Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Сәуле ауруының кезеңдері
2.2. Жіті радиациялық зақымдану
2.3. Жануарға иондаушы сәуле әсері
2.4. Созылмалы сәуле әсері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Сәуле ауруы. Бұл иондаушы сәуле әсерінен организмнің зақымдануынан болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруы төрт дәрежеге бөлінеді: бірінші дәреже 200 «Р» дозасын алғанда пайда болады, екінші дәрежелі сәуле ауруы ағза 300—400 «Р» сәуле дозасын алса, үшінші дәрежелі ауру — 500—600 «Р» дозасында және төртінші, ең ауыр дәрежесі 600 «Р» дозасынан асқанда сәуле ауруына душар етеді. Сәуле ауруы дамуының төрт кезеңі бар.
Қоршаған ортаның жануар организміне теріс әсер ететін факторларының бірі – радиация болып табылады. Радиация жануардың клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен қызметінің өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін. Соңғы он жыл ішінде радиациялық сәулеленудің табиғи фоны көтерілді. Бұл кейбір елдерде ядролық қарулардың өндірілуіне, ядролық энергетиканы пайдалануға , уран өндіруді көбейтуіне, радиация қалдықтарының дұрыс сақталмауына байланысты болып отыр. Осыған байланысты барлық тіршілік иелеріне – өсімдіктерге, жануарларға, адамдарға нақты қауіп төнді. Мутация көлемі ұлғайды, тұқым қуалайтын әр түрлі аурулар, дамуында кемістіктері бар(қатерлі аурулары, сіулелік аурулары және т.б). Табиғаттың барлық жерлерінде табиғи радиобелсенді сәулелері болады. Барлық тірі организм сияқты жануарға да табиғи сәулелердің әсері тиеді. Сәулелердің артық мөлшері жануарорганизмінде түрлі ауытқуларды және түрлі ауруларды туғызады. Радиация латын тілінде «радиус» – «сәуле» деген сөз. Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Радиацияға: күннің сәулесі, ғарыштық сәуле, жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті элементтердің изотоптары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |