Оқушылардың республикалық
олимпиадасына іріктеу
(облыстық кезең)
І тур – эссе жазу
9-сынып
Жазба жұмысты бағалау тәртібі:
1. Эссенің құрылымы және тұтастығы – 10 ұпай
2. Тақырыптың ашылуы және өзіндік пайым – 10 ұпай
3. Деректер мен сілтемелер келтіру деңгейі – 10 ұпай
4. Әдеби тіл нормасы және шығарманың стилі – 10 ұпай
5. Емле және тыныс белгілер – 10 ұпай
Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50
ЭССЕ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. Махамбеттің «Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»
өлеңдеріндегі ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз.
2. Біржан мен Сара айтысы – айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі екенін
дәлелдеңіз.
3. Шешеннің сөзі – шамшырақ.
Эссе тақырыптарының біреуі – еркін тақырып, екеуі оқу бағдарламасына
сәйкес таңдалған.
ЕСКЕРТУ. Эсседен алған ұпайлары тең болған жағдайда оқу
бағдарламасы бойынша жазылған эссеге басымдық беріледі.
•
Тапсырманың орындалу уақыты 150 минут