17. 35 санында 1-разрядтық қанша сан бар?
А) 5 Ә) 30 Б) 8
18. 43 санын разрядтарының қосындысына бөлшекте.
А) 4+3 Ә) 40+3 Б) 30+4
19. Оқушылар сарайында әрқайсысында 12 баладан 5 шахмат үйірмесі, 11 баладан 4 сурет үйірмесі жұмыс істеді. Шахмат және сурет үйірмелеріне барлығы неше бала қатысты?
А) 60 б Ә) 44 б Б) 104 б
20. Егер цифрды тұрған орнынан оңға қарай екі орын жылжытсақ, оның мәні қалай өзгереді?
А) 100 есе кемиді Ә) 2 есе кемиді Б) 100 есе артады.
21. Көбейтінділердің қосындысын тап. 459 * 0 бен 0 * 830
А) 459 Ә) 1289 Б) 0
22. Поездың жылдамдығы 65 км/сағ. Екі бекеттің арасы 195 км болса, ол осы аралыққа қанша уақыт жүреді?
А) 2 сағ Ә) 3 сағ Б) 4 сағ
23. Алтыншы разрядтың 9 бірлігі, бесінші разрядтың 5 бірлігі және төртінші разрядтың 2 бірлігі:
А) 950200 Ә)905020 Б) 952000
24. Жазылған тура теңдіктің дұрыс жауабын белгіле. 2005-205=25 + ...
А) 250 Ә) 500 Б) 1775
25. Қабырғаның ұзындығы 7 м шаршы пішіндес бөлме еденінің ауданын тап.
А) 14 Ә) 49 Б) 42
№15-ТЕСТ
1. Ең кішкентай құс калибридің салмағы 2 г. Ал ірі тұйеқұстың салмағы. 120 кг. Түйеқұстың салмағы калибриге қарағанданеше артық?
А) 60 есе Ә) 6000 есе Б) 60000 есе
2. Өрнектің мәнін тап. 15 ц 72 кг – 7 ц 20 кг
А) 8 ц 40 кг Ә) 22 ц 28 кг Б) 8 ц 52 кг
3. Ұзындығы 12см, ал ені ұзындығының төрттен бір бөлігіне тең болатын тік төртбұрыштың периметрін тап:
А) 30 Ә) 3 Б) 15
4. Теңдеуді шеш: 28024: Х=4
А) 706 Ә) 76 Б) 7006
5. Жер шарындағы мұхиттардың ең терең жері 11022м. Мұны километр мен метр арқылы өрнекте:
А) 1 км 22 м Ә) 112 км 2 м Б) 11 км 22 м
6. Тік бұрыштың ұзындығы 56 см ені 7 есе кем. Тікбұрыштың периметрін тап:
А) 128см Ә) 105 см Б) 64 см
7. Өрнектің мәнін тап: 18720-ден 3508 және 6007 сандарының қосындысын азайт.
А) 9205 Ә) 9515 Б) 21219
8. 4 жәшікте 86 кг алма бар. Алғашқы екі жәшікте алманың массасы бірдей. Үшінші жәшікте 20 кг, ал төртінші жәшікте 18 кг алма салынған. 1 кг алманың бағасы 60 теңге болса бірінші жәшіктегі алманың құны қанша?
А) 38 теңге Ә) 48 теңге Б) 1440 теңге
Достарыңызбен бөлісу: |