2-сыныптың математика
пәніне арналған үлестірмелі дидактикалық материалдар
Дайындаған : Ахмедина Майра Қанатқызы
Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Алғы сөз
Математика пәні қызық та, күрделі пәндердің бірі. Көбіне оқушылардың білім деңгейіне,дайындығына сәйкес, уақыттың болуына қарай өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру үшін қосымша тапсырмалар ұсынып отырамыз. Бұл
жұмыс түрі баланың бағдарламаға қаншалықты түсінгенін көрсетеді,әрі өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады, математикалық білімді жүйелейді.
Ұсынылып отырған жинаққа енгізілген тапсырмалар мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді деп ойлаймын. Себебі, тапсырмалар оқулықтың тақырыптары мен тарауларына сәй-кестендірілген:
1. Жүз көлеміндегі сандар
2. Ауызша қосу және азайту
3. Кестелік қосу және азайту
4. Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту
5. Мың көлеміндегі сандар
6. Көбейту және бөлу
«Математика ақыл-ойды тәртіпке келтіреді»,- деген рас.
Соған орай берілген тапсырмалар да мазмұнына сай шартты белгілермен көрсетілді:
Оқы және есептеп жаз
Қызықты тапсырмалар
Сызу жұмыстары
Бұл құрал оқушылардың математика сабағына қызы- ғушылығын арттырып, берілген материалдарды еркін меңгеру үшін тиімді де, пайдалы болсын дегім келеді.
Жүз көлеміндегі сандар
1-тапсырма
Сандарды өсу ретімен жаз: 20,9,7,10,2,6,3,40
5,10,15,20.....
Сандарды қара. Келесі үш санды атауға тырыс.
2-тапсырма
Разрядтық қосылғыштарға жікте:16,27,18,50,42,65,3.
Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?
3-тапсырма
Амалдарды орында:
5+5-4 4+4-2 40-20+70 60+40-30
3-2+6 6-3+7 80+10-50 100-20-30
Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр?
4-тапсырма
Мына сандарда неше бірлік бар?
10,25,30,40,2,3,76,100
5-тапсырма
Ондықтарының және бірліктерінің орнын ауыстырғаннан мәні өзгермейтін неше екі таңбалы сан жазуға болады?
Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?
6- тапсырма
3,7,10 сандарын пайдаланып теңдіктер құр.
Бір айда бес жексенбі бола ала ма?
7-тапсырма
19 м * 10 см 90 бірл. * 9 онд. 0 бірл.
8 дм * 79 см 3 онд. 7 бірл. * 39 бірл.
9 дм * 90 см 1 жүзд * 100 бірл
7 дм * 60 см 1 м * 10 дм
Ұзындығы 7 см және 3см екі кесінді сыз. Осы кесінділердің қосындысына тең кесінді сыз. Осы кесінділердің айырмасына тең кесінді сыз.
8-тапсырма
1-ден 100-ге дейінгі қатарда неше бірлік бар?
Есепті шығар және екі кері есеп құрастыр.
Айнұр 4 қызыл шар және 6 көк шар сатып алды. Айнұр барлығы неше шар сатып алды?
9-тапсырма
Аулада қаздар жүрді. Дана 6 аяқ санады. Аулада
қанша қаз бар?
Есепті шығар және екі кері есеп құрастыр.
Айнұр 4 қызыл шар және 6 көк шар сатып алды. Айнұр барлығы неше шар сатып алды?
10-тапсырма
1-ден 100-ге дейінгі қатарда неше бірлік бар?
Өрнек түрінде жаз және оның мәнін тап:
а мен 7-нің, а мен 30-дың айырмасын, мұндағы а ═ 40;
а мен 40-тың, 20 мен а-ның қосындысын, мұндағы а ═ 30.
Ауызша қосу және азайту
1-тапсырма
68 71 35 44 93
60 8 □□ □ □□ □ □□ □ □□ □
Үшбұрыштың бір қабырғасы 3см, ал екінші қабырғасы одан 2
см ұзын, үшінші қабырғасы екіншісінен 2 см қысқа.Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығының қосындысын тап.
Достарыңызбен бөлісу: |