2-ші сынып оқушыларына арналған
“Жылдам оқу“ таңдаулы курс сабағының жоспары
Түсінік хат
2018-2019 оқу жылындағы 2-ші сынып оқушыларына арналған “Жылдам оқу“ таңдаулы курс сабағының жоспары ұсынылып отыр.
Бұл курс, биылғы оқу жылында 2018 жылдың 10 мамырындағы №199 бұйрығымен оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен облыстық "Оқу шаттығы" әлеуметтік-педагогикалық жобаны басшылыққа ала отырып, білім мазмұнының жаңаруына сай, оқудың төрт дағдылары арқылы функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыратын игі мақсаттардан туындап отыр.
Функционалды сауатты адамды қалыптастыру - қазіргі мектептің маңызды міндеттерінің бipi. Функционалды сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптарда қаланады.
2-сыныптағы жүргізілетін «Жылдам оқу» бағдарламасының ерекшелігі балалардың коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандарын қалыптастыра отырып, сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Жылдам оқытудың практикалық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып, көркем шығармалар түрін мәнеріне келтіре оқиды. Сондай-ақ, ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бағдарлама адамның ішкі рухани жан дүниесінің байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
Әр сабақ сайын бір ертегіден оқып, негізгі сөздерді табады. Сабақ сайын мәтін уақытқа оқылып, талданып отырылады және оқу техникасының динамикасы жасалады.
«Жылдам оқу» курсының мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының оқу шапшаңдық дағдыларын калыптастыра отырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету, оқырмандық қызығушылығын мен сауаттылығын дамытып, оқырмандық мәдениетке баулу. Аталған мақсатқа төмендегідей міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі.
Міндеттері:
1.Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру және олардың оқырман қызығушылығын арттыру үшін оқыту тәсілінің тиімді әдістерін таңдап алу.
2.Бастауыш сынып оқушыларының түйінді құзіреттіліктерін дамыту, оқырмандық қызығушылығын ояту.
3. «Оқырман клубы» арқылы отбасылық оқуға ықпал жасау, ата- аналарға кітап оқу- келешек ұрпақтың рухани азығы екендігін жеткізу.
4.Оқырмандық және функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді механизімдерін таңдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын жетілдіру. 2
5. Балалар әдебиетінің, озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалык, талғамын арттыру, ізгілікті- елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
6. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру;
7.Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық қабілетін дамыту, көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншілігін арттыру;
Өзектілігі:
Қазіргі кезде мектеп оқушыларының оқу қызығушылығының төмендеп кету себептері;
Оқу дағдысының қалыптаспауы, жалпы білім жетістіктеріне әсер етуі.
1.Бұқаралық ақпарат құралдары ықпалының артуы;
2.Қоғамдық өмірдің күрт өзгеруі;
3.Ересектердің балалармен біріге оқу әрекет ұстанымының өзгеруі;
Проблемалар:
Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер
Оқу шапшаңдығын тежейтін себептер өте көп, олардың ішінен негізгі 7 кедергіні атап өту орынды.
1. 1с-әрекеттің табиғи қарқыны.
2. Регресс.
3. Антиципация.
4. Артикуляция.
5. Көрудің аз кеңістігі.
6. Зейіннің деңгейі.
7. Жады. Аталған себептердің әрқайсысы оқу қарқынына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |