10 ДӘріс. ҰЛттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық КӨрсеткіштер



бет1/5
Дата02.02.2024
өлшемі268.94 Kb.
#490662
  1   2   3   4   5
10 дәріс ЭТ



ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ. НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР







    1. Ұлттық экономика: анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері;

    2. Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы;

    3. Ұлттық шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері;

    4. Номиналды және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:



      • ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

      • жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;

      • инфляция мен инфляция қарсы саясат;

      • экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;

      • экономикалық дамудың циклдары;

      • ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

      • мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.


Ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.)
Ұ.Е.Ж. халықаралық стандарт;
БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі
Ұдайы өндірістің шарттарын, үрдісін және нәтижелерін сипаттайтын өзара байланысты макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі;
мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру
Макроэкономикалық көрсеткіштер: жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ) және жеке табыс (ЖТ), қолда бар табыс (ҚТ)
Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ – белгілі уақыт кезеңінде ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызметтердің нарықтық құны.
ЖҰӨ – бұл ұлттық тауарлар мен қызметтердің бір жылдық
нарықтық құны.
ЖҰӨ: номиналды және нақты.
ЖҰӨ ағымдағы нарықтық бағада есептелгенде, бұл оның
номиналды түрін сипаттайды.
нақты ЖҰӨ номиналды ЖҰӨ-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы анықталады.

Номиналды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын



ЖҰӨ дефляторы = номинальды ЖҰӨ
нақты ЖҰӨ
жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ


нақты ЖҰӨ

Номиналды мен нақты ЖҰӨ арасында айырмашылық бар, тауар бағасының өсуі инфляцияға әкеп соғады. Инфляция мөлшері берілген уақыттағы баға деңгейі өсуінің проценттік мөлшері болып табылады. Экономиканың өсу мөлшері нақты ЖҰӨ-нің өсуінің мөлшері болып табылады. ЖҰӨ-нің өсу себептері:



  • экономикадағы ресурстар санының өзгеруіне қатысты;

  • өнім факторының өзгеруінің нәтижелігі;

  • өнімді өсіруге ыңғайлы ете отырып жұмысты өзгерту.

Тауар мен қызмет көрсетудегі орташа баға пайызының өзгеруін баға индексі дейміз. Индекті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.

Тұтыну бағалараның индексі = Ра×𝑄к
Рб×𝑄к
Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторымен қатар тұтыну бағаларының индексі есептеледі, яғни тұтыну қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш анықталады:

Мұнда Ра Рб – ағымдағы және базистік жылдың бағалары.


Qқ – тұтыну қоржынына кіретін тауарлардың саны.
Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну тауарлар бағасының индексі арасындағы айырмашылық:
- ЖҰӨ дефляторына мемлекетте өндірілген барлық тауарлардың бағалары кіреді.

  • ЖҰӨ дефляторына осы елдің капиталы арқылы өндірілген өнімнің көлемі кіреді.

  • Тұтыну баға идексінің есебіне тек қана тауарлар мен қызметтердің белгіленген (шектелген) көлемі кіреді.

Халықаралық статистикада жалпы ұлттық өнімді өлшеудің негізінен екі тәсілі


қолданылады. Екі тәсіл де бірдей болып бағаланады.

  1. Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:

    • жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;

    • кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.

    • тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.

    • таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

ЖҰӨ = С+G+І+Х;
Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары; G – мемлекеттің сатып алуы, I – жалпы инвестициялар, Х – таза экспорт.

  1. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;
Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы, R – ренталық төлемдер, I – жинақ капиталының пайызы (%), P- фирма мен корпорацияның пайдасы.
ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.
ЖҰӨ өлшемінің негізгі проблемалары:

  • кейбір өнім нарықта сатылмағандықтан, дұрыс өлшембйеді. Бұған мемлекет қызметі, ерікті

еңбек және өз пайдасы үшін істелген қызмет кіреді;

  • тауар сапасын жақсартуды дұрыс есептеу қиынға соғады, кейбір операциялар

  • нақты ЖҰӨ-ге қосалқы түрде өлшенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет