2 программа формаларының сипаттамасы 20



бет1/5
Дата07.07.2016
өлшемі1 Mb.
#182875
  1   2   3   4   5


МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ 8

1 ПРОГРАММАНЫ ДАЙЫНДАУ ОРТАСЫ 9

1.1 DELPHI ОРТАСЫН ІСКЕ ҚОСУ 9

1.2 ПРОЕКТ. ФОРМА. ҚАСИЕТТЕР. ҚАСИЕТТЕР ТЕРЕЗЕСІ 10

1.3 ОҚИҒАЛАР. ПРОГРАММАЛЫҚ КОД ТЕРЕЗЕСІ 12

1.4 ПРОГРАММА ҚҰРЫЛЫМЫ. НЕГІЗГІ МОДУЛЬ . МОДУЛЬ. ӘДІС 14

1.5 БЕРIЛГЕНДЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ. БҚ-МЕН ЖҰМЫС 17

1.6 DATABASE DESKTOP УТИЛИТАСЫ 18

2 ПРОГРАММА ФОРМАЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 20

2.1 Негізгі форма 20

2.2 Мәліметтер енгізу формасы 23

ҚОРЫТЫНДЫ 7

5 Бизнес-жоспар бӨлімі 10

1.1.Аннотация 10

Кіммен жасалған: Торубаев Ғалымжан. 10

5.2 Резюме 10

Алгоритімді құруға кеткен шғындар 11

Техникалық құралдапға кеткен шығындар 11

Бағдарламаны енгізу шығыны 11

Эксплуатациялық шығын 11

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16








КІРІСПЕ


Нарықтық экономика бағытымен дамып келе жатқанын әлем жұртшылығы мойындап отырған қазіргі Қазақстан қысқа мерзім ішінде әлемдік цивилиацияға қарқынды ұмтылыс жасады. Біздің қоғам өзінің дамуындағы жаңа саты – экономиканың үдемелі ғылыми-техникалық, инновациялық және инвестициялық дамуына және адам факторы әсерінің күшеюі жағдайына өтуде. Глобализациялау процестері әлемдік экономикаға сандық және сапалық өзгерістер алып келеді. Әлеуметтік-саяси құрылымды елдердің көпшілігіндегі экономика біркелкі нарықтық заңдар бойынша дамып келеді. Түрлі бағытардағы келісім мен интеграция дамып келеді.

Нарықтық экономикамен етене байланысты халықтың тұрмыс-тіршілігі көтеріліп келеді, соған байланысты қоғамымызда адам факторының, оның тіршілік қам-қарекетінің көп уақыт бөлуді талап ететіні байқалады. Яғни әрбір тұтынушы белгілі бір тауарды сатып алу үшін ұзақ күнді уақытын сарыптау оның ең алдымен жүйке жүйесіне, жаржылық жағдайына және жалпы жұмыстағы табысына кері әсерін тигізбей қоймайды. Мысалы, сапасы жоғары италяндық аяқ киім іздеген адам қаланың түкпір-түкпіріндегі дүкендер мен маркеттерді аралай жүріп, алдымен бір немесе бірнеше тәулік уақытын, сонан соң қаншама жүйкесін, сонымен қатар, біршама қаражатын сарыптап үлгереді. Нәтижесінде, ол өзі қалаған аяқ киімді тапса жарар, ал егер таппаса ше. Бұл кезде оның ден-саулығына үлкен нұқсан келуі мүмкін.

Ал, енді, осы жағдайда ол небары санаулы минуттардың ішінде тұтынушы анықтамалығынан өзіне қажетті италяндық аяқ киім жайлы барлық ақпаратты желіге қосылған компьютер көмегімен анықтап, әрі ден-саулығын, әрі «алтын» уақытын және қаражатын сақтап, оның үстіне сол үнемделген уақытты тағы да қомақты пайда табуға жұмсауына болар еді. Егер программа көмегімен қажетті тауар табылса, оны үйге жеткізіп беруге тапсырыс беруге, ал табылмаса, арнайы дүкендерге тапсырыс беруге де болатындығы айтпаса да түсінікті. Міне осы жағдайларды ескере келе, мен қазіргі күннің аса өзекті мәселелерінің бірін шешуге әрекеттендім.

Мен құрған программалық жабдық тауарлар мен сауда ұйымдарының мәлеметтерін қазірше қолдан ендіруге, қажетті тауар не маркет жайлы мәліметтерді имитация арқылы іздеп табуға, тапсырыс беруге, мәлеметтерді арнайы кесте арқылы көріп шығуға және мәліметер ағынының ішінен қандай да бір белгілері бойынша оларды топтастыруға және т. б. мүмкіндік береді.

Бағдарламаның қазірше Интернет желісін пайдалану мүмкіндіктері шектеулі болғанымен, сауда орталықтарында мәліметтерді ендіруге, сорттауға, ал тұтынушы компьютерінде қажетті ақпаратты іздеп табуына толық жарамды.


1 ПРОГРАММАНЫ ДАЙЫНДАУ ОРТАСЫ



1.1 DELPHI ОРТАСЫН ІСКЕ ҚОСУ

Microsoft Windows терезесі арқылы Delphi –ді іске қосу командасы:



Іске қосу – Программалар – Borland Delphi6  Delphi6

Экранда Delphi ортасының келесі үш терезесі көрінеді (2.1-сурет).



2.1-сурет. Delphi ортасы


  1. Delphi6-ның негізгі терезесі;

  2. Форма (Form1);

  3. Обьект инспекторы терезесі (Object Inspector).

Жалпы ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де іске қосылады. (Unit 1. pas). Форма терезесінің астында орналасатын-дықтан, ол алғашқыда көрінбейді.

Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер политрасы енгізілген (2.2-сурет). Негізгі мәзір пунктеріне (ішкі мәзірлерге) Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.



2.2-сурет. Негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы



1.2 ПРОЕКТ. ФОРМА. ҚАСИЕТТЕР. ҚАСИЕТТЕР ТЕРЕЗЕСІ


Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма-программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. (2.1-сурет). Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес.

Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатады. Негізгі компонентердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементте панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.

Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оы экранға шығару үшін View-Forms командасын беру жеткілікті.

Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің түрлі қасиеттері бар (оларды компонент “паспорты” деп те атайды). Қасиет (Сипаттама, параметр)-айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.

Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін ) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі 2.1-суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events ( Оқиғалар). Терезеашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулытұрады. (2.1-сурет) Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар-олардың мәндері.



Форма қасиеттері:

Name (Атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің (компоненттердің) негізігі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып танитын. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктелген атауын Form1 орнына KvTend атауын енгізу. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.

Font ( Шрифт) – фррмаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде сұқпаттық шрифт таңдау терезесі көрінеді (2.3 - сурет). Терезеден әдеттегідей , қажетті шрифт типін өлшемін таңдап ( мысалы, Times Kaz, 10), ОК түймесін шерту керек .


2.3-сурет. Шрифт таңдау терезесі

Caption (Тақырып, бетіне жазу) – форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне тақырып үшін Form1 cөзі енгізіліп қойылған. Оны “Redaktor” не басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетіне мән меншіктеу тәсілі сияқты ( қасиет мәні енгізілген соң КҚ ( каретканы қайтару , енгізу клавишін басып қойған жөн)

Color (түс) –форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі –қасиет мәнінің бірнеше екенінің белгісі. Тілсызық белсісін шерткен кезде мәнедер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түсті шерткен. Соң форма сәйкес түске боялып қойылады.

Width (Ен), Height (Биіктік) –пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).

Объект қасиетін программа ( программалық код) ішінде орнату да мүмкін. Мысалы, форма тақырыбы шрифтінің өлшемін 14 ету үшін программаға Form1. FontSize :=14 меншіктеу операторын енгізуге болады.

Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде таңдап, F1 клавишін басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Delphi-де анықтамалар ағылшын тілінде жазылады. Ол түсініксіз болса, экранда орысша аудармасын көрсететін “Coкpaт 97” сияқты арнайы дайындалған программаны пайдаланған жөн ( мұндай программа компьютерге орнатылса, оны пайдалану қиын емес).

Экранда қасиеттер терезесі көбінесе, оны шығару үшін View-object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді.

Ескерту. Жаңа проект іске қорсылған кезде алдымен DephiDirect терезесі іске қосылуы мүмкін. Терезеден DephiNews бумасын таңдау жеткілікті.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет