1.Әзірлеген: Құрастырушы: 03. 09. 2014 аға оқытушы Кенжебулатова А. М. Талқыланды


Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары



бет3/5
Дата16.06.2016
өлшемі270.5 Kb.
#138298
түріСабақ
1   2   3   4   5

Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары


Семинар сабағының тақырыптары – 15 сағат

1 модуль – 7 сағат





Оқу кейстері

Акад. сағат саны

1

Халықаралық қақтығыстың ерекшеліктері, қысқаша тарихы

1

2

Халықаралық саяси қақтығыс, оның идеологиялық компоненттері

1

3

Діни қақтығыс: терроризм және экстремизм мәселелері

1

4

Қарулы қақтығыс және халықаралық қауіпсіздік

1

5

Қазіргі антиглобалистік қақтығыстардың мәні, құрылымы, ерекшеліктері

1

6

Этникааралық қақтығыстар: себептері, даму тенденциясы

1

7

Орталық Азия мен Қазақстанда экстремизм мен терроризмнің таралуы: себептері мен ерекшеліктері

1

2 модуль – 8 сағат





Оқу кейстері

Акад. сағат саны

8

Халықаралық қақтығыстарды реттеу түрлері

1

9

Халықаралық қақтығыстың алдын алу мәселесі

1

10

Халықаралық қақтығысты реттеудің басты қағидалары мен кезеңдері (Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия)

1

11

Халықаралық қақтығысты реттеудегі қатысушылардың және үшінші жақтың рөлі: (посткеңестік қақтығыстар)

1

12

Халықаралық қақтығысты шешуде «күш қолдану» тәсілі (АҚШ, Ресей, Ұлыбритания т.б.)

1

13

Халықаралық қақтығысты келіссөздер арқылы шешу жолдары. ( өздеріңіз қалаған мысалды келтіріңіз)

1

14

Халықаралық қақтығысты реттеудегі халықаралық ұйымдардың, БАҚ-тың ролі. (БҰҰ, НАТО, ШЫҰ т.б.)

1

15

Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы жүргізіп жатқан іс-шаралары

1

Семинар сабағының мазмұны

1 тақырып.Қақтығыстарды зерттеудің негізгі методологиялық үрдістері

Такырыпша 1. Қақтығыс «адам табиғатының»өзінен туындайды деген концепцияның мәнін ашып көрсетіңіз.

Кейс тапсырма:

-Бұл сұраққа дайындалу барысында бұл концепцияның қақтығысқа қатысушылардың эмоциналық, психо-физиологиялық жағдайын анықтаудан бастау алатынын ескеру керек. Бұл орайға ежелгі грек тарихшысы Фукивидтің (б.д.д. Vғ) «тарихынан» бастап қазіргі Дж.у.Фулбрайттың «самонадеянность силы» атты еңбектеріндегі қақтығыс адамның паталогиялық жағдайы негізінде пайда болады деген пікірлерін қарастырған жөн.

-Бұл сұрақты ашуда белгілі ойшылдардың еңбектерінен үзінді келтіріңіз.

-Салыстырмалы түрде презентация жасаңыз.

–Проблемалық тапсырма

-«Адам табиғаты» деген ұғымның уақыт өткен сайын өзгеріп отыру себебін түсіндіріңіз

-Қақтығыс «адам табиғатының» туындысы деген анықтамалардың айырмашылықтары мен ұқсас жерлерін салыстырып, өзіңіздің көңіліңізге қонатын біреуіне ерекше тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1.Козырев Г.И. Основа конфликтологии.М.2011

2.Конфликтология. уч. для вузов. М.2012

3.Соколов С.В. Социальная конфликтология. М.2011.



Біліктілік міндеттер:

-жоғарыда берілген концепцияларды талдау арқылы қақтығыс ұғымының мәнін,табғатын түсінуге тырысыңыз.

-өзіңізді берілген әдебиеттермен жұмыс істеуге баулыңыз.

-презентация,салыстырмалы тәсіл қолдану арқылы өзіңіздің шығармашылық қабілетіңізді арттырыңыз.



Тақырыпша 2. Қақтығыстың субъекті дегенді қалай түсінесіз?

Кейс тапсырма:

-Сұраққа дайындық барысында халықаралық қауымдастықтың басты субъектісі халықтар,мемлекеттер, қоғамдық саяси қозғалыстар, халықаралық ұйымдар екеніне назар аударыңыз. Халықаралық қатынаста көп түрлі субъектінің болуы, олардың мақсат мүдделерінің әр түрлі болуына,кейде қарама қайшы болуына қарамастан, әлемдік саяси процесс әр уақытта да өз кезіндегі тарихи өзгерістерге сәйкес келетін өзіндік мазмұнға және субъектілер ұсынған қақтығыстарды қақтығыстарды реттеуге бағытталған заңдылықтарға ие. Халықаралықтың әр түрлі деңгейде дамитындығы (саяси, экономикалық,әскери,мәдени, т.б.)белгілі. Осыған сәйкес, әр елдің субъектісі өз алдарына өздері қалаған мақсат мүдделер қамтиды. Соған жетуге тырысады. Айталық ТМД-ның кейбір елдері алдарында демократиялық процесстер жүргізуді мақсат етіп, қойса, кейбіреулері қоғамның тұрақтылығының басты кепілі – авторитарлық режим деп есептейді. Тапсырма: Осы тезиске сүйене отырып, салыстырмалы түрде:Украина-РФ, Қазақстан –Қырғызстан, Өзбекстан –ҚР, т.б. арасындағы қатынастарға тоқталыңыз.

-Коррупцияланған бюрократиялық мемлекеттерде демократиялық үрдістер ете ме?

-Олигархияның, трансұлттық компаниялардың болуы, ұлттық мемлекетті демократияға жеткізе ме?



Әдебиеттер:

1.Козырев Г.И. Основа конфликтологии.М.2011

2.Конфликтология. уч. для вузов. М.2012

3.Соколов С.В. Соц-я конфликтология. М.2011.

4.Меж.отн. теории, конфликты, дв-ия, орг-ии.М.2013.

Біліктілік міндеттер:

-халықаралық қақтығыстар субъектісінің табиғатын анықтау арқылы өздеріңіз таңдаған бір мемлекеттің мақсат мүддесін, құндылықтарын анықтаңыз

-коррупцияның табиғатын, мәнін түсінуге талпыныңыз.

-демократия, авторитаризм сияқты саяси тәртіптердің мәнін түсіну арқылы, ҚР-да болып жатқан саяси процестерге талдау жасап көріңіз.



3 тақырып. Қақтығыс туралы ойлардың даму тарихы

Ежелгі түркі және ортағасыр шығыс (Фараби, Баласағұн, Қорқыт ата, тб) ойшылдарының қақтығыс туралы пікірлері:



Тақырыпша 1. Ежелгі түркі тайпаларының қақтығыс туралы ойлары

Кейс тапсырмалар:

Жер кіндігі Алтайды мекендеген, құдайдың шапағты түскен т.ркі тайпалары мен оларды қоршаған төрткүл елдің арасындағы қайшылықтарды талдап, сараптама жасаңыз.

Осыған орай түркі халықтарының қақтығысқа байланысты көзқарасын қазірде кездесетін аңыздар негізінде көрсетіңіз:

Семинарда сөйлеу үшін эссе дайындап келіңіз

Астанадағы «Бәйтерек» пен аңыздағы «Бәйтеректің» арасында қандай сабақтастық бар?

Проблемалық тапсырма:

1. Ежелгі түрік тайпаларытөрткүл елді бір жағынан жау деп есептесе, екінші жағынан, оларға қарсы күресу үшін одақ іздеді. Бұл жерде олар қандай қағидаға сүйенді?

2. М. Орынбековтың «Предфилософия протоказахов» деген еңбегін оқып, оған талдау жаса.

Әдебиеттер:

1.Әл Фараби «Саяси әлеуметтік трактаттар» А.1990

2.Ж. Баласағұн «Құтты білік» А. 1992

3.Философия тарихы (Алтай Ж, Касабек А, Мұхамбеталиев Қ) А.2004

4. Орынбеков М. «Предфилософия протоказахов» А.1994

4 тақырып. Материалдық негіздегі қақтығыстар

Тақырыпша 1. Территориялық және экологиялық дау жанжалдар

Кейс тапсырмалар:

Территорияға байланысты қақтығыстың бір түрі сецессия (сепаратизм). Осыған орай, Грузия-Абхазия, Оңтүстік Осетия, Молдавия-Приднестровье, ҚХР-Тибет, ұйғырлар, Турция-Курдистан, т.б сепаратистік құрылыстарды талдап, сараптаңыз.

Сепаратизмге байланысты БҰҰ, ЕО, ШЫҰ, НАТО тб ұйымдардың құқықтық өлшемдерімен танысып, сепараттық іс әрекеттерді талдағанда соларды басшылыққа алыңыз.

ҚР-Ресей, ҚР-Қызғызстан, ҚР-Өзбекстан арасындағы энергетикалық шикізатқа, суға, Каспийдің статусын анықтауға т.б байланысты қақтығыстарды талдап семинар сабағында сөйлеңіз

Диспутқа баяндама дайындаңыз

Презентация жасаңыз

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы (2010ж) саммитте сөйлеген сөзінен үзінді келтіріңіз

Ұсынылған әдебиеттерді оқып шығып, оларға талдау жасаңыз



Проблемалық тапсырма:

1. ҚР басқа елдерде қалған өзіміздің қандастарымыздың тілін ұмытпау үшін, олардың құқығын қорғау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

2. Көші қон, босқын мәселелерін тиімді шешу үшін қандай шаралар ұсынар едіңіз?

3. ҚР шикізат қорларын басқа елдердің меншігіне ұзақ мерзімге арендаға берді. Бұл жағдайды өз пайдамызға қарай өзгертіге болады ма? Болса, не істеу керек?



Әдебиеттер:

1.Халықаралық конфликтология. М.2011

2.Здравосмыслов А.Г. Межнац. конфликты в постсоветском пространстве. М.1997

3.Кавтарадзе С.Д. Этнополитические конфликты в постсоветском пространстве. М.2005.



5 тақырып. Саяси қақтығыстарды реттеу және шешу жолдары

Тақырыпша 1. Саяси қақтығыстарды реттеу түрлері

Кейс тапсырмалар:

Саяси әлеуметтік айланы (тәсілді) жүзеге асыру түрлерін жақсы игеріңіз

Саяси манипуляцияға (айла, құлық) байланысты қазіргі халықаралық өмірден мысал алыңыз

Билік пен оппозиция арасындағы (ҚР дағы) қақтығысты күшпен басуға байланысты мысал келтіріңіз

Семинарда сөйлеу үшін баяндама жазыңыз

Презентация жасаңыз

Берілген әдебиеттерді ыждағаттап оқып, конспектілеңіз.

Проблемалық сұрақтар жауап дайындаңыз.

- Оппазициядағы қысым жасау дегенді қалай түсінесіз?Не істеу керектігін көрсетіңіз.

- Оппазиция билікке қарсы күресте қандай шараларды жүзеге асырады? ҚРдағы оппазициялық іс шараны талдаңыз.

Әдебиеттерге талдау жасаңыз.

- Туыстық,жерлестік қатынастар төңірегінде саяси топтар жиналады. ҚР да қандай топтар білесіз?

Әдебиеттер:

1.Козырев Г.И.Осн.конфл. М,2011

2.Видывич.Глобализация,хаотизация и конфликты в сов.мире//.Соц.исслед.2012 №4

3.Глухова А.В.Полит Конф основание,типология,динамика.М.2012.

4.Рыжов О.А. Полит.конф.М.2012

5. Фельдман Д.М.Полит.конф.М.1998



Т.6. «Күш қолдану» қақтығыстар эскалау сатысы.

Тақырыпша 1. Күш көрсету және оны қолдану қауіпі.

Кейс тапсырма:

Күш көрсету,қарсыласын қорқыту арқылы қатысушы алдына қандай мақсат қояды? Осы сұраққа жауап ретінде эссе,не реферат жазыңыз.

Семинар барысында осы сұраққа байланысты баяндама жасаңыз.

Соңғы басылымдарға контент талдау жасау арқылы, күш қолдану қауіпі бар елдерді анықтап,оларға талдау жасаңыз.

Берілген әдебиеттерге талдау жасаңыз.

Презинтация жасаңыз.

Проблемалық сұрақтарға жауап дайындаңыз.

Әдебиеттер:

1.Козырев Г.И.Осн.конфл. М,2011

2. Введ в теор.меж.конфл.М,2009.

3. Рыжов О.А.Полит.конф.М.2012

4. Глухова А.В.Полит Конф основание,типология,динамика.М.2000.

5. Видоевич.З.Глобализация, хаотизация и конфликты в сов.мире//.Соц.исслед.2005 №4

Проблемалық сұрақтар:

Халықаралық қақтығыста күш көрсетуді лигитимді қолданудың ерекшеліктері қандай?

Халықаралық қатынастарда қандай жағдайда бір ел басқа ультиматум қояды?

Күш көрсету көп жағдайда қарсы жақтың қақ.одан әрі эскалациялануына әкелуі мүмкін бе?



Т.7 Терроризм мен діни экстремизмге қарсы күреске негізгі бағыттары

Тақырыпша 1. Терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестің баламалы жолдары.

Кейс тапсырма:

Қазіргі халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестің негізгі маңызы «әділ жаза» беру. Осыған орай, эссе не реферат дайындаңыз.

Терроризмге қарсы күрестің баламалы жолдарын көрсетіп, баяндама дайындаңыз;

АҚШ,Ресей,ҚР президенттерінің сөздерінен үзінді келтіріңіз.

Терроризммен діни экстремизге қарсы күрес жүргізуді заңдастырған құқықтық құжатты талдап, сараптаңыз және оны семинарға пайдалан;

Әдебиеттерге контент талдау жасаңыз;

Презинтатция жазаңыз;

Интернет сайт арқылы дерек жинаңыз.

Проблемалық сұрақтарға жауап дайындаңыз

1. Осы мәселеге байланысты «ақпарттар соғысының» кесірінен ислам қағидалары бұрмаланып, мұсылман елдерінің келбеті көмсекілденуде деген пікрді қолдайсыз ба? Қолдасаңыз өз пікіріңізді дәлелдеңіз

2. Күш қолдануға(террористер тарапынан) қарсы күш қолдану (мемлекеттер тарапынан) терроризмді тоқтата алмайды. Бұл тығырықтан қалай шығуға болады?

3. Н.Ә.Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында террористермен күрестің басқа балама жолдарын атап көрсетті. Олар қандай балама түрлер(күрестің)?

4. Терроризмді, діни экстремизмді «насихаттаруда» телеарналардың зорлық пен күшке негізделген фильмдерді көрсетуі ерекше орын алады. Осыған орай қандай пікір айта аласыз?



Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл» А,2003

2. Амреева А.А. Діни экстремизм мен террор: мәні және Қазақстанға ықпалы А.2005.

3. Совр.террор.:взгляд из ЦА.А.2002

4. Халықаралық лаңкестікке экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес. //Ақиқат 2003.№4

5. Төлебаев М.Қазіргі замандағы терроризм ерекшеліктері мен формалары \\ Саясат-Policy №5,2007

6. Мухамбеталиев Қ.М. халықаралық террор. ерекше түрі. Всб. Перпод. КазУМОиМЯ А,2010

Тақырып 8.Ортағасыр Шығыс ойшылдарының қақтығыс туралы пікірлері

Кейс тапсырма:

Әл Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындары» атты еңбегін оқып, одан қақтығыс ұғымына байланысты айтылатын пікірлерді бөліп, жазып алыңыз.

Әл Фарабише «бақыт» деген не? Оған қалай жетуге болады? Егер жете алмасаң оғын кім кінәлі? Осы сұрақтарға жауап жазыңыз

Ж. Баласағұнның мемлекетті басқару идеясы мен Н. Макиавеллидің осындай ойларын салыстырмалы түрде қарастырып, олардың арасындағы ұқсастығын табыңыз.

Презентация жасаңыз

Семинарға баяндама дайындаңыз



Проблемалық тапсырма:

1. Әл Фараби өз еңбектерінде адам мен қоғам арасындағы қарым қатынастың жетілуі не күйзеліске, қайшылыққа ұшырауы қақтығысқа әкеледі дейді. Бұл қайшылықты қалай шешуге болады?

2. Ж. Баласағұн: «егер қоғамда тәртіп орнату үшін он адам өлтіру керек болса онын, жүз адам керек болса жүзін, қанша адам жазалау керек болса соншасын жазалау керек» дейді.Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?

3.Қорқыт атаның қай пікірін ешқандай өзгеріссіз қазіргі кезде пайдалануға болады?



Біліктілік міндеттер:

Ж. Баласағұнның Қорқыт атаның ойларын талдау арқылы, олардың қақтығыстың табиғатын, себептерін қалай түсінгеніне ерекше назар аударыңыз.

Семинарға дайындалу арқасында халқымыздың ұлы ойшылдарының қақтығысқа байланысты айтқан пікірлерін қазіргі кездегі қақтығыстардың мәнін, табиғатын түсәну үшін пайдаланыңыз.

Әдебиеттер:

1.Әл Фараби «Саяси әлеуметтік трактаттар» А.1990

2.Ж. Баласағұн «Құтты білік» А. 1992

3.Философия тарихы (Алтай Ж, Касабек А,) А.2004

4. Орынбеков М. «Предфилософия протоказахов» А.1994

T 9. Қақтығысты келіссөз арқылы шешу:BATNA, ATNA келіссөз кеңістігінің ұғымдары.

Тақырыпша 1. BATNA, ATNA жолымен келісөз жүргізу.

Кейс тапсырма: Қақтығысты бейбіт жолмен шешуде қолданылатын дәстүрлі құралдар бірінші Гагаа бейбітшілікті қолдаушы конференцияда 1889 жылы және екінші Гаага бейбітшілікті қолдаушы конференцияда 1907 жылы қабылданған халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу туралы конвенцияда жақсы қарастырылған. Осы конвенцияның материалдарымен таысып, оны семинарға айтыңыз.

BATNA – стандарт, оған келіссөз барысында ұсынылған кез-келген шешімді қарсы қоюға болады, бірақ олардың қай-қайсысы да BATNAмен салыстыру арқылы өзінің кемшіліктерін айқындай түседі. Бұл стандарт бұрынғы Югославияда, Таулы Карабахта қолданылды. Қандай нәтижеге жеткізді?

ATNA стандартының мәнін ашып бұл тәсіл қандай жағдайда қолданыс тапты. Мысал келтіріп, талдаңыз.

Диспутқа қатысу үшін баяндаа жаз

Қажетті деректерді жина

Берілген әдебиеттерді контентті талда.

Презентация дайында

BATNA мен ATNAның және келіссөздік кеңістіктің айырмашлыығын көрсетіп нақты мысал келтір

Проблемалы сұрақтар:

Бір жақты іс-әрекетпен жақсы нәижеге жету мүмкін емес. Не істеу қажет?

Келіссөз жүргізу тиімдіболу үшін үшінші

жақтан басқа аймақтық, не халықаралық күшті пайдалану керек деп ойлайсыз ба? Негіздеңіз.

BATNA ұсынған стандарт төңірегінде келісімге келуге мүмкіндік береді деп ойлайсыз ба? Ол қалай жүзеге асады?

«Келіссөздік кеңістіктің» мәнін ашып көрсетіп, мысал келтіріңіз

Әдебиеттер:

1. Лебедева М.М. Полит.урег.конф:подходы, решения,технологии.М 1999

2.Фелбдман Д.М. полит.конф М2011

3. Козырев Г.И. Осн.конф М

4. Совр.рег.конф.и проблемы их полит.урег. А2013

Конф.под ред. Ратникова В.П. М2004

5. Межотн.:теории,конф,орг. М2007



T 10.Делдал (араға түсу), оның қызметтері .

Тақырыпша 1. Посредникке (араға түсушіге) назар аударудың себептері.

Кейс тапсырма:

Араға түсуге (делдал) анықтама беріңіз

Араға түсудің мақсатын анықтаңыз

Мүдделі адамдардың статусына сипаттама беріңіз

Мүдделі емес адамдардың статусының негізгі белгілерін атап көрсетіп, оларға талдау жаса

Диспутқа қатысу үшін баяндама жасаңыз

Қажетті деректер, материалдар жинаңыз

Халықаралық қақтығыстарда ортаға түсуші (делдал) ролін атқарған мемлекет немесе адамнан мысал келтіріп, олардың ісін талдаңыз

Берілген әдебиеттерді контент жасау

Презентация жасау

Проблемалық сұрақтарға жауап дайында:

Делдал өз шешімін қатысушыларға таңа алады ма?

Делдал ортаға түсу барысында өзіне қандай артықшылықтар ала алады?



Әдебиеттер:

1. Лебедева М.М. Полит.урег.конф:подходы, решения,технологии.М 1999

2.Фелбдман Д.М. полит.конф М2011

3. Козырев Г.И. Осн.конф М2011

4. Совр.рег.конф.и проблемы их полит.урег. А2006 Конф.под ред. Ратникова В.П. М2004

5. Межотн.:теории,конф,орг. М2013



Тақырып 11. Мультибағытталған дипломатия.

Кейс тапсырмалар:

-Мультибағытталған дипломатияның мәнін, атқаратын қызметін, ол туралы Эссе жазыңыз.

-Мультибағытталған дипломатияның түсінігі бойынша, ол дипломатия «Бірінші» де «Екінші» де бағыттарын біріктіреді. Не себептен?

-«Мультибағытталған дипломатияға» анықтама беріңіз

-Бұл тақрып бойынша баяндама дайындап, семинар сойлеңіз

-Берілген әдебиеттерге контент талдаңыз

-Презентация дайындаңыз

-Проблемалық сұрақтарға жауап дайындаңыз.

1.Сіздің пікіріңізше, не себептен мултибағытталған дипломатия соңғы кезде үлкен сұранысқа ие болды?

2. «Мультибағытталған дипломатия» ресим және бейресми ұйымдардың өкілдерімен қызметтесуі арасында үлкен жетістіктерге жете алды деген пікірмен келісесіз бе?

3.Мультибағытталған дипломатия жолымен қақтығыстың қарулы күш жұмсау түрін тоқтатуға бола ма?

4.Мультибағытталған дипломатия қайшылықтарды шешуге көмектесе ме?

5.Мультибағытталған дипломатияны дипломатиялық және саяси келіссөздердің орнына қолдануға бола ма?

Әдебиеттер:

1.Козырев Г.И. Основа конфликтологии.М.2011

2.Федерация мира и согласия: межд МПО с консультативным статусом при ЭКОМ и соц. Совет ООН. М.2010

3.Пикте Ж. Меж нар. Комитет красного креста. Уникальное учреждение. М,2010

4.Довженко М.В. Функции и формы деятельности МПО в урег. совр конф. Ломоносовские чтения. Вып.2.М.2002

T12. Келіссөз жүргізудің негізгі сатылары (стадии) және атқаратын қызметтері.

Тақырыпша 1.Келіссөз сатылары.

Кейс тапсырмалары:

–Келіссөз сатылары дегенді қалай түсінесіз?

–келіссөзге қатысушылардың өзара қатынасын қандай мақсаттармен мүдделерге байланысты?

–қақтығысқа қатысушылардың арасында қатынас орнату дегенді қалай түсінесіз?

–қатысушылар арасындағы қатынас (общение) қандай жағдайда тиімді болады? Семинарға сөйле, өз пікіріңізді негіздеңіз.

–келіссөзден басқа, қатысушылардың бірі өзінің не істегісі келетінін белгі (сигнал) беру арқылы білдіреді. Демек, «белгі беру» дегенді қалай түсінесіз?

–қақтығыс тудыратын мәселені «бірігіп шешу» дегеннің мәнін ашып көрсетіп, Эссе дайында.

–берілген әдебиеттерге контент талдау жасаңыз

–презентация дайындаңыз

–проблемалық сұрақтарға жауап дайында.

1.Келіссөздің сатыларын белгілеудің қандай артықшылықтары бар?

2.КСРО ның 1973ж Египет пен Сириядан шығару арқылы АҚШ қа қандай «белгі» берді?

3.Келіссөз міндетті түрде «келісім шартқа» әкеле ме? Әкелсе де әкелмесе де өз пікіріңізді негіздеңіз.

Әдебиеттер:

1.Бройнинг Г. Руковод по ведению переговоров. М.1996.

2.Лебедева М.М. Полит урегул конфл. М.1999.

3. Мастинбург В. Переговоры соц конфл. 1993.

4.Фишер Р., Эрмен Д. Подг к переговорам. М1996.

5. Фишер Р., Юрий У. Путь к согласию или переговоры без порожения. М1996.

6.Чумаков А. М. Введение перег:стратегия, коммуникация,фасилитация,мевиация, М1997.

Т.13. Келіссөзге жағымды (благоприятный) климат қалыптастырудың рөлі.

Тақырыпша 1. Келіссөзге жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

Кейс-тапсырмалар:

Келіссөзде ең қиын кезең ол қақтығыс тудырған мәселені талқылау кезеңі. Бұл кезеңде екі жақта міселені шешуге байланысты өз ұстанымдарын қалыптастырады. Мәселені талқылау үшін екі жақтан да шеберлік керек: - тыңдай білу шеберлігі

Сендіре білу шеберлігі

Сұрақ қоя білу шеберлігі

Өзінше (өзгеге ұқсамай) ойлай білу шеберлігі (б.а. қалыптасқан стереотиптен бас тарту уақиғаны басқа ресурстан көру; күтпеген жерден ұтымды шешім қабылдау).

Қақтығыс мәселені шешудің вариантын жасағыз.

Келіссөзге жағымды климат қалыптастыру үшін шаралау жасау керек?

Шешім қабылдау үшін келіссөз концепциясы құрылады. Оған қандай элементтер кіретінін анықтап, эссе жазығыз.

Өзін келіссөз жүргізуге дайындаған міндеттер қандай? Жауап дайындап, семинарға сөйлеуге деректер жинаңыз.

Топ аралық диспутқа қатысып, өз пікіріңізді айтыңыз.

Берілген эдебиттерге контент талдау жасаңыз

Презентация дайындағыз

Өзінің таңдап бір қақтығыстың жағдайын алып, оған келіссөз жүргізу технологясын қойған.

Келіссөз барысындағы сұхбаттың сипатына қойылатын талапты атап, олрға талдау жасаңыз.



Мына проблемалы сұрақтарға жауап дайындағыз:

Егер екі жақта маңызды детальді анықтамасы, ол қандай салдарға әкелүі мүмкін?

Әріптестің ұстанвмдағы кейбір түсініксіз моменттерді анықтау үшін негіздеу керек?

Мәселені бірігіп талдағанда қандай тактикалық әдіс қолданылады?

Келіссөз біткеннен кейін, оның жеміті болуына көмектесетін іс әрекеттерге талдау жасаңыз.

Келісім шартты орындау дегенді қалай түсінесіз?



Әдебиеттер:

1. Козырев Г.И. Осн. Конфликтологии 2011

2. Андреев В.И. Конф-ия, ис-во спора ведения переговоров, разрешения конфликтов. М.1995

3. Брайнинг Г. Руководство поведению переговоров, М.1996

4. Фишер Р. Подг-ка перег. М.1996

5. Фишер Р.,Юри У. Путь к согласию или переговоры без поражения. М. 2010

6. Сумиков А.Н. Ведение переговоров, стратегия, коммуникация, фасилитация, медиация. Уч.пособие. М. 2010



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет