2002 жылы республикада байланыстың дамуы



Дата29.02.2016
өлшемі14.35 Kb.
#33768

2002 жылы республикада байланыстың дамуы

2002 жылы республиканың байланыс кәсіпорындары 114,8 млрд. теңгенің қызметін көрсетті, бұл 2001 жылғы көлемнен салыстырмалы бағалармен 17,3% артық. Аса мол табыс деректерді беру желісінің (35,2%), ұялы телефон байланысының (27,8%) қызметтерінен, әмбебап таксофондардың смарткарттарын өткізуден (26,7%), курьерлік байланыстан (25,7%) түсті.

Саланың жедел дамуы байланыс қызметтерін көрсетуден алынған табыстың өсуімен сипатталады.

млрд. теңге






1999ж

2000ж

2001ж

2002ж

Негізгі қызметтен түскен табыс, балығы

49,5

68,3

90,3

114,8

2002 жылы еліміздің заңды тұлғалары мен халқына 110,2 млрд. теңгенің электр байланысының қызметтері көрсетілді. Диаграммада осы табыстардың құрылымы көрсетілген.

Соңғы үш жыл - республикада ұялы байланыстың қаулап даму кезеңі. Ұялы байланыс абоненттерінің саны 2000 жылғы 98,7 мыңнан 2002 жылы 912,8 мыңға дейін өсті, яғни 9 еседен де көп. 2002 жылы республиканың 1000 тұрғынына 61,5 ұялы телефоннан келді.

Интернет те кеңірек тарай бастады: жыл ішінде жалпы алғанда 133,7 мың пайдаланушы Интернет аймағында 684,9 млн. минут болды. (2001 жылы - 97,7 мың пайдаланушы және трафиктің 359,5 млн. минут еді).

2002 жылдың соңында жалпы пайдаланудағы телефон желісінің негізгі телефон аппараты 2186,8 мыңға жетті, олардың 1901,3 мыңы - үйдікі.



Есепті жыл ішінде барлық заңды және жеке тұлғаларға 4641,1 млн теңгенің 134,9 млн бірлік пошта қызметі көрсетілді(2001 жылғы көлемнен 4,8% көп): 93,3 млн кезеңдік басылым таратылды, 16 млн хат , 1,3 млн сәлемдеме және 0,7 млн ақша аударымы жөнелтілді, 5,4 млн курьерлік жөнелтілім жеткізілді, 18,2 млн зейнетақы мен жәрдемақы төленді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет