1 Үзінді алматы қ. 2013 жылғы 11 қараша



Дата17.06.2016
өлшемі16.88 Kb.
#142030
Директорлар кеңесінің сырттай отырысының 11.11.2013ж.

86 Хаттамасынан

1 ҮЗІНДІ
Алматы қ. 2013 жылғы 11 қараша
1 мәселе: Жарияланған акцияларды орналастыру (пайдаға асыру) туралы, соның ішінде олардың санының шегінде орналастырылатын (пайдаға асырылатын) саны, оларды орналастыру (пайдаға асыру) әдісі және бағасы туралы шешім қабылдау.

Шешім қабылданды:

1. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында бір акция үшін 1 000 (Бір мың) теңге бірыңғай орналастыру (пайдаға асыру) бағасы бойынша жүргізілетін жазылу арқылы жарияланған 7 095 936 (Жеті миллион тоқсан бес мың тоғыз жүз отыз алты) акицялардың шегінде 6 000 000 (Алты миллион) акция орналастырылсын (пайдаға асырылсын).

2. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында олардың қолында бар акциялардың санына үйлесімді тең шарттарда бір қарапайым акция үшін бірыңғай орналастыру (пайдаға асыру) бағасы 1 000 (Бір мың) теңге бойынша жүргізілетін жазылу арқылы «AsiaСredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ қарапайым акцияларын артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес «AsiaСredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ жарияланған  7 095 936 (Жеті миллион тоқсан бес мың тоғыз жүз отыз алты) қарапайым акицялардың шегінде орналастырылатын (пайдаға асырылатын) 6 000 000 (Алты миллион) акцияларды сатып алуды Ғаламтор желісінде Банктің WEB-сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тағайындалған мерзімде Банк акционерлеріне ұсынсын.

3. Артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (пайдаға асырылатын) бағалы қағаздарды сатып алуға өтінімді «AsiaСredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ акционері бере алатын мерзім, Ғаламтор желісінде Банктің WEB-сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 30 (Отыз) күнтізбелік күнді құрайды. Көрсетілген мерзім ішінде артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (пайдаға асырылатын) бағалы қағаздарды сатып алуға өтінімді берген «AsiaСredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ акционері «AsiaСredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ акцияларына жазылу шартына қолын қоюға және сатып алынатын акциялардың құнын төлеуге міндетті.


Үзінді дұрыс құрылған:

Басқарма төрағасы Б.Т. Нугыманов

Корпоративтік хатшы А.Х. Леймоева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет