2. Мақсаты, міндеттері: Озат педагогикалық тәжірибе ұғымымен танысу, ғылымда алатын орнын білу, оны оқып үйрену әдістерін, озат тәжірибені тарату жолдарын, озат тәжірибеге қойылатын талаптарды талқылау



бет1/3
Дата13.12.2023
өлшемі61 Kb.
#486380
түріСабақ
  1   2   3
3.1 Озат пед тәжірибесі


«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ
М. Қанапиянов атындағы жоғары колледж


Оқу сабағының жоспары
Озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым
(сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы___________________________________________
Педагог ___________________________________________ дайындады
20_ жылғы "___" ____________
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ __________________
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
2. Мақсаты, міндеттері: Озат педагогикалық тәжірибе ұғымымен танысу, ғылымда алатын орнын білу, оны оқып үйрену әдістерін, озат тәжірибені тарату жолдарын, озат тәжірибеге қойылатын талаптарды талқылау.
1. Жан-жақты жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
2. Мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына белсенділік, жауапкершілік танытатын педагог қауымына инновациялық жұмыс түрлерін ұсыну;
3.Оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
4.Өз беттерімен білім ала білуі;
5.Білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
6.Оқушылардың жалпы дамуы.
3. Күтілетін нәтижелер: Озат педагогикалық тәжірибе және оған қойылатын талаптарды біледі, маңыздылығын түсінеді;Озат тәжірибені оқып үйрену әдістерін және тарату талқылайды, практикада қолдана алады;Озат тәжірибе иесіне керекті сапаларды және кедергі келтіретін факторларды ажырата алады.
4. Қажетті ресурстар: Интербелсенді тақта, компьютер, тақырыптық презентация.
5. Сабақтың барысы
Озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым және оны оқып үйрену әдістері
Жоспары:
1. Педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, оның ғылымда алатын орны.
2. Педагогикалық тәжірибені оқып, үйрену әдістері
3.Озат тәжірибенің белгілері және оған қойылатын талаптар
4.Озат педагогикалық тәжірибені тарату жолдары

1.Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау - күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі.


Педагогикалық тәжірибе — мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі, өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді таңдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді және басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, әріптесінің педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.  Педагогикалық тәжірибе көпшілікке арналған және озық болуы мүмкін. Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді, өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіндіктерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге, озық тәжірибе педагогика ғылымы мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызмет те атқарады.
Озат педагогикалық тәжірибе кең мағынада педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады. Олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап тарату керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет