№ 2 Дауысты дыбыстар
-
Езулік дауыстылардың жасалуын белгілеңіз.
А) Тілдің кейін қарай шегінуі.
В) Езудің кейін қарай тартылуы.
С) Еріннің дөңгеленуі.
Д) Жақтың кең ашылуы.
Е) Езудің алға қарай тартылуы.
-
Еріндік дауысты дыбыстар қатарын белгілеңіз.
А) о, ө, у, ұ, ү
В) а, ә, е, э, ы, і, и
С) а, ә, о, ө, е, э
Д) ы, і, и, у, ұ, ү
Е) ә, ө, ү, і, и, э, е
-
Дауысты дыбыстардың тіл қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.
А) Жіңішке , ашық
В) Жуан, жіңішке
С) Ашық, қысаң
Д) Жуан, ашық
Е) Еріндік, езулік
-
Әрі ашық, әрі езулік дауыстылар қатарын табыңыз.
А) у, ұ, ү, і
В) а, ә, э, е
С) ә, о, ө, э
Д) ы, і, и, е
Е) ә, і, и, э
5. Езулік дауысты дыбыстардан жасалған сөзді табыңыз.
А) Мұқан, Ербол.
В) Орден, нөсер.
С) Ине, бөдене.
Д) Әдебиет, теңіз.
Е) Адам, өнім.
-
Бірінші буыны езулік даыстыдан тұратын сөзді анықтаңыз.
А) Өмір.
В) Ұстаз.
С) Мұздақ.
Д) Ошаған.
Е) Қарақұм.
-
Біріңғай еріндік дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.
А) Отан, ел.
В) Ұрпақ, жәдігер.
С) Бұлбұл, құс.
Д) Төзім, молшылық.
Е) Уақиға, толқын.
-
Еріндік және езулік дауыстылар араласып келген сөздерді анықтаңыз.
А) Құштарлық, құлаш.
В) Жарық, жаңалық.
С) Тән, жан.
Д) Жазылым, айтылым.
Е) Береке, бірлік.
-
Бірыңғай езулік, жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгілеңіз.
А) Еріншек.
В) Бүлдірген.
С) Жоңышқа.
Д) Мүсәпір.
Е) Бүлдіршін.
-
Еріндік, езулік дауыстылардың жазылуы мен айтылуындағы өзгерісі бар сөзді анықтаңыз.
А) Аңыз.
Б) Бүгін.
С) Әмір.
Д) Ғалым.
Е) Тас.
-
Еріндік, езулік дауыстылардың жазылуы мен айтылуындағы өзгеріс байқалатын сөзді белгілеңіз.
А) Ғылым.
В) Оқулық.
С) Білім.
Д) Өнер.
Е) Мәтін.
-
Тек ашық дауыстыдан құралған сөзді белгілеңіз.
А) Әдет-салт.
В) Көшпелі.
С) Жолаушы.
Д) Ілгері.
Е) Үндестік.
-
Бірыңғай қысаң дауысты сөзді көрсетіңіз.
А) Тағала.
В) Қонақ.
С) Іңір.
Д) Баста.
Е) Қаза.
-
Бірыңғай ашық дауыстыдан болған сөзді табыңыз.
А) Іні.
В) Әке.
С) Бауыр.
Д) Қарындас.
Е) Нағашы.
15. Қысаң дауысты дыбыстан құрылған қатарды табыңыз.
А) Күшік, кешік.
В) Ыстық, қапырық.
С) Қыран, тұлпар.
Д) Дәстүр, мүлік.
Е) Түлкі, күлкі.
-
Ашық және қысаң дауыстылар араласып келген сөздер қатарын табыңыз.
А) Көгілдір, бозша.
В) Масаты, төзім.
С) Күлкі, түлік.
Д) Ырыс, құдірет.
Е) Уақыт, тұрмыс.
-
Бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын сөздерді табыңыз.
А) Ынталы, қауесет, дауылпаз.
В) Ойшыл, әулие, көлеңке.
С) Ұлағат, байланыс,құнарлы.
Д) Талап, тілек, керуен.
Е) Тәжірибе, дүние, туынды.
-
Жуан және жіңішке дауыстылар араласып келген сөздерді табыңыз.
А) Найзағай, қолтаңба, дәулет.
В) Ұшқын, жасын, сәуле.
С) Тәлімгер, түлек, талап.
Д) Ғарышкер, бапкер, Ақтөбе.
Е) Мөлдір, кәусәр, бұлақ.
-
Біріңғай жіңішке дауыстылардан құралған сөздерді табыңыздар.
А) Сабыр, салмақ, сәлем.
В) Көмек, кітап, бағбан.
С) Қауіп, қатер, күнә.
Д) Сезім, төзім, білім.
Е) Кеңшілік, дәурен, қадір.
-
«Ә» әрпінің емлесіне байланысты сөздің дұрысын көрсетіңіз.
А) Күман.
В) Күмән.
С) Күмен.
Д) Күмен.
Е) Құман.
-
«Ұ» дыбысы қай сөзде жазылатынын көрсетіңіз.
А) С...мке.
В) ...стаған.
С) Жая...лап.
Д) Т...сін.
Е) Т...скен.
-
Дыбыс саны мен әріп санында айырмашылығы бар сөзді белгілеңіз.
А) Ал
В) Бал.
С) Тас.
Д) Рас.
Е) Көл.
-
«У» дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз.
А) Жауласу.
В) Таулық.
С) Қауышу.
Д) Татуласу.
Е) Баулық.
-
«У» дыбысы жуан болып келген сөзді анықтаңыз.
А) Суат.
В) Өсіру.
С) Теруші.
Д) Кебу.
Е) Тілу.
-
Құрамында үш дауысты дыбысы бар сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Көмек, бақташылар.
В) Барымташы, жақсылық.
С) Келіссөз, жеңілдік.
Д) Сағыныш, аспан.
Е) Тапсырма, табалдырық
-
«Ы» дыбысына тән сипаттаманы табыңыз.
А) Жіңішке, еріндік, қысаң.
В) Жуан, езулік, қысаң.
С) Жуан, езулік, ашық.
Д) Жіңішке, езулік, қысаң.
Е) Жуан, еріндік, ашық.
-
Қазақтың төл сөздерінде сөз соңында келмейтін дыбысты белгілеңіз.
А) а
В) і
С) о
Д) е
Е) ы
-
Буын талғайтын әріпті көрсетіңіз.
А) ә
В) е
С) и
Д) а
Е) ы
-
Кірме сөздерде ғана кездесетін әріптердің қатарын табыңыз.
А) я, ц, е, ю
В) ю, в, ч, я
С) е, э, в, ц
Д) й, э, е, ъ
Е) г, қ, һ, в
-
«Өсиетнама» сөзіндегі буын жасауға қатысып тұрған дыбысты анықтаңыз.
А) м
В) с
С) и
Д) е
Е) т
Достарыңызбен бөлісу: |