2004 жылдың қаңтар-шілдесіндегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары Макроэкономикалық үрдістер



Дата23.02.2016
өлшемі32.23 Kb.
#5690
2004 жылдың қаңтар-шілдесіндегі Қазақстан Республикасының

әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Макроэкономикалық үрдістер. 2004 жылдың қаңтар-маусымында жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі ағымдағы бағамен 2401,4 млрд. теңге болды. Нақты ЖІӨ 2003 жылмен салыстырғанда 109,1% өсті. ЖІӨ құрылымында тауар өндірісінің үлесі ЖІӨ-де – 41%, қызмет көрсетуде – 53,5%.

2004 жылдың шілдесінде тұтыну бағасының индексі 2003 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,6%-ды құрады. Бағалар мен тарифтер азық-түлік тауарларына – 3,1%, азық-түлік емес тауарларға – 2,5%, ақылы қызметтерге – 1,8% өсті. 2004 жылдың шілдесінде өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 2003 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,6% өсті.

2004 жылдың шілдесінде сараптық бағалау бойынша жұмыссыздар саны 625,9 мың адам болды, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 7,9%-ды құрады, соның ішінде жұмыспен қамту органдарында шілденің аяғында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны - 141,5 мың адам, экономикалық белсенді халық санындағы олардың үлесі – 1,8%.

Экономиканың нақты секторы. 2004 жылдың қаңтар-шілдесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1925,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылғы қаңтар-шілдедегіден 9,5% артық. Өндіріс көлемі 2003 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде – 11,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 7,7%, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде – 4,9% өсті.

2004 жылдың қаңтар-шілдесінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 192,9 млрд. теңгені құрап, 2003 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 5,9%-ға өсті.

2004 жылдың қаңтар- шілдесінде жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 984,5 млн. тоннаны құрап, 2003 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға өсті.

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 594,7 млрд. теңгені құрап, 2003 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8,2% артты.

2004 жылдың қаңтар-шілдесінде негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 638,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылғы қаңтар-шілдедегіден 11,2% көп.

2004 жылғы 1 тамызындағы жағдай бойынша республикада 201056 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 149664 жұмыс істеп тұр, соның ішінде жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамға дейінгі кәсіпорындар – 138006. Олардың ішінде шағын кәсіпорындар – 109641, олардан шағын бизнес кәсіпорындары - 97551.



Сыртқы сауда. 2004 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің деректері бойынша ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 14212,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2003 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 46%-ға өсті, соның ішінде экспорт – 8543,1 млн. АҚШ доллары (40%-ға өсті), импорт – 5669,7 млн. АҚШ доллары (56%-ға өсті).

Қаржы. 2004 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен түсімдер көлемі 621,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылғы 1 шілдедегіден 20,1% артық, шығыстар мен кредит беру – 585,9 млрд. теңге (23,8% артық).

Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2004 жылдың маусымында салық салғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен алынған қаржылық нәтиже табыс есебінде 115,7 млрд. теңге сомасында анықталды, бұл 2003 жылғы маусымдағыдан 76,4% артық. Пайдалылық деңгейі – 33,3% құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындардың үлесі 37,2% құрады.

2004 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 1183,5 млрд. теңгені құрады. Олардың көбеюінде тұрақты серпін байқалады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттер үлесі 65,5%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 53,8% құрады. 2004 жылдың 1 шілдесінде банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 918,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылдың 1 шілдесіне қарағанда 30,8% көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары) тиісінше 382,6 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылғы 1 шілдедегіге қарағанда 34,3% көп.

Халық табысы. 2004 жылдың маусымында, бағалау бойынша, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 12609 теңгені құрап, 2003 жылғы маусыммен салыстырғанда – 20,9%-ға, ал нақты ақшалай табысы – 13,4%-ға өсті.

2004 жылдың маусымында қызметкерлерге бөлінген орташа айлық атаулы жалақы 28111 теңгені құрап, 2003 жылғы маусыммен салыстырғанда 20,2%-ға өсті. Нақты жалақы 12,4%-ға өсті.


ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет