1.Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері.
Адам баласының өмір сүруі үшін тіршіліктің маңызы зор. Б із тіршілікті қалай аялап, баптап, мейірім беріп, таза ұстасақ сол құрлым бізгеде махабатын аямасы анық!
Кейде табиғаттың бізге тосыннан жайсыздық тудыратыны бәрімізге белгілі. Мысалы; Цунами, табиғи өрт және т.б. Цунами – бұл су асты жер сілкінісінің, сондай-ақ жанартау атқылауы немесе теңіз түбіндегі көшкіндердің нәтижесінде пайда болатын ұзын толқындар. Олардың көздері теңіз түбінде болады. 90% жағдайларда цунами су асты жер сілкіністерінен пайда болады.
Табиғи өрт – табиғи ортада апатты пайда болатын және таралатын, бақыланбайтын өртену процесі (орманның, даланың, шым тезекті батпақтың). Орман өрті – орман экожүйесінде өзінен-өзі немесе адаммен жандырылатын өртену. Төменгісінде орманның төсемі, шөп-бұта жамылғысы, жас бұталар жанады, жоғарғысында – ағшаштардың ұштары жанады; жерастысында – шым батпақ қабаты және ағаштардың тамырлары жанады. Дала өрті – далаларда өзінен-өзі немесе қолдан тұтату кезінде пайда болады.
Енді қарастырып қарасақ табиғи өрт адамдардың өзінің артынан шоқ немесе өрт іздерін қалдыру барысында орын алатын жағдай. Ормандағы ағаштардан шығатын қаншама оттек,орманды мекендеуші жануарлар жиынтығынан шынашақтай шоқтың айыруы адам баласының өмір сүру жүйесін бұзуы қаншама зардабын береді. Бұл мәселені адам атты тіршілік иесі алдын алуға қауқарлы және ушықпай жатып сөндіруге шамалары жетеді деп ойлаймын. Табиғаттың тыныштығы, ауаның тазалығы адамның қауіпсіздігіне жағдай жасайды.
2.Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер
Қауіп – тіршілік қауіпсіздігі туралы ғылымның басты ұғымы. Осыған байланысты бірқатар тіршілік қауіпсіздігі теориялар қарастырылады.
1.Материалдық қауіпсіздік-техникаларда дұрыс қолдану, техникалардың өз сақтық шараларын ұстану адам өміріне әкелетін қауіптә сиретед.
2Егер заттар мен энергия ағымы немесе қауіп көздерінен ақпараттар олардың жол берілген шектерінің мәндерінен асса, онда қауіптер бар.
3. Егер қауіп көздері мен қорғау объектілері болу координаттары бойынша кеңістікте және уақытта дәл келсе, онда қауіп жүзеге асады.
4.Қауіп көздері олардың әсер ететін аймағындағы барлық қорғау объектілеріне зиянды әсер етеді.
5. Қауіптердің әсері қорғау объектісінің зиянымен қоса жүреді
6. Қауіп-қатерлерден объектіні қорғау олардың шығу көздерінен шығатын ағымдарды шығу көзімен объектінің өзара әсерлесу уақытын азайту, ара қашықтықтарын ұлғайту және қорғаныс шараларын қолдану арқылы техникамен қол жеткізуге болады».
7. Адамдардың қауіп-қатер әлеміндегі және олардан қорғану тәсілдерінен компоненттігі – адамдардың тіршілік қауіпсіздігіне қол жеткізудегі қажетті шарты
3.Экология және қоршаған ортаны қорғаудың тіршілік қауіпсіздігі үшін маңызы
Біз табиғат арқылы өмір сүріп жатырымыз. Біздің тұтынып отқан, жеп отқан, қолданып жатқан заттарымыз табиғаттан бірі шикі зат арқылы алынып отырса,кей бірі дайын күйінде алынады.
Мысалыға:сиырдан сүт алынса біз оны қорек етеміз неше түрлі етіп түрлендіріп ірімшік, айран,құрт етіп қоректенеміз. Алайда сиыр сүт беру үшін оныда жемін шөбін беріп қоректендіру қажет. Ол сиырдың асын өсіру үшін бізге су және құнарлы топырақ керек. Біз топырақта суға ластап пластикалық заттар тастаймыз. Сомен судың, топырақтың құрамы өзгереді. Құрамы өзгерген сумен топырақты тұтынған шөп ауру немесе оныңда құрамы өзгереді. Оны сиыр жеп ауру болады одан шыққан затты тұтынып бізде ауру боламыз.
Түйін:табиғатқа жасап жатқанымыз тікелей өзімізге жасағанымыз!
Достарыңызбен бөлісу: |