Мұқыры ауылдық округінің әкімі Е.Нұрмуханбетовтың 2013 жылы 9 ай ішінде атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есепті баяндамасы
14 қазан 2013 жыл
Құрметті ауыл тұрғындары !
Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын іске асыру мақсатында, бүгін мен Сіздермен кездесіп округ бойынша атқарылып келген жұмыстармен таныстырып, сіздердің ой-пікір, ұсыныстарыңызды тыңдайтын боламын.
Елбасымыздың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында туындайтын міндеттерді жүзеге асыру негізінде ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы Қазақстан халқының ел ертеңіне деген сенімін арттырып, айтулы игі істер атқарылып, халықтың әл-ауқатын арттырудың бағытын нақты айқындап берді. Осы Жолдау негізінде ауылдың экономикасының салаларында біршама жұмыстар атқарылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді. Барлық салаларда өндіріс қарқыны сақталып, даму көрсеткіштерінің ілгерілеуі байқалады.
Алдыңғы есепті кездесу барысында ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныстар мен өтініштері бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Округте халықтың саны 3210 адам, Мұқыры және отгон учаскелерін қосқанда 2675 адам, Қазақстан ауылында 535 адам . Зейнеткерлердің саны – 236 адам, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері – 1, Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек істеген қарттар – 34 адам, І-ІІ топтағы мүгедек саны - 60 , ІІІ топтағы мүгедек – 13 адам. Көп балалы аналар саны 103, оның ішінде «Алтын алқа» медальмен марапатталғандар - 38, «Күміс алқа » алғандар саны 54 ана. Айтар болсам, әр сала бойынша :
Өнеркәсіп саласы бойынша округте «Строитель» жауапкершілік серіктестігі 2013 жылы 9 ай ішінде 183 771 мың теңгеге 12685 тонна өнім өндірді.
Ауылшаруашшылық саласында: Негізінде округте ауылшаруашылық бағыты жақсы дамыған . Округте 318 шаруа қожалығы енбек етеді.
Округтегі ауылшаруашылықтың жер көлемі 53577,92 гектар, оның ішінде жайылым 50 822 гектар,егістік жерлер 2872 гектар,оның ішінде суармалы жер 1740,43 гектар, тәлімді 1132 га.
Күзгі дәнді дақылдарды егу жұмыс барысы жайлы
Дақыл түрі
|
Берілген жоспар га
|
Себілгені га
|
Пайызы
|
Күздік бидай
|
370
|
345
|
93,2
|
Сүдігер жырту жұмыстары
Жұмыс түрі
|
Тапсырма га
|
Орындалғаны га
|
пайызы
|
Сүдігер жырты
|
650
|
380
|
58,5
|
Оның ішінде: терең сүдігер жырту
|
240
|
0
|
0
|
Күзді егіс жинау жұмыстары жайлы
Дақыл түрі
|
Егілген көлем га
|
Жиналған көлем га
|
Орташа өнімділік Ц/ГА
|
Түскен өнім тн
|
Орындалу пайызы
|
Күздік бидай
|
370
|
370
|
30,0
|
1110
|
100
|
Жаздық бидай
|
150
|
150
|
22,0
|
330
|
100
|
Жаздық арпа
|
290
|
290
|
24,0
|
696
|
100
|
Дәндік жүгері
|
20
|
20
|
62,0
|
124,0
|
100
|
Күнбағыс
|
30
|
30
|
14,0
|
42,0
|
100
|
Картоп
|
110
|
110
|
193,0
|
2123,0
|
100
|
Көкеніс
|
100
|
100
|
318
|
3180,0
|
100
|
Бахша
|
11
|
11
|
186
|
204
|
100
|
Май бұршақ
|
1037
|
230
|
28,0
|
644,0
|
22,1
|
Күзгі егіс жинау жұмыстарында жүрген комбайндар саны
Техника түрі
|
Қолда бары
|
Сырттан келгені
|
Барлығы
|
Комбайн
|
4
|
7
|
11
|
Округі бойынша 2013- 2014 жылғы қыс маусымына дайындалған мал азығы
№
|
Елді мекен атауы
|
Дайындалған шөп. тн
|
1
|
Мұқыры ауылы
|
3400 тн
|
2
|
10 жылдық Қазақстан ауылы
|
670 тн
|
3
|
Шаруа қожалықтары
|
3930
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
8 000 тн мал азығы дайындалды.
|
2013 жылға егіс суын пайдалануға «Көксуирригация» су шаруашылығына шаруа қожалықтарының келісім шартқа отыру жұмыстары : бүгінгі таңда округке қарасты барлығы 215 шаруа қожалығы келісім шартқа отырып, 102,0 пайыз жұмыс аяқталды. Пайдаланған суға төленетін қаржы 2 199 294 теңге, оның төленгені 1 529 294 теңге, қалғаны 670 000 теңге. Пайызы 70,0.
Мал шаруашылығында меншіктің барлық түрлерінде мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жалғастырылып, мал бастарының өсуі, мал өнімділігінің артуы байқалады. Мал басы мен құстардың саны көбейді.
Ірі қара малды қолдан ұрықтандыру бойынша мүйізді ірі қара тапсырма 1006 бас, қазіргі таңда ұрықтандырылғаны 970 бас. Орындалғаны 96,0 пайыз.
«Қайнар Көксу » шаруа қожалығы қой тұқымын асылдандыру бағытында ғылым институтымен бірлесіп келісім шартқа отырып, асыл тұқымды статусымен жұмыс жасап жатыр.
Асыл тұқымды малдың үлесін арттыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша округте «Қайнар Көксу» шаруа қожалығы 13 млн. 700 мың теңгеге 76 бас ірі қара мал, «Ұлан» шаруа қожалығы 19 млн. 500 мың теңгеге 61 бас Әулие – көл сиырының тұқымын алды. «Жұмабек » шаруа қожалығы 7 млн. теңгеге 31 бас ірі қара мал алып асыл тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізуде.
Ветеринария саулығын қамтамасыз етуге, аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу профилактикалық және диагностикалық жұмыстар толық жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Шағын және орта кәсіп саласы бойынша : 2011-2016 жылдарға арналған ауданның әлеуметтік дамуы туралы стратегиялық жоспарының жұмыстары үнемі бақылауда. Округте 8 дүкен, 5 тамақтандыру орталығы, 1 дөңгелек жөндеу орталығы мен 3 жылы жай халыққа қызмет көрсетеді.
Салық жөнінде мәлімет :
Салық түрлері
|
2012 жылы жиналғаны мың.теңге
|
2013 жылы жиналғаны мың теңге
|
Көрсеткіші
|
тапсыр
|
Орынд.
|
Көрсеткіш
|
тапсырма
|
Орынд.
|
Көрсеткіш
|
Мүлік салығы
|
55
|
56
|
1020,
|
32
|
32,1
|
103,0
|
57,3
|
Жер салығы
|
251
|
251
|
100,0
|
299
|
299,7
|
102,0
|
119,0
|
Барлығы
|
306
|
307
|
100,3
|
331
|
331,8
|
100,2
|
108,0
|
Ауылдың экономика саласында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде төмендегі әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапты. Әлеуметтік салада халықты жұмыспен қамту шаралары аясында жаңа жұмыс орны тапсырма бойынша 20, ашылғаны жыл басынан 17 . Орындалғаны 85,0 пайыз. Қоғамдық жұмыстарға тарту тапсырма бойынша 15 адам, жұмысқа тартылғаны 18. Кәсіби даярлауға жіберілген азаматтар саны 2, тапсырма 3, орындалғаны 66,6 пайыз .Жұмыссыз азаматтар тіркелгені 61, жоспар 41, жұмысқа орналасқаны 44. Орындалғаны 107,0 пайыз.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы негізінде округтен 2 азамат микрокредит алды.
Орта білім беру жұмыстары білім беру бағдарламасына сәйкес іске асырылуда. 2013-2014 оқу жылында 2 орта мектепте 434 оқушы, мектеп алды даярлық саныптарда 50 бала оқытылады.
Негізгі міндетіміз білім ошақтарында материалдық техникалық жабдықталуын қамтамасыз етіп, білім алуға барлық жағдай жасау.
Оқушылардың толық сапалы біліммен қамту үшін оқу жылынан бастап 10 жылдық Қазақстан орта мектебіне ЛСП учаскесінен 3 бала тасмалданып оқытылады, оғын бөлінген қаржы 101 000 теңге. 2 білім ошағы компьютерлік техникамен жабдықталып, түгелдей интернет желісіне қосылған. 2013 жылы 11 сыныпты 21 оқушы бітіріп, Ұлттық Бірыңғай тестке 21 оқушы қатысты. Тестілеудің қорытындысы 78 пайыз көрсетті . Грантқа жоғары 8 оқушы, колледжге 7 оқушы түсті. 6 оқушы ақылы оқуға түсті.
Биылғы жылы Жалпы Республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша «Болашақты бірге жасаймыз» атты тақырыпта 22 тамызда Жапсарбаев атындағы шағын орталығы бар орта мектебі мен 10 жылдық Қазақстан атындағы орта мектебінде акция өткізілді.Өткізілген акцияның мақсаты округтегі аз қамтылған отбасылары мен жартылай жетім балаларға мектеп формасы мен құрал жабдықтарымен қамтамасыз ету. Акция барысында аты аталған мектептер бойынша 804 500 теңге жиналды. Жиналған қаржыға жартылай жетім мен көп балалы отбасы балаларына оқу құралдары мен мектеп формасымен қамтамасыз етілді.
Жылыту маусымы бойынша : Жапсарбаев атындағы мектепке дейін шағын орталығы бар орта мектебі үш қабатты ғимарат, типтік 640 орындық. Жалпы алаңы 2730,5 шаршы метр, оған бөлінетін сұйық отынның мөлшері 28 260 литр, қазіргі таңда алынғаны 10 000 литр.
10 жылдық Қазақстан атындағы орта мектебі 545 шаршы метр, оған қажет сұйық отын 6648 литр, қазіргі таңда 6648 литр толық берілді.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету үшін «Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында Мұқыры ауылында «Қызғалдақ» балабақшасына 50 бүлдіршін баруда. Бүгінде округте 100 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.Балабақша ғимараты 2 қабатты, жалпы көлемі 636 шаршы метрге лимит бойынша 8 900 литр бөлінді, қазіргі таңда 4000 литр алынды.
Денсаулық сақтау саласында Біздің ауылдық округте Мұқырыда 1 дәрігерлік амбулатория мен Қазақстан ауылында 1 Ф П жұмыс жасайды. Толық жабдықталған. Зертхана, ЭКГ, физкабинет, күндізгі стационар жұмыс жасайды. Жедел автокөлігімен қамтылған. 2013 жылы 9 ай ішінде туған балалар саны 43,қайтыс болған адамдар саны - 15.Табиғи өсім + 28 адамға . Округ бойынша жұқпалы аурулар тіркелмеген.
Инфрақұрылымдарды дамыту бойынша «Сапалы ауыз сумен қамту» мақсатында Мұқыры ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары толық жүргізілді. Қазіргі таңда Мұқыры ауылының тұрғындары ауыз сумен тәулік бойы толық қамтылып отыр.
Округ аумағындағы мәдени-саяси шаралар белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Округ аумағындағы мәдени- саяси шаралар бойынша: 1 мәдениет үйі мен театр жұмыс жасайды.
Театр қызметкерлері Жаркент аудандарын және Көксу ауданындағы барлық округтерді аралып «Алтын сақа» «Көреріңді көрмей....» атты қойылымдары қойылуда.
Спорт саласы бойынша бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2013 жылғы бекітілген жоспар бойынша ауыл тұрғындары мен жастар және мектеп оқушылары, мекеме қызметкерлері арасында мереке күндері мен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері мен Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне еске алу шаралары ұдайы өткізілуде.
Байланыс пен пошта саласы негізінде пошта ғимараты жұмыстарын атқаруда. Тұрғындарға округте осы пошта бөлімшесі, 1 АТС қызмет көрсетеді. Тұрғындардың пайдаланысында 304 телефон номерлері бар. Интернет жүйесімен округ бойынша 64 адам қосалды. Ауыл тұрғындарын толық интернет жүйесімен қамту үшін жаңа абоненттік қатынау шкафын орнату қажет.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды жасақшылыққа тарту мен жергілікті қылмысқа күрес, оның алдын алу және қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын ерікті жасақшылар тобы құрылған. Бекітілген кесте бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда округ бойынша 7 қылмыстық жағдай тіркелді, оның ішінде 4 ашылды. Округ бойынша қылмыстың ашылу көрсеткіші 57,0 пайыз .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізінде : округ бойынша «2011-2015 жылдарға арналған Көксу ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша аймақтық» іс шаралар жоспары жөнінде «Мұқыры ауылдық әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен рәсімдерін жетілдеру жұмыстары уақытылы жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 « Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы » қаулысын басшылыққа алып тұрғындарға сапалы қызмет көрсету жұмыстар жүргізіледі.Округ аумағында азаматтардың енбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, заңсыз жұмыстан шығару, енбек ақы төлемеу жағдайларын болдырмау үшін шаруа қожалықтары мен басқадай жұмыс берушілермен жұмыс қадағалауда. Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарының бұзылуының алдын алуға және жеке меншікке берілген жердің заңсыз қайта бөлінуіне жол берілмейді. Сыбайлас жемқорлық бойынша жұмыстар уақытылы жүргізіледі.
Биылғы жылы атқарған жұмыстар :
-
110 орынды бала бақшаға 121 602 924,80 теңге ақша бөлінді. Бас медігер ЖШС «Строитель». Қазіргі уақытта бала бақшада 85 адам жұмыс істеуде. Жұмыс уақытылы жүріп жатыр, осы қарқында жұмыс атқарылса қазан айының аяғында жаңа бала бақша ашылады.
-
Бөлекші учаскісіндегі суармалы егістік жерлерге дренаж қазу жұмыстары жүргізілді. Аудан көлемінде дренаж қазуға барлығы 28 млн теңге бөлініп, сол қаржы есебінен округке қарасты Д6 дренажы ұзындығы 616 метр және Д7 дренажы ұзындығы 2 км 170 метр қазылу жұмыстары жүргізілді.
-
Ауылшаруашылық техникаларын жаңарту мақсатында округте «Нұрлан» шаруа қожалығының басшысы О.Жапарбеков 1 дана және «Қайнар Көксу» шаруа қожалығының басшысы Ә.Оразбеков 2 дана жаңа МТЗ-82 тракторын лизинг бойынша алды. «Дамир» шаруа қожалығының басшысы К.Кибаев жаңа астық шабатын 1 дана комбайын алды.
-
Ауыл ішіндегі көшелерді жөндеу, тегістеу негізінде Мұқыры ауылындағы 2 көшеге грейдер жүргізіліп тегістелді және 3 көшеге көпір салынды. Атап айтқанда :Байсейтова мен Сейфуллин көшелеріне грейдер жүргізілді.Ал, Сейфуллин, Мақатаев және Жексенбай көшелеріне көпірлер салынды.
Алдағы жылы әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң қарқынды сақтау мақсатында, экономиканын нақты секторын мүмкіндігінше дамыта отырып, әлеуметтік саланы дамытуға халықтың әл-ауқатының жақсартуына, ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдарды дамуына бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар :
Алдағы жоспар бойынша төмендегі іс шараларды атқаруға жұмыстар жүргізу:
-
Мұқыры ауылындағы ескі балабақшаның күрделі жөндеу жұмысын уақытылы аяқтауын қадағалау.
-
Округ бойынша тазалық айлығын уақытылы жүргізу.
-
Ауыл ішіндегі көшелерді жөндеу, тегістеу үшін жұмыстар жүргізу.
Құрметті ауыл тұрғындары !
Сіздерге ауыл әкімінің жұмысын қолдап, оған түсінікпен қарағандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Алда әліде талай игі іс шаралар атқарылады. Қорыта айтқанда, қазіргі кезде жүргізіліп жатқан жұмысымыздың ауыл тұрғындарының тұрмыстық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Ауылымыздағы жеткен жетістіктерімізді сақтай отырып, алға қойған мақсаттарды іске асыру жолында Ел бірлігіне, Елбасы саясатына, ауыл халқының игілігі жолында жаңаша ойлап, жақсы істер атқаруға ұмтылу, бүгінгі заман талабы. Осы талапты орындау менің ауыл әкімі ретінде ұстанатын ең басты ұстанымым болып табылады.
Тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |