. Қозғаушының қалыпты пайдалану берілген мөлшерлеріне саңылаулары сай келсе, бұрандаманы бұрғышпен үстап күйентеге реттеу бүрандама контгайка бұрандамасын кіргізіп немесе шығарып, күйенте қақпағы мен клапан білік арасында қалыпты саңылау орнату, бұдан кейін контргайканы тартып саңылауды өлшеу; сермеуші картер саңылауынан құрылу шпилькасын шығарып және айналмалы білігімен сол саңылауға кіргізу, үшінші, төртінші және, екінші цилиндрлерде керек жағдайда клапандар саңылауларын тексеріп реттеу жэне жарты-айналымға коленчаттық валды әрбір кезде айналдырып цилиндрлер басының қақпағын қойып, оны гайкалармен бекіту. Декомпресиялық механизмді тарту рычагымен байланыстыру.





11 сурет – Механизм клапанның саңылауларын реттеу


Екінші кестеде газүлестіру және декомпрессиялық механизм ақаулары олардан арылатын шаралар берілген.
2 кесте


Ақаулықтар

Ақаулық себебі

Түзеу жолы

Қозғауыш жұмысқа қосылмайды

Клапандар толық жабылмайды

Барлық клапандарын қарап ақауларды сүрту

Қозғаушы іркіліп істейді, керек күшті жетілдіре алмайды

Клапандар тоқталуы, клапандар серіппелер сынуы

Цилиндрлер қалпақшасынын шешіп, клапандары күйеден тазалау клапандар серіппелер ауыстыру

Түтінді пайдаланған газдық шығуы (ақ немесе қара түтін)

Үлестіргіш шестернялар дұрыс құрылмаған сондықтан жанармай толық жанбайды; клапан білігі мен күйенте қақапағының саңылауларының бұзылуы



Клапандардағы
саңылауларды, клапандар біліктері жэне күйенте қақпағы арасындағы саңылауларды реттеу

Орындалған жұмыс туралы есеп: қозғаушы клапандар механизіміндегі қалыпты саңылаулар ақаулықтарын себептерін көрсету, саңылауларды өздері реттеп, астындағы формамен толтыру.




Қозғаушы маркасы

Қалыпты саңылау, мм




Кіргізу клапаны

Шығару клапаны




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет