2-ші сынып оқушыларына арналған "Жылдам оқу" таңдаулы курс сабағының жоспары



бет4/6
Дата01.11.2023
өлшемі42.52 Kb.
#482107
1   2   3   4   5   6
Жылдам оқу

6. Көру диктанттарын жаздырту. Оқу техникасының қарқыны көп жағдайда оперативті жадының нашар дамуына байланысты тежелетіні анықталған. Ол калайша? Мәселен, оқушы 6-8 сөзден тұратын сөйлемді оқиды. Үшінші-төртінші сөздерді оқуға келгенде алғашқы бipiншi сөзді ұмытып қалады. Соның әсерінен оқушы сөйлемнің мағынасын түсіне алмайды. Бұл жағдайда оқушының оперативті жадын жаттықтыру керек. Бұл профессор И.Т. Федоренко жасаған көру диктанттарының көмегімен жүзеге асырылады . Әp6ip 18 жинаққа 6 сөйлемнен енгізілген. Жұмыстың жүргізілу тәртібі: Taқтaғa 6 сөйлемнен тұратын бipiнші жинақ ілінеді.(Әрине алдын ала) Балалар диктантты жазуға дайын болған кезде ,бірінші сөйлемді ашамыз. Бала сөйлемді оқып еске сақтайды.(Арнайы көрсетілім уакыты беріледі) Берілген уақыт аяқталысымен мұғалім тақтадағы жазуды өшіреді. Оқушылар дәптерлеріне есте сақтағандарын жазады. Осылайша келесі сейлемдер ашылып отырылады. Бастапқы кезде кейбір оқушылар есіне сақтай алмай не icтepiн білмей қалады. Мұндай жағдайда балаға «әзірше көршіңнен карап алып жаз», «келесі сөйлемді өзің eciңe сақтауға тырыс» деген көмек беріледі. Бастапқы кезде 6ip жинақты үш күн, үш рет қайталатып жаздыруға болады. Әр диктантты жүргізуге 5-8 минут уақыт жұмсалады. Бұл жұмыстың ерекшелігі 6ipiншi жинақта әpin саны 8-10, сөз саны 2-5 болса,18-ші жинақта бала 46 әріптен тұратын, 7-10 сөзден тұратын сөйлемді алғашкы жинақтағы көрсетлім уақытындай мезгілде есте сақтап, жазуға дағдыланады.
7. Бірнеше дүркін оқу. В.Н.Зайцев И.Т.Федоренко мен И.Т.Пальченконың жүйесінен үш типті жаттығуларды бөліп алады.
Бұлар: а) бірнеше дүркін оқу, ә) жаңылтпаш қарқынымен оқу, б) мәтіннің таныс емес бөлігіне өте отырып, мәнерлеп оқу. Аталған жаттығулардың барлығы ұжым болып жүргізіледі, яғни оқушылардың барлығы 6ip уақытта жартылай дауыспен оқиды.
Бірнеше дүркін оқу жаттығуы төмендегіше жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың барлығына бір минут барысында оқып шығуды ұсынады. Әp6ip оқушы өзінің 6ip минут ішінде оқыған сөзін белгілейді. Оқу қарқыны оқушыға жағымды көңіл- күй әкелгендіктен, ол қайта-қайта оқығысы келеді. Әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі екені ecкepiлyi тиіс. Сондықтан_көлемі бірдей үзінділерді ұсынуға болмайды. Алайда бір үзіндіні үш реттен артық оқуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет