1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы



Дата12.09.2023
өлшемі5.4 Mb.
#477290
Бір ән тарихы

БІР ӘН ТАРИХЫ

Жүрекке сөзбен жетпеген дүние әнмен жетеді. Музыканың құдыреті де осында ғой. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастар туралы елдің арасында екіұдай пікір қалыптасып, биліктің көтерілісшілерді нашақорларға, маскүнемдерге теңеп тұрған сәтте бір ғана ән халықтың рухын көтеріп, іштегі бұғып жатқан ұлттық намысты қамшылады. Ол ән «Қара бауыр қасқалдақ» еді. Желтоқсан оқиғасынан тұп-тура бір жылдан кейін дүниеге келген әннің тарихы туралы, әннің авторы, белгілі сазгер Лесбек Амановтың  сұхбатынан үзінді:

  • «Қара бауыр қасқалдақ-Қонаев, қаңғып келген шүрегей-Колбин»
  • Жүрекке сөзбен жетпеген дүние әнмен жетеді. Музыканың құдыреті де осында ғой. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастар туралы елдің арасында екіұдай пікір қалыптасып, биліктің көтерілісшілерді нашақорларға, маскүнемдерге теңеп тұрған сәтте бір ғана ән халықтың рухын көтеріп, іштегі бұғып жатқан ұлттық намысты қамшылады. Ол ән «Қара бауыр қасқалдақ» еді. Желтоқсан оқиғасынан тұп-тура бір жылдан кейін дүниеге келген әннің тарихы туралы, әннің авторы, белгілі сазгер Лесбек Амановтың  сұхбатынан үзінді:
  • Әннің мәтінін жазған белгілі ақын Есенғали Раушанов. «Жұлдыз» журналын қарап отырып осы өлең жолдары көзіме оттай басылды. 
  • Қара бауыр қасқалдақ
  • Қайда ұштың пыр-пырлап?
  • Сазың қалды сәбидің
  • Еңбегіндей былқылдап.
  • ..Ұя қалса иесіз, 
  • Айдын үшін сол қайғы.
  • Қаңғып келген шүрегей,
  • Көлге пана болмайды,--деп астарлап жеткізілген өлеңде автор қасқалдақ деп—Қонаевты, ал Колбинді қаңғып келген шүрегей деп отырған астарын бірден түсіндім. Өлеңді оқып отырып ән өзінен-өзі шыға келді. Бұл 1987 жылдың 18 желтоқсаны болатын. 

  • Лесбек Аманов
  • Есенғали Раушанов


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет