1-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының тиімді әлеуметтік-экономикалық саясаты
1.1-мақсат. 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үш еседен аса артуын қамтамасыз ету
1.2.-мақсат. Мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету және бюджет тиімділігін арттыру
2-стратегиялық бағыт. Өңірлерді дамыту саясаты және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
2.1-мақсат. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуін қамтамасыз ету
2.2-мақсат. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік деңгейінің өсуін қамтамасыз ету
3-стратегиялық бағыт. Сәулетті, қала құрылысын, құрылысты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
3.1-мақсат. Тұрғын үй құрылысын дамыту
3.2-мақсат. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру
3.3-мақсат. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту
4-стратегиялық бағыт. Жер ресурстарын пайдалану мен геодезия және картография саласындамыту
4.1-мақсат. Жер ресурстары, жер заңнамасын сақтау туралы мәліметтер жүйесін қалыптастыру 4.1.1-міндет. Жер ресурстарының сапалық жай-күйі туралы ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін арттыру
4.2-мақсат. Қазақстан Республикасының аумағын жергiлiктi жердiң қазiргi күйіне және топонимикаға сәйкес геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету
5-стратегиялық бағыт. Халықаралық экономикалық интеграция және сыртқы сауда қызметі
5.1-мақсат. Әлемдік сауда-экономикалық жүйеге интеграциялау арқылы республиканың экономикалық мүдделерін жылжыту мен қорғаудың тиімді және жедел жүйесін құру, сондай-ақ сыртқы сауданы дамыту
6-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқару жүйесін және квазимемлекеттік секторды дамыту
6.1-мақсат. 2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу
6.2-мақсат. Ұсынылатын статистикалық ақпараттың сапасын жақсарту
6.4.-мақсат. Материалды-тауарлық құндылықтарды жеткілікті көлемде және мемлекеттік жүйедегі материалдық қорды жетілдіру (құпия)
|
1. Министрлік әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілерде құқықтық мониторингілеу
|
Жартыжылдықта 1 рет
ӘМ-ге хаттар жіберілді: 30.06.2015 ж. № 35-20/110-И және 30.12.2015 ж. № 35-20/287-И.
|
|
2. Министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
|
Тұрақты негізде
2015 жылы Министрліктің орталық аппаратында 64 қызметкер біліктілікті жоғарылату және қайта даярлау курстарында оқытылудан өтті.
|
|
3. Кадрлар ағымының тұрақты динамикасын қамтамасыз ету
|
Тұрақты негізде
2015 жылы Министрліктің орталық аппаратында 91 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды. Көрсетілген саннан 15 адам ведомстволарға және ведомстволардың аймақтық органдарына ауысу тәртібімен жұмыстан босатылды. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды уақтылы орнын толтыру үшін 236 әкімшілік мемлекеттік қызметкерді орналастыруға 6 конкурс өткізілді. Конкурстар қорытындысы бойынша 110 адам бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды.
|
|
4. 2016 жылға қарай биліктегі әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі 30% өкілдігіне қол жеткізу бойынша шаралар қабылдау
|
Жыл сайын
2015 жылы Министрліктің орталық аппараты санынан 9 әйел адам жоғары басшылықты әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды.
|
|
5. Министрліктің қолданыстағы құрылымын талдау және Министрлік жүйесі ішіндегі міндеттер мен өкілеттіктерді нақты бөлу мақсатымен қажет болған жағдайда оны өзгерту
|
Тұрақты негізде
ҚР ҰЭМ Жауапты хатшының 2015ж. 26 қаңтардағы № 115-ж, 26 наурыздағы № 328-ж, 28 сәуірдегі № 419-ж, 3 қыркүйектегі № 44-нқ бұйрықтарымен бекітілген штат санының лимиті шегінде ҚР ҰЭМ құрылымына өзгерістер енгізілді.
|
|
6. «Б» корпусының жоғары тұрған бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына министрлікте жұмыс істейтін жастарды тағайындау
|
Тұрақты негізде
2015 жыл бойы құрылымдық бөлімшелер басшыларының ұсынымдары негізінде «Б» корпусының жоғары тұрған бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына 58 адам тағайындалды.
|
|
7. «Б» корпусының кадрлық резервінен бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға жастарды қабылдау
|
Тұрақты негізде
2015 жылы кадрлық резервтен бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға 28 адам қабылданды.
|
|
8. Халықаралық қаржылық ұйымдарымен, рейтингтік агенттіктермен, елдермен өзара іс-қимыл жасау
|
Тұрақты негізде
2015 жылғы 8-9 сәуірде Fitch Ratings сарапшыларының кезекті жыл сайынғы сапары өтті. 9 қазанда Ұлттық экономика министрі Е. Досаевтың Fitch сарапшыларымен телефон арқылы келіссөздері өтті. 30 қазанда Fitch Ratings рейтингтік агенттігі баспасөз хабарламасын жариялады, оған сәйкес Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингі «Тұрақты» болжаммен «ВВВ+» деңгейінде расталды.
2015 жылғы 17-18 маусымда Moody’s рейтингтік агенттігі сарапшыларының жыл сайынғы сапары өтті. 2015 жылғы 21 шілдеде Moody’s рейтингтік агенттігі баспасөз хабарламасын жариялады, оған сәйкес Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингі «Тұрақты» болжаммен «Вaa2» деңгейінде расталды.
2015 жылғы 10 наурызда шоғырландырылған бюджет мәселелері бойынша телефон арқылы келіссөздер өтті, оның барысында сарапшлардың сұрақтарына жауап берілді. 2015 жылғы 3-4 тамызда Standard&Poor’s сарапшыларының кезекті жыл сайынғы сапары өтті. 2015 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингін жариялау шеңберінде Министр Е. Досаевтың Standard&Poor’s сарапшыларымен телефон арқылы келіссөздері өтті. 2015 жылғы 11 қыркүйекте Standard&Poor’s рейтингтік агенттігі баспасөз хабарламасын жариялады, оған сәйкес Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингі негативті болжаммен «ВВВ/А-2» деңгейінде расталды.
|
|
9. Ақпаратты жинау және пайдалану жүйесінің еңбек сыйымдылығын реттеу және қысқарту, Министрліктің қызметкерлерін интернетке, заң және ақпараттық базаларына қол жеткізумен қамту, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер
|
Жыл сайын
«Заң» деректер базасыны 98 % астам қызметкерлер қосылған, Арнайы бағдарламалар басқармасын (7) және Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасын (5) қоспағанда.
Министірлік қызметкерлерін Интернет желісіне қолжетімділігі ақпараттық қауіпсіздік талаптар саясатына сәйкес түскен өтініштер бойынша беріледі, бұл ретте 2015 жыл бойынша түскен 137 өтініштің ішінен 132 қызметкер Интернет желісіне қосылды, 96% құрайды.
|
|
10. Министрліктің интернет-ресурстарын жетілдіру, оның өзекті жаңартылуы, сондай-ақ оның ішінде азаматтардың Министрлік басшылығымен «жанды қатынасына» мүмкіндік беретін арнайы веб-парақтар ашу
|
Қажеттілігіне қарай
Ұдайы түрде құрылымдық бөлімшелердің өтініштері бойынша Министрліктің веб-сайтын жаңарту жүргізіледі.
Министрліктің ресми интернет-ресурсында «Министрдің блогі», сондай-ақ «Сұрақ-жауап» деген бөлімдер істейді. Осы рубрикалар арқылы пайдаланушыларда қажетті сұрақтарын қойып, оларға жауап алуға мүмкіндігі бар.
Жалпы 2015 жылы ресми блог платформа арқылы Министрге 625 сұрақ келіп түсті, оларға жауап берілді.
«Сұрақ-жауап» рубрикасына 2015 жылы 134 сұрақ түсіп, барлық сұраққа жауап берілді.
|
|
11. Ақпараттық ресурстарда Министрліктің қабылданатын шешімдерін жариялауды қамтамасыз ету
|
Тұрақты негізде
2015 жылы Министрліктің ресми интернет-ресурсында «Жаңалықтар» бөлімінде 169 материал орналастырылды, оның ішінде 98-і бойынша БАҚ-қа таралым жасалды. Тұрақты түрде құрылымдық бөлімшелердің өтініштері бойынша Министрліктің веб-сайтын жаңарту жүргізіледі.
|
|
12. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
|
Тұрақты негізде
2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 «Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Министрлікте пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 838 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ақпараттық ресурстарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі саясатты, нұсқаулықтарды, қағидалар мен жадынамаларды бекіту туралы» бұйрық әзірленіп бекітілді.
|
|
13. Бюджеттік саясатты қалыптастыру және бюджетті жоспарлау кезінде мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау
|
Тұрақты негізде
Жыл бойы нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеуді жетілдіру, бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жүргізілді.
|
|
14. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы, Еуразиялық экономикалық кеңес комиссиясы жанындағы Консультативтік комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарын өткізу
|
Тұрақты негізде
Қазақстандық Тарап ЕЭК Алқасындағы Консультативтік комитет және ЕЭК кеңесіндегі жұмыс топтарынның отырыстарына тұрақты негізде қатысады. Сондай-ақ, министрлік Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында қаралатын қазақстандық тараптың әрбір мәселе бойынша ұстанымын әзірлеу жөнінде тұрақты түрде жұмыс жүргізді.
|
|
15. Мемлекеттік басқару саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
|
Тұрақты негізде
«100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 91-қадамын іске асыру мақсатында аралық бақылауды және рәсімдік сипаттағы тапсырмаларды қысқарту, сондай-ақ қағаз құжат айналымын төмендету үшін ҰЭМ 28.11.2015 ж. № 17-2/13900//20-153//01-11/П-961 хатпен ПМК-ге «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы енгізіліп, ол 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1119 қабылданды.
Бұл нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа, Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу және келісу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентіне түзетулерді енгізуді қарастырады.
Көрсетілген нормативтік өзгерістерді қабылдау орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында «көлдеңен» хат алмасуды қысқартуға, мемлекеттік органда тиісті құжаттардың қағаз тасымалдаушысында қайталанбай өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа мемлекеттік органға жүйелі негізде қағаз құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік беретін қол жетімді ақпаратпен мемлекеттік органдар сайтын толтыру бойынша жұмысты жүргізу бойынша міндеті бекітіледі.
|
|
16. Министрліктің мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне тартылған қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қағидаларын оқыту
|
Жыл сайын
Жоспарланған 1 семинар шеңберінде ІӘД Мемлекеттік сатып алулар басқармасының 2 қызметкері оқытылудан өтті (М.С. Қайшаров, Ж.Б. Досымбекова).
|
|
17. Министрлік басшыларының республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерімен Министрлік қызметінің негізгі мәселелерін түсіндіру бойынша кездесулерді ұйымдастыру
|
Жыл сайын
22 қыркүйекте Министр Е. Досаевтың қатысуымен ОКҚ брифингі болды, онда Министр жаңа құрылымдық экономика шеңберінде жекешелендіру процесстерін белсендіру туралы айтты. Бұл брифингке республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
|
|
18. Халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасында статистика саласындағы халықаралық семинарлар өткізу
|
Жыл сайын
2015 жылы статистика саласында 4 халықаралық семинар өткізілді:
1) 17-19 тамызда Статистикалық, ақпараттық және әлеуметтік зеттеулер және ислам мемлекеттері үшін кәсіби дайындық орталығы ұйымдастырған «Ресми статистиктер үшін кәсіби білімдер: ауызша араласудың тиімді әдістері» тақырыбындағы оқу курсы;
2) 12-13 қарашада – Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен ынтымақтастық шеңберінде статистикалық бизнес-ригеистр бойынша оқу семинары;
3) 24-27 қарашада – ЭЫДҰ сарапшыларының қатысуымен 2008 ұлттық шоттарының жүйесін енгізу бойынша семинар;
4) 30 қараша - 4 желтоқсан - СЕСРИК және ЮНВТО қатысуымен туризмнің көмекші шотының статистикасы бойынша халықаралық семинар.
Келесілерге қол қойылды: ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында статистика саласындағы жобаларды іске асыру мақсатындағы гранттық келісімдер: «2008 ұлттық шоттарының жүйесін енгізу», «2012 экономика-экологиялық есеп жүйесін енгізу» және «Жасыл өсім» және тұрақты даму бойынша индикаторларды енгізу».
|
|
19. Қызметкерлердің халықаралық семинарларға және шетелдік статистикалық серіктестіктермен тәжірибе алмасу жөніндегі іс-шараларға қатысуы
|
Жыл сайын
2015 жылы СК 60 қызметкері шетелдегі статистика саласындағы халықаралық іс-шараларға қатысты.
|
|
20. Қазақстанның статистикалық әлеуетін нығайту бойынша Дүниежүзілік Банкімен жобаны іске асыру
|
Жыл сайын
«КАЗСТАТ» жобасы аясында 139 іс-шара әзірленді және 26 әдістемелер мен әдістемелік ұсынымдар жетілдірілді.
|
|