Корнеевка ауылдық округі әкімінің 2015 жылдың қорытынды және 2016 жылға міндеттері туралы есебі Ауыл шаруашылығы



Дата21.06.2016
өлшемі72.08 Kb.
#151338
Корнеевка ауылдық округі әкімінің 2015 жылдың қорытынды және

2016 жылға міндеттері туралы есебі

Ауыл шаруашылығы.

2015 жылы 17 шаруашылық қожалығы 5243 га жерге егін екті. Оның ішінде 2520 га бидай, 2723 га арпа.

Шаруа қожалықтары 5800 тонна мал азығын дайындады.

Ауыл шаруашылығының негізгі бөлігі мал шаруашылығы болып табылады. 2015 жылдың 1 шілдесіне на 2014 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда Ірі қара малдың басы 433 басқа көбейді, 106 пайызға, қой мен ешкі 605 басқа көбейді, 101 пайызға, жылқы 225 басқа көбейді, 116 пайызға. Шаруашылық қожалықтарында 651 бас асыл тұқымды ет бағытындағы ірі қара мал өсіріледі. Округ бойынша 3 шаруашылық қожалықтар асыл тұқымды қазақтың ақбас тұқымын өсірумен жұмыс жүргізіп жатыр. Олар «Жалғас», «Ұлан», «Береке» шаруашылық қожалықтары. 11 шаруашылық қожалықтары «Рахат», «Болат», «Керней», «Абу», «Весна», «Жексенбек», «Заря», «Медет», «Ақжар», «Қалтай», «Қапсаттар» асыл тұқымды бұқа сатып алып мал тұқымын асылдандыруда.

Өз қаражаттарымен Ақжар ауылының жеке шаруашылықтары «Жалғас», «Береке», «Улан», «Рахат» малдың басын көбейту үшін қыстақтарда мал қораларын, тұрғын үй ғимараттарының құрылыстары салынды. Осы шаруашылық қожалықтарының малдары қыстақтарда ұсталынады.

«Ұлан» шаруа қожалығы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша электр тасымалдау желелері тартылып, қыстаққа электр қуаты өткізілді.

Алғабас ауылындағы жеке шаруашылықтар, «Медет», «Қапсаттар» мал шаруашылығын дамыту үшін, мал басын сатып алып, мал қора құрылыстарын кеңейтуде және «Ауыл шаруашылық қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы жаңа ауыл шаруашылық техникасын сатып алды. Осы акционерлік қоғамы арқылы «Заря», «Болат», «Салтанат», «Қапсаттар», «Медет» шаруашылық қожалықтары да ауыл шаруашылық техникаларын жаңартты.

Есептік мерзімде өте қауіпті мал аурулары бойынша профилактикалық – ветеринариялық іс-шаралар жоспары орындалды, төрт ауруға қарсы егу жүргізілді. Екі ауру бойынша тексеру өткізілді. Бруцеллез ауруы бойынша 10 ірі қара мал басы анықталды. Ветеринария дәрігерінің қадағалануы бойынша ауруға шыққан малдар толық тапсырылды.

Округ аумағында 1 мал сою алаңы әрекет етеді «Абу» шаруашылық қожалығы.

Ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселенің бірі мал басын бірдейлендіру. 2015 жылы мал басын бірдейлендіру 100 % орындалды. Ірі қара мал – 2022 бас, ұсақ мал – 2500 бас, жылқы – 500 бас, шошқа – 30 басқа.

Есепті жылда жер қатынастары саласында нақты жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жер учаскелерін түгендеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жөнінде жұмыс жүргізілді.

Есептік мерзімде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жер учаскелері түгендеу шаралары жүзеге асырылды. Округ бойынша егістік жердің көлемі 11712 га, оның ішінде 7017 га қолданыста, 4695 га жер қолданыста жоқ (залежь), оның ішінде 1200 га жер учаскесі мемлекетке кері қайтарылды. Игерілмей жатқан жерлер тиімді пайдалану бойынша жұмыстар 2016-2018 жылдары жалғасын табады, әр шаруа қожалық басшыларымен істейтін жұмыстары туралы жоспар құрылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Округ бойынша 75 шағын және орта бизнес субъектілері қызмет етуде, оларда 180 адам қамтылған – бұл экономикалық белсенді халықтың 15,1%.

Энергетика және көркейтуді дамытуға тиісті жұмыс жүргізілді. Электр тасымалдау желілерін күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары атқарылды. Корнеевка, Ақжар, Алғабас ауылдары бойынша 13 КТП ағымды жөндеу жұмысы өткізіліп, сымдары, изоляторлары ауыстырылды.

Округ бойынша санитарлық тазалау және көркейту жұмыстарында 14 еңбек ұжымы, 150 адам қатысты.5 гектардан астам аумақ тазартылды. 2 рұқсат етілмейтін үйінді жойылды, ескі мешіт және апатты Керней орта мектебі ғимаратының орындары толығымен тазартылып тегістеу жұмыстары жүргізілді. 25 жарық нүктесі жөнделді, 25 ағаш реттеліп қиылды, 50 дана ағаш егілді, 5 бірлік техника жұмысқа тартылды. «Девианттық мінез-құлықты балалар үшін арнаулы мектеп-интернаты»-ның директоры Арал Ержанов Корнеевка ауылында орналасқан ҰОС арналған «Ескерткіш-мемориалды» өз қамқорлығына алып жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Корнеевка халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету барысында 2013 жылы «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Корнеевка ауылына 25,5 қашықтыққа су құбыры өткізілген. Бүгінгі күні су құбыры бөгетсіз жұмыс істеуде, су жеткілікті. Тұрғылықты халықтан наразы жоқ.

Үш елді мекенде телефон байланысы орнатылған. Корнеевка ауылы бойынша Aktiv, Kcell және Beeline операторларының ұялы байланыс қызметін пайдаланады.



Әлеуметтік саланы дамытуға ерекше назар аударылуда. Білім беру саласындағы жұмыс материалдық-техникалық базаны нығайтуға, шағын орталықтарды дамытуға, сапалы білім қызметін беруге бағытталған. Оқу орындары материалдық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жаз айларында мектептерде оқушыларды сауықтыру мақсатында 5 маусымдық сауықтыру лагерлері жұмыс істеді.

Жыл сайын «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Жеке кәсіпкерлер Галина Матвиенко, Дулат Калдыбаев демеушілік көмек көрсетті. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары толықтай ыстық тамақпен қамтылған. Округ бойынша 4 бала аудан әкімінің шыршасына қатысып сыйлықтарын алды. Керней, Ақжар, Алғабас ауылдарында жаңа жылдық шырша өткізіліп, мектеп жасына дейінгі балаларға жаңа жылдық сыйлық таратылды. Демеушілер Сакен Сармантаев, Торжан Сармантаева, Ерсин Есентаев, Галина Матвиенко, Нурлан Айбасов, Айгуль Жумакаева, Құсниден Есентаев, Аскар Қалдыбаев, Мереке Дюсембаев.

2011-2015 жылдарға араналған «Саламатты Қазақстан» бағдарлама аясында дене шынықтыру және спорт түрлерін әрі қарай дамыту мақсатында Керней ауылында көрші ауылдарымен мекемелер арасында футболдан, волейболдан жарыс өтіп тұрады. Аудандық жарыстарға қатысып жүлделі орындар иеленуде. Алғабас ауылында қыс мезгілінде мұз айдынында сырғанақ тебуден әр түрлі спорттық ойындар өткізіледі. Осы ауылда екі мұз айдыны құйылған.

Денсаулық сақтау саласында «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2013 жылы учаскелік ауруханаға ағымды жөндеу жұмысы жүргізілді. Білікті және мамандандырылған көмектің қолжетімділігі үшін жылжымалы медециналық кешен жұмыс істеді. Жыл сайын туберкулез ауруын алдын алу үшін ауыл тұрғындары жылжымалы флюротексерістен өтеді. Ауылдық ауруханаға дәрігер жетіспеушілігі проблемасы округті бар, аптасына бір рет аудан орталығынан терапевт және педиатр дәрігерлері келіп қабылдау жүргізеді, жедел жәрдем көлігі жаңартуды қажет етеді. Қант ауруы, қан қысымы, жүрек ауруымен ауыратын зейнеткерлер тегін дәрі дәрмекпен көмек көрсетіледі.

2015 жыл маңызды мәдени оқиғаларға толы болды. Қазақстан халқының Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің – 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, атаулы іс-шаралар округ бойынша жоспарға сәйкес өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бүгінге дейін ең басты басымдылыққа айналып отыр, жастар жұмыссыздығына, табыстары аз отбасылар және өз-өзін жұмыспен қамтамассыз ету.

Жастар тәжірибесінен жоғары оқу орынынан 1 түлек өтті.

Есептік кезеңде 90 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде тұрақты жұмысқа 45 адам орналастырылды. Әлеуметтік жұмыстарға 3 адам бағытталды. Жұмыспен қамту «Жол картасы - 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша қажетті кәсіптер бойынша 2 адам жұмыссыз-кәсіптік оқу оқыды.

Бұқар жырау ауданының «Жұмыспен қамту бөлімі» арқылы шаруа қожалықтары «Жалғас», «Ұлан», «Абу», «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша өзара келісімшарт жасалып жұмыссыз 11 адамды 1 жыл мерзіміне әлеуметтік жұмысқа орналастырылды.

Кәсіпкерлерді дамыту мен қолдау мақсатында Торжан Сармантаева «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша Керней ауылында қоғамдық монша салып, ал жеке кәсіпкер Асыл Саршинов өз қаражатымен ауылға мешіт тұрғызды.

Үшінші бағыт бойынша - Перизат Шержанова Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжін үздік аяқтап Корнеевка ауылының ветеринариялық пунктінің меңгерушісі болып қызметке тұрды. Гульнар Игсатова Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжін ағымды жылда аяқтап ветеринарялық санитар болып жұмыс істейді.

Округ бойынша 2123 адам тұрады, зейнеткерлердің саны 228 адам, жастардың саны 423 адам, жұмысқа қабілеті бар 1100 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс істейтіндер 1020 адам, қалған бірең сараны өз қорасында малын бағады.

Қоғамдық жұмысқа 2 адам қатысты, әлеуметтік жұмысқа 3 адам жұмыс атқарады, олар жалғыз басты адамдарға үй шаруасына көмектеседі.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 3 отбасы, 8 адам 185451 теңге, балалары бар отбасы мемлекеттік көмек 19 отбасы, 64 адам 1074905 сомасында 2014 жылдың 1 желтоқсанына жәрдемақы төленді.

Пошта қызметіне тоқталатын болсақ Керней ауылының орталығында пошта бөлімшесі жұмыс істейді. Ақжар, Алғабас ауылдарында жылжымалы пошта аптасына үш рет келеді. 2016 жылдың 1 жартыжылдығына газет-журналдарға жазылу көрсеткіші 120 пайызға орындалды. Тұрғындар тарапынан ауылдық поштаға қатысты арыз-шағым болған жоқ.

Округте құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2015 жылдың 1 қаңтарына 72 арыз, шағым тіркелді. 22 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның 5 қылмысы ашылған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі округтің іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ұжымдар мен мекеме арасында, ауыл тұрғындары арасында алдын алу жөніндегі саясатты түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізіледі.

Ішкі саясат саласында қоғамдағы тұрақтылыққа ерекше назар аударылады. Діни экстремизім мен терроризмнің алдын алу бойынша құрамында ауыл имамы, дін тану пәнінің мұғалімі әкімдік маманы, учаскелік полиция инспекторынан құралған ақпараттық насихат тобы жұмыс істейді. Сонымен қатар құқықтық оқыту шеңберінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар халықтардың толғандырылған сұрақтары бойынша әрбір кездесуде жиналыстарда түсіндіру ақпараттық жұмыстары жүргізіледі.

Округте 14-пен 29 жас арасында 589 жастар бар. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіліп отырады. Жастар арасында футбол, баскетбол жарыстары ұйымдастырылып, жазғы «Сары-Арқа 2015» спартакиадасына спорттық әр түрлі шараларына қатысты.

Округте «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда, білікті жас мамандарды ауылға тарту және олардың жұмысы үшін қолайлы жағдайлар туғызу жөнінде шаралар қабылданды, Керней орта мектебіне бір жас маман жұмысқа қабылданып мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақы алды.

Корнеевка ауылдық округінің тұрғындарының ұсыныстары бойынша және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы бойынша

Корнеевка ауылының атауы Керней деп және Керней мен Алғабас ауылының көшелерін тұрғындардың ұсыныстары бойынша қайта атау берілді.

Округ бойынша 2015-2017 жылға арналған «Комплекс жоспары» құрылды. Бұл жоспарға тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, автокөлік жолдарының деңгейін жоғарлату, жаңа технологиялар мен білімді еңгізу, мәдениетті, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылықты дамыту енгізіліп отыр.



«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 2 млн. 000 мың.тенге қаржы бөлінді, бұл қаржы Ақжар ауылының 5 км жолы ағымдағы жөндеуден өтті. Көпір қалпына келтірілді. Керней ауылындағы бұрынғы мешіт ғимаратының орыны 400 тонна күл-қоқыс шығарылды, акимат ғимаратының алдына 35 метр темірден қоршау орнатылды және Керней ауылының атауына паспорт қойылды.

Қыс мезгілінде ауыл ішінің жолдарын қардан тазалауға аудан бюджетінен 1 млн 500 мың теңге қаржы бөлінді. Корнеевка, Алғабас ауылдарына 750 мың теңге, Ақжар ауылына 750 мың теңге бөлініп, жолдар қардан тазаланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет