127) Өкпе туберкулезін DOTS-стратегиясы бойынша диагностикалаудың негізгі әдісі:
Қақырықтың бактериоскопиясы +
Бронхоскопия
Өкпе рентгенотомографиясы
Өкпенің компьютерлік томографиясы
Иммунологиялық зерттеу
128) Көп мөлшерде іріңді қақырықтың бөлінуі мына жағдай үшін тән болып келеді:
Ошақтық пневмония
Созылмалы бронхит
Бронх демікпесі
Құрғақ плеврит
Өкпе абсцесі +
129) Газ шығару түтігін шекке мына тереңдікке енгізеді:
5-10 см
20-30 см +
40-50 см
60-60 см
65-75 см
130) Рахиттің бастапқы кезеңінің симптомдары:
Әлсіздік, температурасының жоғарылауы
Гипотония, рахиттік білезік
Мазасыз, тершең, ұйқы кезінде шошығыш +
Бас сүйектің деформациясы, қабырғаларындағы рахиттік дөңестер
Аяқтары X- немесе O- тәрізді
131) Пациенттің сол жақ бел тұсында өте күшті ұстамалы ауырсыну пайда болып, шап аймағына тарады. Пациент беймаза. Болжамалы диагнозды атаңыз:
Жедел аппендицит
Бүйрек коликасы +
Ойық жараның тесілуі
Ішек өтімсіздігі
Қыстырылған жарық
132) Бүйректің функционалды күйін бағалайтын несеп анализі:
Зимницкий сынамасы +
Нечипоренко сынамасы
Жалпы несеп анализі
Несептің бактериологиялық зерттеуі
Амбюрже сынамасы
133) Жаңа туған баланың сепсисіне жеткізетін ауру:
Омфалит +
Физиологиялық сарғаю
Жедел респираторлы ауру
Аузы уылуы
Кефалогематома
134) Гипертиреоз кезінде қандағы тиреоидты гормондардың мөлшері:
Жоғарылайды +
Төмендейді
Қалыпты болады
Өзгермейді
Күрт төмендейді
135) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің ауыртпалық дәрежесін атау үшін көрсеткіштер деңгейіне қарайды:
Артериялық гипертензия
Зәрдегі креатинин +
Зәрдің меншікті салмағы
Қандағы кальций
Протеинурия
Достарыңызбен бөлісу: |