2-Модуль. Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс 6-дәріс 1). Жоғары мектептегі білім беру мазмұны Жоспары



бет1/2
Дата01.03.2024
өлшемі28.16 Kb.
#493659
  1   2
6-дәріс


2-Модуль. Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс


6-дәріс (2.1). Жоғары мектептегі білім беру мазмұны


Жоспары:
1.Білім беру мазмұны экономикалық және әлеуметтік прогресс факторы ретінде.
2. Білім беру мазмұнын қалыптастыру қызметтері мен қағидалары.
3. Жоғары мектептегі білім беру мазмұнын реттейтін нормативтік құжаттар.
4. Білім беруді қалыптастыратын негізгі трендтер.
5. XXI ғасырдағы ұлттық сана шеңберінде білім беру саясатының болашағы.




Білім беру мазмұны - жас ұрпақтың өркениетті, демократиялық қоғамда өмір сүруі үшін оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесі мен дүниетанымды игерту. Білім мазмұны жаңа ақпарат ағымын саналы түсіну, оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді.
Білім беру мазмұны – бұл арнайы іріктеліп алынған және қоғамда қабылданған, білгілі бір сферада қызмет атқару үшін меңгеретін адамзат тәжірибесінің элементтер жүйесі. Білім мазмұны – білім, іскерлік, дағды және дүниетанымы мен жалпы тұлғалық қалыптасу деңгейі көрінетін түпкі нәтиже.
Білім беру мазмұнын анықтау өте күрделі міндеттердің бірі. Білім мазмұнын анықтауға объективтік және субъективтік факторлар әсер етеді. Объективтік: қоғамның, ғылым мен техниканың дамуы; Субъективтік: қоғамдағы саясат, идеология, ғалымдардың методологиялық позициялары.
Педагогикадағы білім беру мазмұнын анықтау теориялары: формалды және материалды білім беру теориялары.
Формалды білім беру теориясы – Джон Локктан (ХҮІІ ғ.) бастау алып, Песталоцци, Кант, Гербарт т.б. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.) жалғасты. Олар рационализм философиясы теориясын ұстанды, демек тілдерді меңгертуді білім алушыны дамыту құралы деп есептеді, әсіресе, ертедегі грек, латын тілдерін, математиканы үйретуді таңдады. Ал, химия, физика пәндері жалпы табиғатты тану ретінде меңгерілді.
Материалды білім беру теориясы – ХҮІІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. өріс алды, шаруашылық пен ғылыми-техниканың дамуы ғылыми-жаратылыстану, техникалық тәжірибесі мол мамандарды дайындауды талап етті. Бұл теорияны жақтаушылар эмпиризм (грекше «тәжірибе») философиясын ұстанды. Осыдан ғылыми-жаратылыстану ғылымдарын меңгертуге үлкен үлес тиді, нәтижесінің өлшемі ретінде білімнің өмірге қажеттілігі есептелді. Бұл екі теория да біржақтылық танытты. Кезінде К.Д.Ушинский осы теорияларды қатты сынға алған.
Педагогикада білім берудің ғылыми мазмұнын анықтау теориялары. Педагогика ғылымындағы білім берудің ғылыми мазмұнын анықтау теориялары және оны жетілдіруге қойылатын ғылыми талаптар жүйесі: тәрбиенің негізгі мақсатына бағытталуы – жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеу адамды өмір сүруге дайындау; білім мазмұнын ғылыми негізде құру; ғылыми жүйенің логикалық құрылуы; пәнаралық байланысты сақтау; теория мен практиканың байланысы, өндіріспен ұштастыру; білім алушының жас ерекшелігімен сәйкестендіру.
Фундаментальдылық, тұлғаның қызығушылығын қанағаттандыру мақсаттылығы және бағыттылығымен қатар білім берудің жаңа парадигмасының көрінісі. «Фундаментальді ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім адамға дүниенің қазіргі таңдағы біртұтас ғылыми-жаратылыстану туралы түсінік беруге, кәсіби қызметті бағалау үшін ғылым іргетасын қалап, тұлғаның шығармашылығын дамытуға және өз мүмкіндігі, қабілеті, қажеттілігін тану арқылы өмірлік бағдарламасын жасауға мүмкіндік тудыруы керек» (ЮНЕСКО-ның халықаралық меморандумы). Егер, 1960-1980 жылдары білім беру «бәрінен аз ғана білу» формуласымен сипатталса, 1990 жылдары одан «Жаңа жағдаяттарды тану үшін барлығының мәнін білу» - ге көшті. Барлық пәндердің негізгі мәнін білу арқылы ортақ ақпарат жинақтау білім алушыға әсіресе, студентке болашақ маман ретінде қойылатын негізгі мақсат. Оқытудағы мәндік тұрғы жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар синтезін құрайды. Оқытудағы мәндік ұстаным – бұл оқытушылардың студенттің қабілетін дамыту бағытында пәнаралық байланыс негізінде олардың (пән мазмұнының) мәнін жүйелі ұғынуға жағдай жасайтын жүйелі, синергетикалық («синергия» - грекше серіктестік, екі адамның бір бағыттағы бірлескен әрекеті) ұстаным.
Жоғары білім мазмұнын айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттар: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар. Қазақстан Республикасының Конституциясында (1995 ж.) «мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек» деп көрсетілген (30 бап, 4-тармақ). Стандартта жоғары білім беретін оқу орны дайындайтын мамандығына сәйкес білім мазмұнына, оқу жүктемесінің көлеміне және бакалаврлардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар беріледі. Стандарттың ережелері олардың ведомстволық бағыныштылығынан, ұйымдық-құқықтық оқыту нысандарынан тәуелсіз, бакалаврларды және дипломды мамандарды дайындауды іске асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін қолданылуы және сақталынуы міндетті.
Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандартында типтік оқу жоспары беріледі. Типтік оқу жоспары – мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалатын және студенттердің меңгеруге қажетті ең аз көлемдегі кредиттерін, бақылау формаларын, сондай-ақ оқытудың қосымша түрлерімен қорытынды атестаттауын көрсете отырып жалпы білім беру пәндері (ЖБП), базалық пәндер (БП), кәсіптендіру пәндері (КП), циклдеріне шоғырландырылған оқу пәндері тізімі тұрғысынан міндетті компоненттерді белгілейтін негізгі оқу құжаты.
Типтік оқу жоспарында белгіленген әрбір оқу пәніне типтік оқу бағдарламасы дайындалады. Типтік оқу бағдарламасы – ол мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалып, типтік оқу жоспарындағы міндетті компонент пәндерінің мазмұнын, оқу көлемі мен тәртібін анықтайтын, меңгеруге қажетті негізгі білімдер, іскерліктер, дағдылармен құзыреттіліктер тобын, ұсынылған әдебиеттерді көрсететін және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы өкілетті органымен бекітілетін оқу құжаты.
Маман дайындауда типтік оқу жоспарында көрсетілген Жалпы білім беру пәндері, Базалық пәндер, Кәсіптік пәндер блогындағы міндетті компоненттегі пәндер тізіміне енген пәндерді барлық студент міндетті түрде оқиды. Міндетті компонент – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты белгілеген және оқу бағдарламасы бойынша студенттің міндетті түрде оқитын оқу пәндері көлемінің тізімі. Сонымен қатар Жалпы білім беру пәндері, Базалық пәндер, Кәсіптік пәндер блоктарының әр қайсысын тереңірек меңгеру мақсатында таңдау бойынша компонент құрылады. Бұл пәндер тізбегі жоғары оқу орны жұмыс берушілермен бірлестікте ғылыми жаңалықтар және қоғам мен өндіріс қажеттілігіне байланысты ұсынылады. Осы блоктағы пәндерді студенттер өз қалаулары бойынша таңдап оқиды. Яғни, таңдау бойынша компонент – жоғары оқу орны ұсынатын, барлық академиялық кезеңде оқытылатын студенттердің жеке таңдалған пәндерінің тізімі. Сондай-ақ, оқу бағдарламасында берілген мазмұнды меңгеру мақсатында пререквизиттер мен постреквизиттер көрсетіледі. Жоғары оқу орны студентінің білім мазмұнын меңгеруде ескеретін жайлардың сол пәнді меңгеруге дайындығын анықтау және осы пәнді меңгерудің келесі пәнді меңгерудегі орнын білу болып табылады. Олай болса, өз кезегінде оқытушы пререквизиттермен постреквизиттер туралы білулері қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет