10 сынып физикадан директорлық тест
1. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалған автомобиль 10 с ішінде 150 м жол жүрді. Дәл осындай жылдамдықпен ол 3 с ішінде қандай жол жүреді?
А) 30 м; В) 20 м; С) 60 м; Д) 45 м; Е 15 м;
2. Бірдей 10 м/с жылдамдықпен жол айырығынан бірдей уақытта 60º болатын бағыттармен ажыраған екі автомобиль 20 с өткеннен кейін бір - бірінен қандай қашықтықта болады?
А) 150 м; В) 300 м; С) 200 м; Д) 100 м; Е) 250 м;
3. Дене 30 м/с жылдамдықпен горизонтқа 30º бұрыш жасай лақтырған. Осы дененің Жер бетінен ең жоғарғы көтерілу биіктігін анықтаңыз.
А) 11, 25 м; В) 14, 5 м; С) 12, 5 м; Д) 13, 25 м; Е) 10, 5 м;
4. 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан автобусты жүргізуші аялдамаға 50 м қалғанда тежей бастады. Осы кездегі үдеу модулі қаншаға тең?
А) 2 м/с2; В) 1, 5 м/с2; С) 1 м/с2; Д) 0, 5 м/с2; Е) 3 м/с2;
5. Орнынан қозғалған массасы 1 т автомобиль 5 с ішінде 36 км/сағ жылдамдық алды. Автомашинаға қандай тұрақты күш әсер еткен?
А) 1000 Н; В) 1800 Н; С) 2000 Н; Д) 2200 Н; Е) 2500 Н.
6. 2 м/с2 үдеумен лифт арқылы жоғары көтеріліп бара жатқан массасы 70 кг адамның салмағы қанша? А) 140 Н; В) 120 Н; С) 150 Н; Д) 130 Н; Е) 160 Н.
7. Горизонталь орналасқан трибометр тақтайшасының үстімен динамометр арқылы 200 г ағаш білеушені сүйрегенде ол 0, 6 Н - ды көрсетті. Үйкеліс коэффиценті қаншаға тең? А) 0, 26; В) 0, 03; С) 0, 34; Д) 0, 08; Е) 0, 3.
8. Жер бетіндегі салмағы 700 Н адамның массасы Ай бетінде қаншаға тең болар еді? Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі 1, 623 м/с2.
А) 10 кг; В) 10, 5 кг; С) 11, 62 кг; Д) 11, 83 кг; Е) 12, 4 кг.
9. Массасы 40 кг бала 7 м/с жылдамдықпен жүгіріп келіп, 2 м/с жылдамдықпен сол бағытта қозғалған массасы 60 кг арбаға секіріп мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады? А) 5 м/с; В) 3, 6 м/с; С) 4 м/с; Д) 4, 2 м/м; Е) 4, 4 м/с.
10. Үстінде бала отырған массасы 20 кг шананы қар үстімен қозғалыс бағытына 60º бұрышпен 100 м қашықтыққа сүйрегенде қанша жұмыс істеледі? Үйкеліс коэффициенті 0,03. А) 200 Дж; В) 240 Дж; С) 260 Дж; Д) 300 Дж; Е) 280 Дж.
11. Кинетикалық энергиясы 100 Дж және импульсі 50 кг*м/с. Дененің массасы неге тең? А) 15, 0 кг; В) 12, 0 кг; С) 12, 5 кг; Д) 13, 0 кг; Е) 14, 0 кг.
12. Тік жоғары қарай 30 м/с жылдамдықпен лақтырылған массасы 100 г дененің ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
А) 45 Дж; В) 50 Дж; С) 35 Дж; Д) 40 Дж; Е) 450 Дж.
13. 10 м биіктіктен еркін түскен, массасы 2 кг дененің Жер бетіне 4 м қалған кездегі потенциалдық және кинетикалық энергияларын анықтаңыз.
А) 60 Дж, 90 Дж; В) 70 Дж, 100Дж; С) 80 Дж, 120 Дж; Д) 80 Дж, 110 Дж; Е) 70 Дж, 110Дж.
14. Паскаль заңының тұжырымдамасы қалай аталады?
А) Сұйыққа батырылған дене өзінің көлеміндей сұйықты ығыстырып шығарады; В) Сұйыққа батырылған денеге өзінің ығыстырып шығарған сұйығының салмағына тең кері итеруші күш әсер етеді; С) Құбырдың кез келген қимасы арқылы бір мезгілде бірдей көлемде сұйық ағып өтеді; Д) Сұйыққа (немесе газға) түсірілген қысым өзгеріссіз оның барлық нүктелеріне бірдей беріледі; Е) Құбырмен аққан сұйықтың статистикалық және динамикалық қысымдарының қосындысы тұрақты шама болып табылады.
15. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы S1= 10 см3, ал үлкен поршеннің ауданы S2=200 см2. Кіші поршеннің қозғалу биіктігі h1=10 см. Үлкен поршенді дәл осындай биіктікке көтеру үшін кіші поршень қанша рет жүріс жасауы керек?
А) 10 рет; В) 15 рет; С) 20 рет; Д) 25 рет; Е) 30 рет.
16. Су айдағыш мұнараның табанындағы манометр 1, 8*105 Н/м2 қысымды көрсетті. Мұнарадағы су деңгейінің биіктігі қандай? А) 16 м; В) 18 м; С) 20 м; Д) 22 м; Е) 24м.
17. Теңіз деңгейінен 720 м биіктікте атмосфералық қысым қандай болады?
А) 680 мм.. сын. бағ. В) 690 мм.. сын. бағ; С) 700 мм.. сын. бағ; Д) 710 мм.. сын. бағ; Е) 720. мм.. сын. Бағ
18. Құбырдың көлденең қимасы ауданы 10 см2 бөлігіндегі судың ағысының жылдамдығы 0, 2 м/с. Осы құбырдың көлденең қимасының ауданы 3 см3 бөлігіндегі су ағысының жылдамдығы қандай? А) 1, 1 м/с; В) 1м/с; С) 0, 9 м/с; Д) 0, 8 м/с; Е) 0, 7 м/с.
Жауаптары
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
д
|
с
|
а
|
с
|
с
|
а
|
а
|
д
|
с
|
д
|
с
|
а
|
с
|
д
|
с
|
в
|
с
|
д
|
Достарыңызбен бөлісу: |