Ет өндірісінің жаңа технологиясы Орындаған: 311-топ Қожабекова ф расол У



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі1.96 Mb.
#457835
  1   2   3

Ет өндірісінің жаңа
технологиясы
Орындаған: 311-топ Қожабекова Ф
Расол У
Ірі қараның етті бағыттағы қолтұқымдары шет елдерде көптеп өсіріледі. Мұндай қолтұқымдарға - абердин-ангусс, герефорд, шортгорн, галловей, шароле, лимузин, сапта-гертруда, т. б. жатады. Герефорд пен ангус — әлем бойынша ең көп тараған сиыр тұқымдары. Қыстың қатты суығы мен жаздың аптап ыстығына шыдамды. Жайылым талғамайды. Қазақстанның жер бетіне орналасу бедері Канадамен бірдей ендікте, бірдей бойлықта жатыр. Екі елдің климаттық жағдайлары да өте ұқсас. Шөп құрамының құнарлылығы да Қазақстанмен бірдей. Сондықтан Канададан әкелінген малдар еліміздің жеріне тез бейімделеді.
Ірі қара
Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады . Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні ұзын әрі тығыз болып өседі. Бұқаларының салмағы 850-1000 кг, сиырлары 500-550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1,5 жастағы тайыншаларының салмағы 450-470 килоға дейін жетеді. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі. Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы. Бұл Қостанай өңірінде қазақтың ақбас сиыры мен шеттен әкелінген шароле, абердин-ангусс сиырларының бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Қолтұқымның өнімділігі қазақтың ақбас сиырынан 15—20 пайыз көп.
ЕТ ӨНІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
Шұжық дайындау технологиясы 
Тартылган ет (фарш) негізінде тұз, дәмдеуіштер және қоспалар қосып жасалынған, қабықшада немесе онсыз және тұтынуға дайын болғанша жылумен өңделген өнімдер шұжық бұйымдары деп аталады.
Шұжықтардың түрлері өте көп, бүгінгі уақытқа дейін, олардың 200-ге жақын атаулары белгілі.
Шұжық өнімдері - ет турамасынан жасалған және жылулық өнделген өнімдер. Шұжық өнімдері технологиясы мен шикі затқа байланысты жіктеледі:
- пісірілген, фаршталған, жартылай ысталған, ысталған, ливерлі, қанды, ет нандары, паштеттер, зельцтар және сілікпелер;
- ет түріне байланысты – сиыр, шошқа қой, жылқы, түйе, басқа мал еті мен құс етінен жасалған шұжықтар;
- шикізат құрамы бойынша - етті, қанды, субөнімді, емдәмдік;
- шикізат спасы бойынша- жоғары,І-ші, ІІ-ші және ІІІ-ші сұрыпқа;
- қабықша түрі бойынша – табиғи қабықшадағы, жасанды қабықшадағы, қабықшасыз;
- кескендегі суреті бойынша – біртекті құрылымда және қыртысмай қосылған, ірі майдаланған болады.
4 қаннан жасалған шұжық;
5 өкпе – бауырдан жасалатын шұжық;
6 зельцтар;
Шұжық – қазіргі кезде біздің әлемде халықаралық азық ретінде қолданылады. Әлем бөліктерінің халықтары шұжықтардың алуан түрлерін дайындау тәсілдерін тапқан.
Дайындау тәсілдері бойынша шұжықтың келесі түрлері бар:
1 пісірілген шұжық;
2 пісіріліп – ысталған шұжық;
3 шикілей – ысталған шұжық;
4 қаннан жасалған шұжық;
5 өкпе – бауырдан жасалатын шұжық;
6 зельцтар;
Шұжық өндіру жабдықтары.
ЕТТАРТҚЫШТАР
Ет өндiрiсiнде ет кескiш машиналарын - өнiмдердiң ұсақталған бөлiктерiнiң дәрежесiне қарап, оларды iрi, орташа және ұсақ кесетiн машиналар деп бөледi. Осыған сәйкес ет кескiштер орта және ұсақ кескiштерге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет