2-тоқсан, 1-бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.
ІІ нұсқа
1. Берілген үзіндідегі кейіпкердің психологиялық жай-күйін анықтаңыз.
Боз ағаштай биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім,
Жандаспай-ақ бір тынбан.
Томағалы сұңқармен едім,
Толғамалы найзамен,
Толықсып жауға шапқанда,
Бір озғанмын жұртымнан.
А) ашу-ыза, қызғаныш
В) барлық жауаптар дұрыс
С) мақтаныш, өкініш
Д) ішкі ашу-ыза, кек
[1]
2.Үзіндіде кейіпкердің қай кезеңдегі толғанысын білдіреді?
Ағайынның басы еді,
Асыл ердің қасы еді.
Исатайды өлтіртіп,
Қырсық шалған біздің ел,-
А) ақынның мақтанышы
В) ақынның жалғыздығы
С) батырынан айырылған елге өкініші
Д) соғысқа аттанғандағы мақтаныш сезімі [1]
3.Білмеймісің, Кәрібоз,
Мойныңдағы жазаңды,-дегендегі Наурызбай сөзінің астары нені меңзеп тұр?
А) қырғызды паналаған Кенені бағаламағанын,елшіні өз жолдарымен өлтіргенін
В) қырғыз батырларын жеңген Наурызбайдың жауға жалғыз шапқанын
С) қазақтан көрген қорлықтарын тізбелегенін
Д)Ержанды қырғыздардың қолға түсіруі [1]
4.Төменде берілген кейіпкерлердің сөздерін сәйкестендіріңіз.
№
|
Кейіпкер
|
Кейіпкер сөзі
|
1.
|
Наурызбай
|
Қаза жетсе, өлермін.
Арманда болып кетпеспін,
Бір соғысқа келермін.
Жаппар ием жар болса,
Сазаңды әлі-ақ берермін
|
А
|
2.
|
Кенесары
|
Ержан болса қасымда
Бөлекше туған тұлғасы,
Болар ма едім қазаққа
Әзіл сөздің олжасы?!
|
В
|
3.
|
Байұзақ датқа
|
Дұшпаннан бітсін ар,-дейді.
Қолдағы өңшең батырдан
Іріктеп бәрін ал,-дейді.
Екі-үш жүздей кісімен
Ойыңды барып сал,-дейді.
|
С
|
4.
|
Кәрібоз
|
Бидері кірді майданға,-
Қырғыздың бір баласы.
Оның бізден артық па
Атасы мен анасы?!
Таусылдың ба, Мәмбеттің
Найза ұстаған баласы?-
|
Д
|
А) 1А, 2Д, 3С, 4В
В) 1С, 2А, 3В, 4Д
С) 1А, 2В, 3С, 4Д
Д) 1В, 2С, 3Д, 4А
[1]
5.«Ыстықкөл күнделігінде» Шоқанға қырғыздар неліктен сеніммен қарай бастады?
А) орыс офицері киімін киіп алғандықтан
В) қазақ сұлтаны, хан тұқымы екендігін білгеннен
С) жүдеу денесі мен қан-сөлсіз бетіне қарап
Д) қырғызға ұқсайтын болғандықтан
[1]
2-БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |