1-Тәжірибелік сабақ. Ауа температурасының мәліметтеріне өңдеу жүргізу



бет1/4
Дата06.09.2022
өлшемі68.09 Kb.
#460308
түріСабақ
  1   2   3   4
1-Тәжірибелік сабақ Агрометеорология

1-Тәжірибелік сабақ. Ауа температурасының мәліметтеріне өңдеу жүргізу

Ауа температурасы – атмосфераның жылулық күйін сипаттайтын метеорологиялық өлшемдердің бірі. А. т. метеорол. ст-ларда жерден 2 м биіктікте, күн сәулесі түспейтін арнаулы үйшікте психрометрлік термометрмен, ал экспедициялық жағдайда аспирациялық термометрімен өлшенеді. А. т. ауа райына байланысты үнемі өзгеріп отырады. Жер шарында А. т-ның таралуы – Күн радиациясының жер бетіне жетуіне және сіңуіне, жер бедерінің сипатына және сәуле шашуына, сондай-ақ жалпы атмосфера айналымына байланысты. Жер бетінде байқалған ең төм. температура Антарктидада («Восток» ст-сында – 89,2°С), және Якутияда (Оймякон – 71°С), ал ең жоғ. температура (58°С) әл-Әзизияда (Ливия) тіркелген. Тропосфера қабатының жоғ. шекарасында (12 км) температура – 70°С-қа дейін төмендейді. Ал стратосферада (13 – 50 км) озон қабатының ультракүлгін сәулесін жұтуынан ауа температурасы 5°С-қа дейін көтеріледі. Одан жоғ. қабаттарда температура төмендейді. Тропосферада А. т. тік бағытта (әрбір 100 м сайын) шамамен 0,5 – 0,7°С-қа төмендейді. Тәулік бойында А. т-ның ең жоғ. нүктесі сағат 15-те, ең төм. нүктесі күн шыққаннан кейін 45 мин өткен кезде байқалады. Қазақстанда қаңтардың орташа температурасы солт-те (Петропавл қ.) – 19С, оңт-те (Шымкент қ.) – 4°С. Республикамыздың шығысында (Марқакөл көлі маңында) қыстың кейбір күндері ауаның температурасы – 55°С-қа төмендейді. Шілде айының орташа температурасы Қазақстанның көпшілік жерінде ең жоғ. температура 32°С-қа, қиыр оңт-те кейбір айларда 47°С-қа жетеді.

Ауа температурасының өзгерісі. Ауа температурасы – ауаның жылыну деңгейі, ауа райы мен климаттың негізгі сипаты. Күн сәулелері – Жер бетіндегі жылудың негізгі көзі. Осы күннен келетін сәулелер атмосфера қабатынан өте отырып, алдымен жер бетін қыздырады, содан кейін жылы ауа жоғары қарай таралады. Нәтижесінде биіктеген сайын ауа температурасы төмендей береді. Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура орта есеппен 0,6˚С-ге төмендейді. Жер бетіндегі ауа температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді. Ауа температурасын өлшейтін құрал термометр деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет