15-дәріс. Өнеркəсіптік роботтар. Ермекова Н.С. Мақсаты: Өнеркəсіптік роботтар туралы түсінік қалыптастыру. Өнеркəсіптік роботтар (ӨР) - Өнеркəсіптік роботтар (ӨР) саны жағынан басқа роботтар түрлерінен артық.
- ӨР негізгі ерекшелігі бастапқы кезден бастап оларды ұйымдасқан ортада жұмыс істеу үшін арнайды.
- ӨР қолданылатын өндідірісте роботтың тұратын орны, қызмет көрсететін жабдықтар алдын-ала белгілі, роботтың жұмысы қатаң анықталған.
- Мысалы, егер робот пресстік жабдыққа қызмет көрсетсе, робот қармауы қоректендірушіден бұйымды алып, пуансон жəне матрица арасындағы пресске қояды.
- Содан кейін бұйым кесіліп жоғарыға тасталады, қармау дайын бұйымды конвейерге немесе керек орынға қояды.
- Бұл ұйымдастырылған орта мысалы.
- Мұнда, мысалы ғарыш немесе су асты ұйымдаспаған жəне алдын-ала болжанбайтын ортаға қарағанда, қарапайым басқарылатын роботтар қажет.
- Дамыған елдерде автомобиль, ұшақ жəне кемелерді жасаған кезде дəнекерлеуші, механожинақтаушы жəне бояушы роботтар қолданылады.
- ӨР əртүрлі қозғалтқышты (электро-гидро қозғалтқыштар т.б.) шығаратын зауыттарда қолданылады.
- Жоғары технологиялық өнімді шығаратын өнеркəсіптің бəрінде роботтар қатысады.
- Мысалы, интегралды схемаларды өндіру, əртүрлі аппаратураның электрондық құрылғыларын жинау толық автоматтандырылған болып келеді.
Қолдануды негіздеу жəне артықшылығы
Өңдірісті автоматтандырудың кейбір артықшылықтарында қысқаша тоқталалық.
Автооператорларды, қарапайым манипуляторларды, құрастырушы автоматтарды қоса отырып,
негізгі жəне қосымша өңдірістердің қолмен жасау жұмыстарын автоматтандыру жəне механикаландыру құралдарының бар болуы арнайы құрастырушы түрінде орындалады.
Өңдірістен шығатын сол бір бұйымның құрастыруын өзгерту, автоматтандыру жəне механикаландыру құралдарының құрастыруын өзгерту қажеттілігі өзімен бірге əр кезде қажеттілікті тудырады.
Операциялар
ӨР тəулігіне 24сағат бойы өңдірістік операцияларды орындайды.
«Фанук»жапондық фирмасының берілгендері бойынша үздіксіз жұмыс кезінде ӨР ортамен төрт жылдың ішінде бір реттен аз жұмыс істеуден бас тартады.
ӨР қоңдырғының тəлік бойы жұмыс есебіне энергошығын тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
ӨР жаңа автоматтандырылған технологиялық үрдістерді құруды ынталандыруға жəне барларды интенсифицирлеуге мүмкіндік береді.
Роботтарды қолдану нəтижесінде жұмысшыларды қысқарту есебінде төлем ақы фонды тиімделеді ме жоқ па соны есептеуге қиын емес.
Қорытынды - ӨР құрылыстық-технологиялық ерекшеліктерін талдау ӨР координат жүйе түрі жəне қызмет көрсету аумағы бойынша екі топқа бөлді.
- Қармаудың шеткі күйі арқылы өтетін көптеген сызықтар қармау бола алатын шекараны анықтайтын бетті құрастырады-ол роботтың қызмет көрсету аумағы деп аталады.
- Көптеген ӨР адам қолына ұқсас кинематикалық тізбегі болады.
- Бұндай кинематикалық тізбек (КТ) тұйықталмаған деп аталады.
- Робот манипуляторының барлық кинематикалық тізбегін жұмыс органының тасымалдау əрекетін орындайтын КТ жəне қармауды бағыттаушы КТ деп бөлуге болады.
- ӨР кинематикалық тізбегін талдаудан белгілі "Unimate" өнеркəсіптік роботтың жетілген кинематикалық тізбектері бар.
- Бұл робот 1963ж. "Unimation Inc" фирмасымен(АҚШ) жасалған.
Бақылау сұрақтары:
1. Өнеркəсіптік роботқа анықтама беріңіз?
2. Технологиялық үрдісте роботтар қандай функциялар орындайды?
3. Өнеркəсіптік роботтарды қолданудың өндіріс үшін айырмашылығы
Неде?
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |