1. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихы, жанрлық ерекшелігі, тақырыбы мен негізгі ойы туралы қосымша дереккөздерге сілтеме жасай отырып әңгімелеңдер.
2. «Абай жолы» романының басталуына жазушы қандай мән-мағына сыйғызған?
3. «Абай жолы» роман-эпопеясының бірінші кітабы қандай тараулардан тұрады?
4. «Қайтқанда» бөлімінен берілген үзінді мазмұнын ашатындай мәселелердің тізбесінен тұратын жоспар жасаңдар.
5. Жазушы ауылын қатты сағынған жас шәкірттің ынтық көңілін, туған ауылына деген ілтипатын қалай бейнелеген?
6. Құнанбайдың «Бойыңдай боп білімің де өсті ме?» деген талап аралас сұрағында қандай мағына бар?
7. Үзіндіде қазақ тәрбиесіндегі әкені, үлкенді құрметтеу ерекшелігі қалай көрініс тапқан?
Шәкірт Абайдың бейнесіне талдау жасаңдар.
Үзіндіні негізге ала отырып, «Жазушы тілінің сөздігін» құрастырыңдар.
Үзіндіден көрінетін құндылықтарды кестеге түсіріп, шығарманың құндылығына өзіндік баға беріңдер.
Абайдың әке алдында және аналар құшағында өзін қалай ұстағанын салыстырыңдар.
«Абай жолы» роман-эпопеясы туралы әлем қаламгерлерінің пікірін жинақтап, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңдер.
Романдағы Құнанбай әректіне қарама қайшы пікір білдірейікші
1 қатар жақтаушы жақ
Құнанбайдың Қодар мен Қамқаға шығарған үкімі дұрыс Өйткені
2 қатар даттаушы жақ
Құнанбайдың Қодар мен Қамқаға шығарған үкімі дұрыс емес Өйткені
Қорытынды
Кері байланыс.
Білім. Тақырып бойынша алған ақпараттарым.
Эмоция. Сабақтағы көңіл күйім.
Баға. Өз жетістігіме беретін бағам.
Сын. Өз бойымда нені дамытуым керек?
Идея. Маған келген жаңа ой.
Достарыңызбен бөлісу: |