Кредиторлар мен инвесторлар берілген несиелерді қайтару мен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін бағалау қызықтырады. Кәсіпорын тиімділігін анықтауға арналған құралдар ретінде әртүрлі көрсеткіштер кеңінен қолданылады. Тиімділік көрсеткіштерінің құрамы кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарымен анықталады. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін нәтижелердің шығындарға қатынасы көмегімен көрсетуге болады. Ол үшін әртүрлі көрсеткіштер (қор қайтарымдылығы, материалқайтарымдылығы, Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін нәтижелердің шығындарға қатынасы көмегімен көрсетуге болады. Ол үшін әртүрлі көрсеткіштер (қор қайтарымдылығы, материалқайтарымдылығы, еңбек өнімділігі т.б.) қолданылады. Кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық және қаржы- экономикалық қызметін талдау оның өндірістік әлеуеті мен қаржылық жағдайын бағалау, сондай-ақ, қызметінің негізгі көрсеткіштеріне әртүрлі ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын анықтау үшін қажет. Шаруашылық қызметті талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорын қызметтің даму стратегиясын таңдау, дұрыс шешім қабылдау үшін менеджерлер мен басқа да мүдделі адамдарға ақпарат беру болып табылады. Шаруашылық қызметті талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорын қызметтің даму стратегиясын таңдау, дұрыс шешім қабылдау үшін менеджерлер мен басқа да мүдделі адамдарға ақпарат беру болып табылады. Талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі: 1.Өнім өндіру мен сатуды талдау. Мұнадай талдаудың негізгі кезеңдері мыналардан тұрады: - - өнім өндіру көлемін талдау.
- - өнім ассортиментін талдау.
- - өнім сапасын талдау.
- - өндірістің ырғақтылығын талдау.
- өнімді сатуды талдау.
2.Негізгі өндірістік қорларды талдау. Мұндай талдаудың негізгі кезеңдері келесілер: - Негізгі құралдарың құрылымы мен динамикасын талдау.
- Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау.
- Негізгі құралдарға салынған инвестициялардың тиімділігін талдау.
- Құрал – жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындарын талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |