№ 2 Калалық кітапхана филиалы
№ 2 Калалық кітапхана филиалы 1964 жылы ашылды. 1964 – 1979 жыл арлығында Севастьянова В.С. кітапхананың меңгерушісі болды. 1979-2008 жыл аралығында Пальцева Л.В. кітапхана меңгерушісі болды. 2008 жылдың наурыз айынан бастап Любина Т.Р. меңгерушілік қызметін атқарып келеді.
№2 кітапхана филиалы А.Молдағұлова көшесінің 20 үйінде орналасқан. Көлемі 75 шаршы метр.
Кітапханада кітап беру бөлімі және оқырман залы, 3 кітапханашы жұмыс жасайды, кітапхана меңгерушісі – Любина Т.Р.(жоғары білімді, 11 жыл еңбек өтілі бар), Ишимова А.С (арнаулы орта білімді, 10 жыл еңбек өтілі бар), кітапханашы: Сертекова А.Н (арнаулы орта білімді).
Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз кітапты сақтап, ұсынатын оқырманға ақпарат беретін орталық.
Кітапхана тұрақты түрде жаңа әдеби туындылармен толықтыру жолға қайылған. Сонымен қатар кітапхананың ішкі жұмыстары жоспарлы түрде атқарылуда. «Елбасы жолдауы - баршаға», «Кітап – деген ғажайып әлем», «Тіл – қадірің, дін - қасиетің», және т.б. кітап көрмелері жасақталған. «Кітаптың өзі ескіргенмен, сөзі ескірмейді» демекші, кітапхана қорындағы сөздіктер, жазушылар туындылары, мектеп бағдарламасына байланысты кітаптар оқырмандардың сұраныстарына ие болып тұрады. №2 кітапханада 2007 жылдан бері оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Шаңырақ» клубы жұмыс жасап келеді. Аталмыш клубпен әр тоқсан сайын үлкен шаралар ұйымдастырылып тұрады.
№25 ОМ қазіргі 8 «г» сыныбы 5 сыныптан бастап «Шаңырақ» клубының мүшелері болды. Осы сыныппен 3 жыл бойы патриоттық бағытта көптеген шаралар өткізілді.
2014 жылдан бастап «Шаңырақ» клубы «Жас қыран» болып өзгертіліп, №36 ОМ 6 «а» сынып оқушылары клуб мүшелері болып қабылданды. Болашақта осы сыныппен патриоттық бағытта көптеген шаралар өткізіледі.
2013 жылғы «Бір ел–бір кітап» акциясы ақын Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты жыр жинағы таңдалып шаралар өтті. №36 ЖОББМ 8 «а», «б» сынып оқушыларымен «Жыр менің жалғыз тарланым» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
Оқырмандарды Қазақстан халық жазушысы, поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылық еңбектерімен тереңірек таныстырылды. Ақын шығармалары арқылы ұлттық намысты ояту, адалдықты, шыншылдықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Кітапханаға оқырмандарды тартудың жаңа бір түрі терезеге шығарылған «Ай-стоппер» көрмелері атаулы күндерге және пайдалы кеңестерге пайдалы кеңес беру бағытында шығарылды.
2014 жылдан бастап жаңа технология бойынша ескі және есептен шығарылған кітаптардан креативтік көрмелер жасалынуда.
Мектеп оқушылары жазғы демалысқа шыққанда түрлі экскурсиялар, саяхаттар ұйымдастырамыз.
Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәлім-тәрбие берер мәдени орындардың бірі – кітапхана. Біздің кітапханамыз өз уақытынң деңгейінде болып, мектеп тәрбие процесіне ат салысып, балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеуде белсене көмек беріп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |