2006 жылдың бірінші жарты жылдығындағы Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі36.04 Kb.
#3717
2006 жылдың бірінші жарты жылдығындағы Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Қаланың өндіріс саласында 94,4 млрд. тенге өнім өндіріліп, ол өткен жылғы осы кезеңмен салыстырылғанда 32,2 млрд. тенгеге көп. Салыстырмалы жылдардағы баға индексі 112,7%.

2005 жылмен салыстырғанда өндірістің өсу көлемі резина және пластмасса өнімдерін өндіруде 59,7%, машина жасау саласында 44,7%, былғары өндіруде 37,4%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде 0,5%, химия өнеркәсібінде 8,8% арыттыру қамтамасыз етілді.Қала бойынша негізгі капиталға инвестиция салуды игеру 11392,5 млн. тенгені құрап, 2005 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 54,1% өскен.

Жыл басынан бері қала бойынша 15440 шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілсе, ол 2005 жылдың аталған уақытымен салыстырғанда 50,7% артық. Аймақтық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қалада 9 көп қабаттық тұрғын үй, соның ішінде бюджет қаржысы есебінен жалпы көлемі 9,4 шаршы метр екі коммуналдық тұрғын үй және жеке инвестиция есебінен жалпы көлемі 42,8 мың шаршы метр 7 көп қабаттық тұрғын үй салынуда.Үстіміздегі жылдың алты айында шағын кәсіпорындар өндірген өнімдер, атқарылған жұмыстар және қызмет көрсетулер 17,5 млрд. тенгені құрап, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 53,% көбейген. Бюджетке барлық деңгейдегі салық төлемдерінен 3175,6 млн.тенге аударылған (өткен жылғы есептен 49,3% артық). Қаланың көлік кәсіпорындары мен ұйымдары жыл басынан 756 мың тонна жүк және 30172,8 мың жолаушы тасымалдаған. Өткен жылдың аталған кезеңіне шаққанда бұл салалар сәйкесінше 23,7% және 11,7% жоғарлаған.

2005 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласы ет өндіруді 17,1%, сүт өндіруді 3,8%, жұмыртқа өндіруді 2,3% өсірсе, ірі қара мал басын 10,5%, шошқа санын 20,5%, қой-ешкіні 4,8%, құс санын 83,1% өсіруге қол жеткізген.2006 жылдың қаңтар-мамыр айларында қала бойынша жалақының жалпы қоры 18023,1 млн.тенгені құрап, 2005 жылға шаққанда 131,1% өсті. Тұрғындардың айлық жалақысының номиналды мөлшері 34991 тенгені құрады (өткен жылғыдан 21,7% көп) Қаланың ірі және орта кәсіпорындарындағы ресми жұмысшылар саны 106 мың адамға жетіп, өткен жылдың осы мерзіміне қарағанда 7,1% арытты. Аталған жылдың өзінде жаңадан 2300 жұмыс орны ашылып, оның 2241 шағын және орта бизнес өкілдеріне тиесілі. 2006 жылдың 1 шілдесіне дейін жұмыссыздықтың ресми саны 2620 адам болса, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 11,3% төмендеген. Тіркелген жұмыссыздардың халықтың экономикалық белсенді тобына шаққандағы үлесі 1,6% жетті. Ол 2005 жылдың аталған кезеңінен 0,2% төмен. Еңбекпен қамту орталықтары арқылы 2380 адам жұмыспен қамтылса, қоғамдық жұмысқа 800 адам тартылып, оның 52% қаланы әрлендіру мен тазарту шараларына қатысты.2006 жылға анықталған қала бюджеті сессия шешімімен кіріс бөлігі 5173,2 млн.тенге, шығыс бөлігі 7865,5 млн.тенге көлемінде бекітілді. 2006 жылдың маусымына дейін бюджеттің барлық деңгейінде 24676,3 млн.тенге түссе немесе жоспардағыдан 112,1% артық. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 7035,2 млн. тенгеге көп.

Қалалық бюджетке 4273,9 млн.тенге бөлінсе, ол жоспардағыдан 109,2% артық, яғни жоспардан тыс 360,6 млн.тенге ақша түсті. 2006 жылдың 1 шілдесіне дейінгі бюждет тапшылығы 598,7 млн.тенгені, қала бюджеті 49,9 млн.тенгені құрады яғни жыл басынан бері сәйкесінше 118,5 және 25,4 млн.тенгеге қысқарған. Ал бюджеттің нақты шығыны 3717,1 млн.тенгені немесе жоспардағыдан 74,6% құрады. Бағдарлама әкімшілігінің есеп айырысу кассаларындағы қалдық 1265,6 млн.тенге көлемінде қалыптасқан. Кедейлікті төмендету бағдарламасы шеңберінде қаланың 13344 тұрғынына жалпы сомасы 42,8 млн.тенге материалдық көмек берілді. Аз қамтылған 1122 отбасыға жалпы құны 6139,9 мың тенге тұрғын үй көмегі көрсетіліп, өткен жылмен салыстырғанда көмек алушылар саны 1,1 есеге, ақшалай төлемдер 1,2% төмендеді.

Мемлекеттік бағдарлы әлеуметтік көмек 231 отбасыға 4350,4 мың тенге көлемінде берілді. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге, ал төлем сомасы 1,1% қысқарды. 2006 жылдың 1 қаңтарынан тағайындаған 18 жасқа дейінгі бабаларға берілетін жәрдемақы 340 отбасының 563 баласына 2349,3 мың тенге көлемінде төленді. Қолданылған шараладың нәтижесінде жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік деңгейінен төмен азаматтар саны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда біршама қысқарып, 3487 адамды құрады. Жедел мәлметтер бойынша қала халқының саны 2006 жылдың 1 сәуіріне дейін 298,9 мың адамды құрап, 2,5 мың адамға қысқарған. Жалпы қала тұрғындарының саны 288 мың (бір жылда 2,7 мың адамға қысқарған), ауыл тұрғыдарының саны 10,9 мың адам (0,2 мыңға кеміген).Аталған жарты жылдықта қалада 665 мәдени-бұқаралық және 43 спорттық шаралар өткізіліп, оған 28,8 мың адам қатысқан.Қаладағы мектеп оқушыларының саны 39731 адам.

Бұл салыстырған жылға шаққанда 725 оқушыға кем. Мектепке дейінгі және мектеп алдындағы бағдарламаларға 4775 бала тартылған. 27 мектепке дейінгі ұйымдардың қосымша қажеттіліктері 2800 орынды құрайды.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жөндеу бойынша құрлыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін мердігерлік ұйымдарды тартуда.



Жыл басынан бері Жеңіс алаңында құрлыс жұмыстары жалғасу үстінде. Қаланы тазалықта ұстап тұру мен әрлендіру жұмыстарын жүргізу үшін қалалық бюджеттен жыл басынан 399,7 млн.тенге жұмсалды. Жолдардың асфальтты қабатын қазып жөндеу жұмыстарына 42,2 млн.тенге бөлініп, 26,8 мың шаршы метр жол беті қалыпқа келтірілді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін көтеру үшін, сондай-ақ Қазақстан Репсубликасындағы мүгедектерді қорғау туралы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде қаланың 15 бағдаршам объектілері дабылдандырылды. Қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы біршама қолайлы деп бағалануда. Жарты жылдық ішінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мақсатында 1104 сауда және тамақтану объектілері тексеруден өтті.

Анықталған олқылықтарға қатысты 155 санитарлық бұйрық құрылып, сомасы 1158,9 мың тенге болатын 273 хаттама жазылды. 2006 жылдың басынан бері санитарлық нормалар мен ережелерді бұзған жалпы сомасы 2670,9 мың тенгені құрайтын айып-пұл белгіленді. 2006 жылдың қаңтарынан маусымына дейін қала аумағында 3115 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20,6% төмен. Жалпы қылмыстық істерді ашу көрсеткіші 18,5% өсіп, 62,5% құрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет