I бөлім. 2011 жылы республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайлары



бет1/13
Дата12.06.2016
өлшемі3.66 Mb.
#129818
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………...

3

I БӨЛІМ. 2011 ЖЫЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ...

5


1.1.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің атқарылуын бағалау.…………………………………………………………….…..

5


1.2.

«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының баптарының атқарылуын бағалау…………………………………………………………….……

20


II БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ……………..………………………………

25


2.1.

Республикалық бюджет түсімдерінің атқарылуын бағалау ……..

25

2.1.1.

Республикалық бюджет түсімдерінің атқарылуын талдау ………

27

2.1.2.

Салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігін бағалау.......

37

2.2.

Республикалық бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау …...

48

2.2.1.

Республикалық бюджет шығындарының атқарылуын бағалау …

52

2.2.2.

Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын және өтелуін бағалау ..

55

2.2.3.

Қаржы активтерін сатып алуға арналған шығыстарды және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді бағалау

63


2.3.

Бюджет тапшылығын және оны қаржыландыру көздерін бағалау

73

III БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ………………………………………………....

78


3.1.

Бағдарламалық құжаттарды іске асырудың тиімділігін бағалау …

78

3.1.1.

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін бағалау …………………………………………………...

79


3.1.2.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау...

85

3.2.

Нысаналы трансферттерді пайдаланудың тиімділігін бағалау…..

103

3.3.

Мемлекет активтерін, соның ішінде оларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пайдалану тиімділігін бағалау ...................

123


3.4.

Мемлекеттік органдарға жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін бағалау (құпия)…………………..…………..


IV БӨЛІМ. ӨҢІРЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ……………………………

131


4.1.

Өңірлердің экономикалық дамуын талдау ………………..………

131

4.2.

Өңірлердің республикалық бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бағалау …………….……...………………………......

137


V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ …………..…………………………………….

148

5.1.

Тұжырымдар …………………………………………………………

149

5.2.

Ұсынымдар ……….……...………………………………………......

154

ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР ………………………………………………..

158

1.

Қосымша материалдар (кестелер мен диаграммалар)……………

158

2.

Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері және ұсынымдарының іске асырылуы туралы ақпарат ………………..

183


3.

Тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат …………………………………………….................

279


КІРІСПЕ

Бюджет кодексінің 141-бабына сәйкес 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) қорытынды есебін (бұдан әрі – Есеп) дайындады.

Есепте Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламаларының және басқа да бағдарламалық құжаттардың аясындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуына ерекше мән берілді. Сонымен қатар, өңірлердегі жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен берілген трансферттерді игеруіне назар аударылды.

Бірінші бөлімде 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайлары баяндалып, республиканың әлеуметтік-экономикалық ахуалының жай-күйіне және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің атқарылуына талдау жасалды, сондай-ақ «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының баптарының атқарылуына баға берілді.

Екінші бөлімде республикалық бюджеттің атқарылуына талдау жасалып, баға берілді. Атап айтқанда, республикалық бюджет кірістерінің түсімдері, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігі, республикалық бюджет шығыстарының, соның ішінде шығындарының атқарылуы, бюджеттік кредиттердің пайдаланылуы мен өтелуі, қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығыстар мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдері туралы, сондай-ақ бюджет тапшылығын және оны қаржыландыру көздерін бағалау жөнінде мәліметтер келтірілді.

Үшінші бөлімде жекелеген бағыттар бойынша республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне баға берілді. Бағдарламалық құжаттардың (стратегиялық жоспарлардың, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың) іске асырылуының, нысаналы трансферттердің пайдаланылуының тиімділігіне бағалау жүргізіліп, мемлекет активтерін, соның ішінде оларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пайдалануын, жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі бағаланды (құпия).

Төртінші бөлімде келтірілген өңірлердің экономикалық дамуын талдау және республикалық бюджет қаражатын өңірлердің пайдалану тиімділігін бағалау осы Есептің ерекшелігі болып табылады.

Бесінші бөлімде Есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуын жетілдіру және мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі тұжырымдары мен ұсынымдары баяндалды.

Қосымшаларда Есепке қосымша материалдар келтірілді.

1-қосымша Есептің негізгі кестелік және графикалық деректерін қамтиды.

2-қосымшада Есеп комитетінің 2011 жылғы қызметі, бақылау-талдау іс-шараларының нәтижелері, Есеп комитеті берген ұсынымдардың атқарылуы туралы ақпарат берілді.

3-қосымшада тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат келтірілді.

I БӨЛІМ. 2011 ЖЫЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ



    1. НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

2011 жылға арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы негізінде әзірленген.



2011 жылғы ақпанда және қыркүйекте Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) макроэкономикалық көрсеткіштерді нақтылап, республикалық бюджеттің параметрлерін екі рет заңнамалық деңгейде бекіткенімен, оны 25 рет түзетті.

1-кесте

2011 жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

Р/с№

Көрсеткіштер атауы

2010 жыл

2011 жыл

2011 жылдың ауытқуы (+,-)

іс жүзінде

бекіт.

нақты. (ақпан)

нақты. (қыр-күйек)

іс жүзін.

бекіт.

нақт.

2010 ж. іс жүзін.

1

Жалпы ішкі өнім (бұдан әрі-ЖІӨ), млрд.теңге

21 815,5

21 213,3

23 780,9

26 310,2

27 334,1

6 120,8

1023,9

5 518,6

2

ЖІӨ-нің бұр. жылмен сал-да нақты өзгеруі, %

107,3

103,1

105,0

107,0

107,5

4,4

0,5

0,2

3

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, %

109,2

103,6

104,8

106,0

103,4

-0,2

-2,6

-5,8

4

Ауыл шаруашылықтың жалпы өнімінің көлемі, %

88,4

103,7

105,0

105,0

126,1

22,4

21,1

37,7

5

Құрылыс, %

102,4

100,0

100,0

102,5

102,7

2,7

0,2

0,3

6

Сауда, %

113,5

104,0

107,0

112,0

114,5

10,5

2,5

1,0

7

Көлік, %

107,4

103,0

107,0

107,0

106,8

3,8

-0,2

-0,6

8

Байланыс, %

109,5

106,2

108,0

107,0

118,5

12,3

11,5

9,0

9

Тұтыну бағалары индексі, %

7,8

6,0-8,0

6,0-8,0

6,0-8,0

7,4

1,4/-0,6

1,4/-0,6

-0,4

10

Жұмыссыздық деңгейі, %

5,8

6,4

6,4

6,4

5,4

-1,0

-1,0

-0,4

11

Негізгі капиталға инвестициялар, %

97,0

102,0

105,0

105,0

102,4

0,4

-2,6

5,4

12

Сыртқы сауда айналымы, АҚШ млрд.долл. (ФОБ)*

94,5

86,8

92,8

114,6

129,7

42,9

15,1

35,2

% бұр. жылға

129,5

91,9

98,2

121,3

137,2

45,3

15,9

7,7

13

Экспорт, АҚШ млрд.долл. (ФОБ)*

61,6

53,5

59,1

76,3

88,5

34,9

12,2

26,9

% бұр. жылға

140,0

86,9

95,9

123,8

143,7

56,7

19,9

3,7

14

Импорт, АҚШ млрд.долл. (ФОБ)*

32,9

33,3

33,8

38,4

41,2

7,9

2,8

8,3

% бұр. жылға

113,5

101,2

102,6

116,6

125,2

24,0

8,6

11,7

15

Бюджет кірісі, млрд.теңге

3 626,2

3 940,0

4 147,9

4 346,2

4 451,7

511,7

105,5

825,5

Бюджет кірісінің ЖІӨ-ге шаққандағы үлес салмағы, %

16,6

18,6

17,4

16,5

16,3

-2,3

-0,2

-0,3

16

Бюджет шығындары, млрд.теңге

3 861,0

4 322,7

4 489,4

4 647,4

4 605,1

282,4

-42,3

744,1

Бюджет шығынының ЖІӨ-ге шақ. үлес салмағы, %

17,7

20,4

18,9

17,7

16,9

-3,5

-0,8

-0,8

17

Бюджет тапшылығы, млрд.теңге

554,8

602,5

695,8

730,4

576,0

-26,5

-154,4

21,2

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі мен Статистика агенттігі

2011 жылдан бастап экономика салаларының серпінді дамуы қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсу қарқынына оң әсерін тигізіп, ол 106,1%-107,3% шамасында құбылып отырды.

Экономиканың өсу қарқынының төмендеуіне ықпал ететін нақты бір белгілер болмаса да, 2010 жылғы тамызда бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы төмендетіліп берілген, соның ішінде жалпы ішкі өнім (бұдан әрі - ЖІӨ) бойынша параметрлер 103,1% мөлшерінде көрсетілген, ал іс жүзінде есепті кезеңнің қорытындысы бойынша оның өсімі 107,3% болды.

Сонымен бірге, тұтыну бағалары индексінің болжамы 106-108% шамасында өседі деп көрсетілсе де, ЖІӨ дефляторы 94,3%-ға дейін төмендетілген, нәтижесінде ЖІӨ-нің нақты номиналдық көлемі болжамдық көрсеткіштен 6,1 млрд.теңгеге жоғары қалыптасты.

Мақұлданған болжамдық макроэкономикалық көрсеткіштер 2011 жылғы республикалық бюджеттің болжамдық параметрлерін есептеудің сапасына әсерін тигізді, нәтижесінде оның кірісі іс жүзінде 4 451,7 млрд.теңге мөлшерінде қалыптасты, бұл бастапқы бекітілген бюджеттен 511,7 млрд.теңгеге немесе 13%-ға көп. Бюджет шығындары 4 322,7 млрд.теңге болады деп жоспарланғанымен, іс жүзінде 4 605,1 млрд.теңгені құрады, бұл болжанған көрсеткіштен 282,4 млрд.теңгеге (6,5%-ға) жоғары.

Бюджеттің кірістері мен шығындарының параметрлеріндегі ауытқулар бюджет тапшылығын атқаруға әсер етті, оның нақтыланған мөлшері 730,4 млрд.теңге болып, іс жүзіндегі атқарылуы 576,0 млрд.теңгені құрады.

Кіріс көрсеткіштерін кемітіп жоспарлау салықтық және салықтық емес түсімдерді ұлғайтудың ішкі резервтерінің әлеуетін әдейі төмендетіп, салықтық әкімшілік етудің тиімсіз жүргізілуіне, сыртқы қарыз бен елдің үкіметтік борышы көлемінің өсуіне алып келеді.

Соңғы жылдары ЖІӨ-ні қалыптастыруда мұнай-газ секторының ықпалы күшейіп келеді, ЖІӨ-дегі оның үлесі 2008 жылы 21,8% болса, 2011 жылы 24,6%-ға дейін ұлғайған.



2-кесте

2008-2011 жылдардағы ЖІӨ-ні қалыптастырудағы мұнай-газ секторының үлесі




Көрсеткіш атауы

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

1

ЖІӨ-де мұнай-газ секторының үлесі, %

21,8

22,3

22,6

24,6

2

ЖІӨ-де мұнай-газ емес сектордың үлесі, %

78,2

77,7

77,4

75,4

Қазақстандағы ЖІӨ-нің құрылымы жөніндегі ұсынылып отырған талдау көрсетілетін қызметтердің үлесі (2002 жылғы 50,6%-дан 2011 жылы 51,8%-ға дейін) ұлғайып, тиісінше, тауарлар өндірісі (2002 жылғы 43,8%-дан 2011 жылы 43,5%-ға дейін) төмендеп, ЖІӨ-де құрылымдық өзгерістердің болғанын көрсетеді.



1-диаграмма


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет