12 жылдық білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдердің кәсіптік дайындығын жетілдірудің жолдары



Дата12.07.2016
өлшемі73.43 Kb.
#195512
ӘОЖ 371

12 жылдық білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдердің кәсіптік дайындығын

жетілдірудің жолдары

Бексейітова Г.М., Естаева А.О.

ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан
Резюме

В статье рассматривается важность при подготовке учителей в 12 летнем обучении и профессиональная компетентность.

Summary

In this article considers the importance of competence at preparation of teachers.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалау жоғары кәсіби педагогикалық білім жүйесінің функционалды-құрылымдық және мазмұндық өзгертілуін талап етеді. Құрылымдық және мазмұндық ерекшелігі 12 жылдық білім беру жүйесінде дара тұлғалық бағыттылықта болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің психолого-педагогикалық басылымдарда, үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесі негізінде жобалық семинарлар мен ғылыми-практикалық конференцияларда нақтылануда. Кез келген тәжірибе концептуалдық негізге сүйенеді. Сондықтан, 12 жылдық білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлаудың ерекшеліктері деп біз маман даярлаудың көпаспектілі тұжырымдар жүйесінің дамушы және дамымалы білім жүйесінің инновациялық педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижелі табысқа бағдарланған өздігінен үздіксіз шығармашылықпен дамушы мұғалім моделін қарастырамыз. Бұл, біріншіден, мұғалімді даярлауды жетілдіру жоғары кәсіби білім беру жүйесінің дамуының кешенді объективті заңдылықтарының әлеуметтік-экономикалық құрылымдық байланысы, екіншіден, жаңа ғаламдық сұраныс пен талаптарға сай дамушы модель тұлғасын құрастырудың құралы.

Жас мұғалім жұмысының сәттілігі – оны қоғамдық-саяси, жалпы білім беру, арнайы, психологиялық-педагогикалық әдістемелік дайындығымен байланыста болады [1].

Болашақ мұғалімдердің кәсіби деңгейлі білім беру жүйесінде даярлаудың сапасын арттырудың критерийлерін Н.П.Пучковтың тұжырымдамасына сәйкес негізделді. Критерийлердің негізгі нысаны – мұғалімдердің кәсіби біліктілік пен білім аясында қажетті сапалардың көрсеткіштерін бейнелеу. Сапалық көрсеткіштер нормативті кәсіби іс-әрекет сипаттамасы мен жалпы кәсіби сәйкестілік деңгейін сараптауға бағытталған. Нормативтік іс-әрекеттер сипаттамасы білім стандартында жалпы негізделіп көрсетілсе, нормативтік кәсіби білім-біліктілік сипаттамасы жеке тұлғаның қатыстылығымен әр-түрлі деңгейде орындалады [2].

Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында, мұғалімнің білім, біліктілік, шеберлік, құзіреттілік, кәсіби табыстылық деңгейлерін анықтауға жүйелі топтастырылған критерийлер тобын пайдалану қажет екендігін көрсетті. Критерийлер тобының жүйелілігін көрсете отырып, мазмұнын ашуға талпыныс жасалды (Кесте 1):


Кесте 1. Болашақ мұғалімнің кәсіби білім-біліктілік критерийлер сипаттамасы


Критерийлер

Белгілері

Сипаттамасы

Объектілік



Болашақ мұғалім педагогикалық кәсіп талаптарына қаншалықты сай болса, әлеуметтік тәжіребиеге де соншалықты үлес қосады;

Мұғалімнің кәсіи іс- әрекетінің міндеттерін білім беру жүйесінің талаптарына сай табысты шешу мүмкіндігі;

Субъектілік


Болашақ мұғалімнің кәсіби талаптарды орындауда кәсіби талаптарға қанағаттану табыстылыққа өзін-өзі бағдарлау

Болашақ мұғалімнің нәтижеге бағдарлы кәсіби бағыттылығы кәсіби еңбектің жеткілікті деңгейдегі жоғары табыстылы-ғы кәсіби тұрақытылық бірлігі

Нормативтік

Болашақ мұғалімнің стандартты эталондарын меңгеруінен кәсіби шеберлік деңгейіне талпынуы

Кәсіптік нормаларын игеру арқылы еңбектің өнегелі үлгілерін туындау.

Даралық



Кәсіби біліктілік дәрежесі тұлғалық өзіндік даралығымен жеке басының сұраныстарын қанағаттандыру жолында кәсіби арнаның қозғаушы күші

Кәсіби құнды нормаларды меңгеріп, кәсіби іс-әрекеттің орындалуында өзіндік ерекшелігімен, шығармашылығымен өзін жетілдіру нәтижесінде кәсіби сапа дәрежесін көтеру туындайды.

Өзектілік

Бүгінгі күнгі талаптардың межеле-ріне кәсіби біліктілік деңгейінің талаптары жету-жетпеуінен сапалық дәрежесі

Біліктілік-шеберлік деңгейлерінің қалыптасуына қажетті білім-іскерлік-сапа межелері туындайды.

Болжамдық

Мұғалім жеке өз-басының кәсіби қалыптасуының шегін бағамдауы-мен, жалпы өсуінің перспективасын іздеуі, кәсіби диагностика

Болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуының шектерін сипат-тайды; кәсіби-тұлғалық пен әлеуметтік мүмкіндіктері дамытушылық, ынталандырушылық дәрежесін туындайды.

Кәсіпке үйрену жарамдылығы

Кәсіби педагогикалық бейімділігі әлеуметтік тәжірибені қабылдауға дайындығы, қажеттілігін түсіну деңгейі.

Қоғамдық-әлеуметтік жаңалық-тарды, ғылыми-практикалық іс- әрекетте пайдалануға ықыласы кәсіби әрекеттілік туындайды.

Шығармашылық

Жинақталған тарихи-тұлғалық тәжірибені қайта қарауға, кәсіби біліктілікті шеберлікке жеткізуге ұмтылу іс-әрекетінің дербес шығармашылық дәрежесі.

Өзіндік шығармашылық бағытта жоғары кәсіби іскерлікті көрсе-ту арқылы беделін көтеру дәрежесі туындайды.

Әлеуметтік белсенділік

Кәсіби талаптардың орындалу аясында қоғамның дамуына үлес қосу деңгейі;

Кәсіпке берілген адалдық мазмұнымен қоғамды дамытуға, өзгертуге, түрлендіруге қосатын үлесінен туындайды.

Бәсекелестікке қабілеттілік

Білім беру нарқындағы бәсекелестік қатынастарға өз жұмысының әдістері мен түрлерін көрсете отырып, кәсіби құнды сапа дәрежесі

Болашақ мұғалім кәсібінің ішкі мүмкіндіктерін жарыққа шыға-рып, даралау нәтижесінде дербес шығармашылық ізденістің әрекетінен туындайды.

Сапалық

Мұғалімнің кәсіби іскерлік санасы, сапалық бағана өлшемдері (білім тереңдігі, жүйелілігі, ойлау әрекет).

Сапа-сандық деңгейінде белгіленуінен мұғалімнің кәсіби білімі-біліктілігі сарапталатын қорытындылау дәрежесі туындайды.

Ұсынылған критерийлер өлшемінің жүйелік тобы үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде даярланған мұғалімнің кәсіби тұлғасының моделі қандай болмақ деген сұраққа жауап беруге негіз болады.

Деңгейлік топтарда саралап оқыту әдісі бойынша іскерлік қабілеттерді дамыту және өздігінен жетілдіру жолдары бағдарланған. Бұндай әдіс-тәсілдерді ықшамды және ұтымды пайдалану мақсатында болашақ мамандардың кәсіби бейімділігін компьютерлік тест технологиясын пайдалану арқылы мамандандыру процесінің тұлғалық-деңгейлік мүмкіндігін қарастырдық. Бұған дейін педагогикалық ғылыми әдебиеттерді талдауымыздан белгілегеніміз болашақ маман даярлауда педагогикалық технологиялар, кәсіби бейімділікті, қабілеттілікті дамыта деңгейлеп оқыту, өздігінен білім алу сияқты құнды бағыттар дараланып зерттелген. Дегенмен, бүгінге дейін кәсіби педагогикалық даярлау компонентері мен критерийлері нақты жасалғанына қарамастан, мұғалімді дайындау саласында оның практикалық жүзеге асыруы әлі де төмен деңгейде қалып отыр.

Сонымен, дамыта оқыту технологиясы бойынша кәсіби-тұлғалық даралығын табыс нәтижесіне бағдарлы білімдендіру бойынша болашақ мұғалімнің кәсіби потенциалын дамыту көзделген .


1-сурет. Болашақ мұғалімдерді даярлауда кәсіби білімдендіру негізінде кәсіби потенциалын дамыту

12 жылдық білім беру жүйесінде болашақ мұғалім даярлаудың міндеті жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, кәсіби-тұлғалық табыс нәтижесіне бағдарлы педагогикалық технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі – кәсіби білімдендіруді кәсіби өзін-өзі айқындау арқылы кәсіби шеберлікке мақсатты жету болып табылады. Сондықтан болашақ мұғалімдердің кәсіби танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұны, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының), өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Бұл педагогикалық технология жүйесінің мақсаты – кәсіби педагогикалық білімдендіруді ізгілендіру яғни студенттердің өздігінен кәсіби-танымдық іс-әрекетін жүргізе алатын қабілеттерін дамытып, машықтандыру болуы керек

Педагогикалық технология жүйесі дегеніміз – білімдендіру процесінде мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазірігі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұны, форма, әдіс-тәсілдердің, дидактикалық талаптарының психолого-педагогикалық нұсқауларының жиыны. Сондықтан, бүгін жоғары оқу орнында педагогикалық технология жүйесінің әдіснамалық талаптарын, салаларын, құрылымын, қолдану деңгейлері мен кезеңдерін саралай отырып, мамандандырудың алғашқы қадамынан оқу-тәрбие үрдісінің педагогикалық шарттарының мәнін, әдістерінің, іс-әрекеттерінің өзара жүйелік бірлігінің моделін құрастыруға талпыныс жасалды (Сурет 2).



2 - сурет. 12 жылдық білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлаудың ерекшеліктері

Кәсіби-тұлғалық табысты нәтижеге бағдарлы педагогикалық технологиялар жүйесі болашақ мұғалімнің кәсіби шығармашылық қабілеттерін интенсивті арттыруға өз үлесін қосады. Сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби-тұлғалық шығармашылығын арттыруда кәсіби бағдарлы деңгейлі дамыта білімдендірудің маңызы ерекше [3].
Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы. 2010.-8 б.



2. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. //Егемен Қазақстан. –15 желтоқсан, 2012ж.

3. Омарова Р.С. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері. Монография.– Ақтөбе, 2010.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет