15 тамыз 2014 жыл
№ 409
Облыстың жалпы орта білім беретін
орындарында 2014-2015 оқу
жылының басталуы туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 214 «Жалпы білім беретін оқу орындарында 2014-2015 оқу жылының басталуы туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Облыстық білім мекемелерінің, қалалық, аудандық білім бөлімі басшылары:
1) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 214 «Жалпы білім беретін оқу орындарында 2014-2015 оқу жылының басталуы туралы» бұйрығын басшылыққа алсын;
2) Жалпы білім беру мекемелерінде 2014-2015 оқу жылының басталуын және оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде басшылыққа алсын:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.12.2007 жылғы № 1256 «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» қаулысын;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2014 жылғы Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық-эпидемиологиялық жеткіншектерге тәрбие және білім талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» қаулысын;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 08.11.2012 жылғы № 500 бұйрығын және Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) үлгілік оқу жоспары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2014 жылғы № 1080 бұйрығын;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту» туралы 25.02.2014 жылғы № 61бұйрығын;
-Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 23.08.2012 жылғы № 1080 қаулысы;
-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 20.12.2012 жылғы № 557 бұйрығын;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес сыныптарды, сыныптар-топтамаларын қалыптастыруды, 9,10,11сыныптарды сынып-топтамаларына қосуға жол бермейтін мүмкіндіктер бойынша оқу жылының басындағы оқушы санын ескере отырып, шағын комплекті мектептерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық-эпидемиологиялық жеткіншектерге тәрбие және білім талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» 30.12.2014 жылғы № 1684 бұйрығының талаптарына сәйкес сынып-топтамаларын қамтамасыз етсін;
4) Оқу жылы кезеңінде, сондай-ақ жазғы кезеңде дәлелді себепсіз өткен оқу жылындағы 10 сыныптардың оқушыларының кетуіне жол бермеу, кетуінің себебін анықтап, білім басқармасына ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін 11 сыныпқа келмей қалған 10 сыныптың әрбір оқушысы бойынша нақты ақпарат жіберілсін;
5) 2014 жылғы 20 қыркүйекке дейін білім беру басқармасына әлеуметтік қорғау бөлімімен келісілген аз қамтылған отбасылардың балаларының, қамқорлықтағы балалардың, жетім балалардың нақтыланған тізімі берілсін;
6) 2014 жылғы 10 қыркүйекке дейін білім беру басқармасына қала, аудан әкімдерімен бекітілген, аудандық қаржы бөлімімен келісілген оқу жылын бастауға арналған титулдық тізімдері жіберілсін;
7) 2014 жылғы 10 қыркүйекке дейін 5 күндік режиммен оқытылатын сыныптарды көрсете отырып мектептердің тізімін негіздемемен жіберсін;
8) Білім беру ұйымдарында білім беру сапасын көтеру бойынша шаралар қабылдансын;
9) Ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін мектеп оқушыларын кітаппен қамтамасыз етілсін;
10) 2014 жылғы 3 қыркүйекке дейін білім беру басқармасына Білім күнін өткізу туралы түбегейлі ақпарат жіберілсін.
2. 2014 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында сабақтар өткізілсін;
3. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөліміне (С.А.Жумадилова), жоспарлау және талдау жасау бөліміне (А.О.Султанова), тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы бөліміне (Ж.А.Ислямова)
1) Титулдық тізімдерді талдап, сыныптарды, сынып-топтамаларын қалыптастыруды бақылауға алсын (есеп беру кезеңі).
2) Белгілі бір себептерсіз 11 сыныпқа келмей қалған 10 сыныптың әрбір оқушысы туралы ақпараттар жинап, келмей қалған себебін анықтап, 2014 жылғы 25 қыркүйегіне дейін оқушылардың себепсіз сабаққа келмей қалғаны үшін білім беру ұйымдарының басшыларына тәртіптік шаралар қолдану бойынша ұсыныстар енгізілсін.
3) Жаңа оқу жылының басталуы туралы, оқушы контингенттерін қалыптастыру туралы Білім және ғылым министрлігінің берген мерзіміне дейін оперативтік ақпаратты жолдауды қамтамасыз етсін.
4) 2014 жылдың 3 қыркүйегіне дейін Білім және ғылым министрлігіне 1 қыркүйекте Білім күнін өткізу туралы ақпаратты жинап жіберуді қамтамасыз етсін.
4. «Шығыс» аймақтық орталығы (М.И.Асанова)
1) «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында 1 қыркүйек күні өтетін сабаққа әдістемелік көмекті қамтамасыз етсін;
2) Жаңа оқу жылын ұйымшылдықпен ұйымдастыру мақсатында әдістемелік көмекпен қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды басшының орынбасары С.К. Искаковаға жүктелсін.
Басшы А.Нургазиев
Достарыңызбен бөлісу: |