Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру, «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына тиым салынуы.
Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл басқарудың өрши түсуі. Кеңестік биліктің колхоздарды ірілендіру, ауыл еңбеккерлерінің жеке белсенділігін шектеу шаралары. Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі. Тарихи зерттеулерден ұлтшылдықты іздестіру. «История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней» кітабының негізсіз сынға түсуі. Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру. Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмахановтың К.Қасымұлы көтерілісін зерттеушілік жұмысының негізсіз айыпталуы. Хан Кене тарихи әдебиетте. «Феодалдық» эпостарға шабуыл – халықтық мұраларды күйрету. «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына тиым салынуы. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлері. Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру жүйесінің орнауы. Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. Күнәсіз қуғындалған мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерді «ақтау» және оның жартыкештік сипаты. Партияның шешімдерінде мәселені үстірт шешетін волюнтаристік әрекеттердің өсе түсуі. Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан үкіметі арасындағы қатынастардың күрделілігі. Теміртау оқиғасы. Реформаторлық бағыттағы шаралардың жартыкештігі. КСРО мен ҚазКСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтар – Мәскеудің ұлттық мүддені ескермейтіндігінің айқын көрінісі. Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар. Әкімшілік әдістерден экономикалық әдістерге көшуге талпыныс. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары. МТС-ті қайта құру ауылшаруашылығын техникалық жабдықтаудағы қиыншылықтарды жоюды іздестіру жолы. Колхоздарды ірілендіру және совхоз құрылысы. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы. Экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалар. Салалық министрліктердің таратылып, совнархоздардың құрылуы. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық сипатының тереңдей түсуі.
Достарыңызбен бөлісу: |