Білім беру бағдарламасы: 6В01503-«Биология»



бет1/15
Дата19.05.2022
өлшемі73.46 Kb.
#457882
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Биологияға кіріспе
Элементтер химиясы лек № 25, 26, Қызықты есептер, 252525, Агроэкология лек. (1), МУ ДР ФИ 30.12, Программалау технологиясы АЖ-01,ЕТ-01, ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ зертхана 2021, ауыр металдың осимдикке әсери, 01-Тип-Web-прог-каз, 11-Лаб-Web-прог-каз, Web-Силлабус 2019-2020, ЛЕКЦИЯ Мат талдау 4 2021, Зерттеудегі математикалық талдау MБОПӘ 20-01,02,03 (1), Автомобилди пайдалану, Автомобилди тасымалдаудын уйымдастыру



BK 1222 «Биологияға кіріспе» пәні бойынша
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Білім беру бағдарламасы: 6В01503-«Биология»


Курсы: 1 , семестрі: 1
Пәннің циклі: Базалық пәндер
Компоненті: ЖК
Кредит саны: 3
Оқыту түрі: күндізгі
Лекция: 15 сағат
Зертханалық сабақтар: 15 сағат
ОББӨЖ: 30 сағат
БӨЖ: 30 сағат
Межелік бақылау: (7 және 15 апта)
Емтихан: 1 семестр


1. Пәннің академиялық сипаттамасы
Биологиялық ғылымдар жүйесі, қазіргі заманғы бағыттыры. Биология ғылымын зерттеу нысаны және тірі нысанды ұйымдасу деңгейіне байланысты жіктеу. Биологияның жаратылыстану ғылымындағы маңызы. Биологиялық зерттеу әдістері. Тіршілікті сипаттаудың заңдылықтары және оның негізгі формалары. Стационарлық жағдай теориясы. Тіршілікті сипаттаушы заңдылықтар: өздігінен жаңару, өздігінен пайда болу, өздігінен қалыптасу. Ағзалардың элементарлық химиялық құрамы. Микроэлементтер, ағза үшін олардың маңызы.
Судың негізгі маңызды биологиялық функциясы. Биологиялық макромолекуланың негізгі типтері. Мономерлер, олигомерлер, полимерлер түсінігі. Тірі ағзаларға тəн макромолекуланың төрт тпитері: көмірсулар, ақуыздар, нуклеин қышқылдары, майлар.
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты - Пәнді оқытудың мақсаты: тірі табиғат дамуының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері- Тірі жүйе ұйымдастырылуының негізгі кезеңдерін ашып көрсету, білім алушыларды биология ғылымының негізгі түсініктерімен таныстыру, тіршіліктің негізгі формаларын оқыту, биологиялық терминологияны пайдалануға үйрету, білім алушыларды биологиямен байланысты практикалық проблемаларды сауатты қабылдауға үйрету.
1.3 Пререквизиттер: Мектеп курсының биология пәні
1.4 Постреквизиттер: Ботаника, Адам анатомиясы, Адам жəне жануарлар физиологиясы.
1.5 Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушының қалыптасатын құзыреттері -Биологияның концептуальды жəне теориялық негізін, биологияның жалпы ғылым жүйесіндегі орынын жəне құндылығын, даму тарихын жəне қазіргі заманғы жағдайын білуі керек. Биологияның фундаментальды заңдарын жəне теориясын, табиғаттағы құбылыстар мен үрдістердің биологиялық мəнін меңгеру керек. Биологияның теориялық жəне экспериментальдық негізін жəне биологияны оқыту технологиясынан білімін қолдануға қабілетті болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет