§17, §18. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық бірліктері



бет1/3
Дата16.04.2024
өлшемі2.93 Mb.
#498842
  1   2   3
ашық сабақ жылдамдық 7.

§17, §18. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Ұйымдастыру

  • «Шаттық шеңберін» құру
  • Сынып оқушыларын «Жылдамдық», «Орын ауыстыру», «Уақыт» сөздері арқылы топқа бөлу.

  • І топ: Жылдамдық
    ІІ топ: Орын ауыстыру
    ІІІ топ: Уақыт

Үй тапсырмасын сұрау


«Сұрақ - жауап» әдісі арқылы сұрау.
І. «Жылдамдық» тобына
1. Материялық нүкте деген не? Мысал келтіріңіз?
2. Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін неге қарап ажыратады?
3. Оқулықтағы 43-суретті түсіндіру.
4. Орын ауыстыру деп нені айтады, ол қандай шама?

ІІ. «Орын ауыстыру» тобына
1.Төмендегі жағдайлардың қайсысында денені материялық нүкте деп есептеуге болады:
а) ұшақ Астанадан Мәскеуге сапар шекті. Ұшақ «өлі тұзақ» фигурасын жасап жүр;
ә) Конькиші жарыс мәресінен өтті.
Мәнерлеп коньки тебуші еркін жаттығу орындауда;
б) ғарыш кемесінің қозғалысын жердегі басқару орталығынан бақылайды, Екі ғарыш кемесі түйісуде.
2. Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?

3. Оқулықтағы 44-суретті түсіндіру.
4. Жол дегенді қалай түсінесің? Қалай белгіленеді?

ІІІ. «Уақыт» тобына
1. Қандай жағдайда денені материялық нүкте деп қарастыра алмаймыз?
2. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай?
3. Оқулықтағы 45-суретті түсіндіру.

4. Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамамен 12 км жүгіретіні анықталды. Осы қашықтық жүрген жолы ма, әле орын ауыстыру ма?
§17, §18. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сабақтың мақсаты: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар, жылдамдық туралы мағлұмат беру, түсіндіру. Қозғалыс жылдамдығының формуласын есептер шығару барысында қолдану, талдау жасау. Оқушылардың топтасып жұмыс жасауына мүмкіндік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет