Windows-тағы сияқты Dephi–де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнату, формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни , оқиға –программаның жұмыс істеуі кезінде объект жағдайының өзгеруі .
Dephi-де әр оқиғаға атау атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны - 35 (2.4-сурет). Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жзылады. Ол - атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.
2.4-сурет. Форма оқиғалары
Dephi ортасында жиі кездесетін оқиғалар :
On Click-тышқан түймесін бір рет басу;
OnDblClick-тышқан түймесін екі рет басу;
OnKeyDown-клавишті басу;
OnKeyUp-басылған клавишті босату;
OnMouseDown- тышқан түймесін басу;
OnMouseUp- тышқан түймесін босату;
OnMouseMove- тышқан көрсеткішін жылжыту;
On Create- форманы екі рет шерту, т.б.
Dephi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде Project1 атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырған. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі ( олар 2.4-тақырыпта кең түрде қарастырылған). Программа мәтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. 2.1.-тақырыпта ескертілгендей, Dephi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері:
- форманы жабу (түймесін шерту);
- код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе белсендірілуі түрде ашылады да онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлінген класс және процедура атауларынан тұрады (2.5-сурет), т.б.
Жалпы, формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті. 2.5-суретте көрініп тұрғаны – терезесіне енгізілген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуіш не оқиғаны өңдеу процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:
Procedure <атау> (Sender: TObject);
<сипаттау бөлімі>
begin
<процедура денесі>
end;
мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін анықтайды .
Терезенің сол бөлігіндегі-браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.
2.5-сурет. Редактор терезесі.
1.4 ПРОГРАММА ҚҰРЫЛЫМЫ. НЕГІЗГІ МОДУЛЬ . МОДУЛЬ. ӘДІС
Кез келген программа program сөзінен басталатын проект файлы мен бір не бірнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль ішіне енгізіледі. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтілуі бойынша сақталынады. Проект файлын негізгі модуль деп атайды. Негізгі модульдің мазмұны проектінің жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi іске қосылған кезде оны автоматты түрде дайындап шығады. Негізгі модульге ерекше жағдайлардан басқа кездерде қосымша нұсқаулар енгізудің қажеті жоқ. Негізгі модуль (проект):
Program Project1;
Uses
Forms,
Unit1 in ‘Unit1. pas’{Fopm1};
{$R*.RES}
begin
Application. Initialize;
Application. CreateForm(TForm1, Form1);
Application. Run;
end.
мұндағы,
Projectl – негізгі модуль (проект) атауы. Проектіні дайындап, жаңа атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;
Uses – (қолдану) – Турбо Паскальдағы сияқты, қызметші сөз. оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кітапханалық) Forms модулі мен Delphi –ден соң оның қайсы модульдік файлда құрылатыны (in ’Unit1.pas’) және онымен байланысты фома атуы көретіледі ({Form1}).
{$R*.RES} – нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows көмегімен дайындалған қолданбалы программаның) қор сипаттамаларын, мысалы, шартбелгілер (пиктограммалар) сақталған файлды және т.с.с. пайдалану керектігін көрсетеді (файлдың кеңейтілуі - .res);
begin – end операторларының аралығына енгізілген соңғы бөлім – қосымшаның алғашқы жүктелуін қамтамасыз ететін әдістер (Delphi-де арнайы іс-әрекетті орындайтын процедура, функция және командалар әдістер делінеді):
Application. Initialize-қосымша объектісін инициалдау (программаны алғашқы рет дайындау) әдісі;
Application. CreateForm-проект құрамына енетін форманы дайындап, экранда көрсету әдісі (сreate-құру);
Application. Run-пограмманы іске қосуды қамтамасыз ету әдісі.
Delphi-де әдістің командалық түрде жазылуы:
<Объект>. <Әдіс>
Мысалы, Application. Initialize- Application объектісінің Initialize әдісін орындау
Кейбір жағдайда бөлімге проект сақталатын бума атын меншіктеу командасын қосып қою да мүмкін, т.б.
Жалпы , Delphi-де программаның орындалуы автоматты түрде негізгі модульді орындаудан басталады.
Модуль-түрлі іс-әрекеттерді орындауға арналған программа бөлімі. Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметші сөзінен басталып, соңына әдеттегідей нүктелі үтір (;) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы: Unit1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты түрде құрылады:
Unit Unit 1;
Interface
Usis
Windows, Messajger, Sys Utils, Classes,
Graphics, Controls, Fopms, Dialogs;
Type
TForm1=class(TForm)
Private
{Private declarations}
public
{Public declarations}
end;
var
Fopm1: Tform1;
Implementation
{$R*.DFM}
end.
Интерфейс ( interface ) бөлімі interface кілттік сөзімен басталады да, оған келесі бөлімдер енгізіледі: Usis-Турбо Паскальда пайдаланатын бөлім сияқты, стандартты модуль атаулары жазылады, бөлімге пайдаланушы дайындалған модуль атауын кірістіріп қою да мүмкін. Одан әрі, Delphi дайындаған форма типі сипаталалып, олардан соң модульге жазылатын процедуралар мен функциялар (программа элементтері) жарияланады, т.б.)
Private (жеке, дербес) бөліміне тек ағымдық модульге тиісті элементтер енгізілуі мүмкін (элемент-өрістер, әдістер, қасиеттер мен оқиғалар); Public(көпшілік) бөлімінің ішінде ағымдық модульге қол жеткізуге болатын кез келген программа не модульдің көрінетін элементтері, облыстары енгізіледі. Олар класқа енетін элементтердің пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан , әдетте (көп жағдайда) олар бос көрінеді.
Implementation (іске асыру, орындау) бөліміндегі {$R*.DFM} -.dfm кеңейтілуі бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульді оған сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады. (файлға форма қасиеттерінің мәндері жазылып қойылған. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерінің де сипататмаларын бойында сияқты. Қасиеттер сәйкес Object Inspector терезесінде көрінеді). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тілінде қажетті процедураларды қолдан кірістіру керек. Олардың ішіндегі оқиғаны өңдеуіш процедуралардың тақырыптары модульдің интерфейс бөлімінде автоматты түрде жазылып қойылады.
Кейде модульдің соңына инициалдау (initialization) бөлімі енгізіледі. Бөлім модуль айнымалыларын инициялдап, (бастапқы мәндер беріп) программаны дайындау үшін қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлім басқаруды программа денесіне беруден бұрын орындалады. Бөлім нұсқауларын begin және end кілттік сөздерінің арасына енгізу керек. Жоғарыда көрсетілген сияқты, бөлім толтырылмаса, begin сөзі жазылмай, оған тек end сөзі енгізіледі. Ол – модульдің соңын білдіретін кілттік сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |