Ауданның 8 айы мен жыл аяғына дейінгі әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат



Дата24.02.2016
өлшемі36 Kb.
#12668
Ауданның 8 айы мен жыл аяғына дейінгі әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік саланың жалпы беталу динамикасы жақсы.

Жалпы аумақтық өнім 98,6% (4895,5 млн.теңге) құрады. Өндірілетін өнім көлемін 8,3%- ға төмендетіп, 1650,8 млн. теңгені құрады. Таукенөндіріс саласында өндіріс көлемі 10,5%- ға өсті.

Өңдеу өндірісіндегі өнім көлемі бойынша жалпы 11,7%- ға, оның ішінде балықты қайта өңдеу- 43,1%- ға төмендеді. Ұнды өндіру- 4,7%- ға, қағаз өндірісі- 27,6%- ға өсті.

Республика бойынша өндірілетін өнімнің жалпы көлеміндегі өңделетін өндіріс 31%-дан аспайды, бұл облыс бойынша 70%- ды, ал біздің аудан бойынша 83,3%- ды құрайды. 2010 жылдың 1 қыркүйегіне өзгертілген жоспар- тапсырма 1497,7 млн.теңгені құрады, 110,2%-ға орындалды. Өткен жыл деңгейінде жоспар тапсырма жыл соңына дейін 2689,1 млн. теңгеге жеткізілді. Сонымен қатар, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда «Рыбпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде- 80 млн. теңгеге, «Семгео» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде- 114,5 млн.теңгеге артта қалу байқалып отыр.



Аграрлық- өнеркәсіптік кешеніндегі ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісі 3244,7 млн.теңге, физикалық көлемінің индексі 102,6%.

Ет өнімі- 3,0%- ға, сүт- 2,0%-ға, жұмыртқа- 3%- ға өсті.

Ірі қара мал саны 4%- ға, құс- 1%-ға, қой мен ешкі басы- 2%-ға өсті, бірақ шошқа саны- 34%- ға кеміді.

Астық өнімдерін жинау басталды, дәнді- дақылдар өнімдерін 58,0 мың га жерін жинау қажет, бірақ 14 қыркүйекке 68%-ы ғана жиналды. Орташа өнім бір гектардан 8,7 центнерді құрайды. Астық өнімдерін жинауға литрі 62 теңгеден 2000 тонна жеңілдік отын жағар майы бөлінді. Жеңілдік отын жағар майы- 125%-ға, жанар майы- 111%-ға, отын майы- 100%-ға қамтылған.

Жедел деректер бойынша 146,5 мың тонна шөп дайындалды немесе 104,6%- ға орындалды.



Ауыл шаруашылығында барлық көрсеткіштер бойынша өсуде, сонымен қатар жоспар-тапсырма бойынша 8 айда қойылған ет өнімін өңдеу- 23 тоннаға, сүт өнімдері- 1846,7 тоннаға немесе 1190,6 млн. теңгеге (4435,3 млн.теңге) орындалған жоқ. 2009 жылғы өндірілетін өнімнің жалпы көлемін анықтау кезінде облыс бойынша ауылшаруашылықтың өндіретін өнім көлемі жоспар- тапсырмаға сәйкес 184646,3 млн. теңгеге өсті және 11400,5 млн. теңге көлемінде (892,0 млн.теңгеге өсім) біздің ауданға бөлінді, оның ішінде, ет өндіру- 13200 тоннаға, жұмыртқа- 13000,0 мың дана, сүт- 46500 тонна.

Шағын бизнесте тіркелген кәсіпорындар саны 2,2%- ға, көп уақыт жұмыс істемеген кәсіпорындар негізінде азайды («Каракас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Термо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Жалын-Шығыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

Жұмыспен қамтылғандар саны 7%- ға өсіп, 4410 адамды құрады. Бұл экономикалық белсенді халықтың 20%- ын құрайды. Кәсіпкерліктегі субъектілердің өндірген өнімі өткен жылдан 1,3%- ға өсті және де 261,9 млн. теңгені құрады. Шағын бизнесте облыс бойынша тіркелген кәсіпорындар ішінен әрекет ететін кәсіпорындар 59%- ды, біздің аудан- 83,5%-ды, жоспар- тапсырма бойынша- 86,5%- ды құрайды.

Жедел деректер бойынша негізгі капиталға инвестицияның көлемі 1998,0 млн. теңгені құрады және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге (343,4 млн.теңгеге) артты. Жыл соңына дейін жоспар- тапсырма- 1640,0 мың теңгені құрайды. Жұмыстарды орындау үшін меншікті қаржылар арқылы инвестицияны тарту жұмыстарын нығайту керек (селолық округтердің әкімдерінде 1- инвест есептілігін тапсыру бақылауда).



Тұрғын үйді енгізу есеп беру мерзімінде өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға өсті және жалпы көлемі 255 мың шаршы метрді құрады. Жоспар- тапсырма бойынша жылдың аяғына дейін 6,5 мың шаршы метрді құрайды.

Нақты сектордың даму динамикасы облыс халқының тұрмысын жақсартуға оң әсерін тигізуде. Жалпы еңбекақы 42,3 мың теңге және 9,7%- ға өсті, халықтың ақшалай табысы 22%-ға өсіп, 37 мың теңгені құрады. Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен халық саны 4,5%- ды құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 2,5%- ға төмендеді.



Бөлшектік тауарайналымы 18,1%- ға (1246,7 млн. теңгеге) өсуінің себебі, халықтың материалдық табысының өсуі, нақтырақ айтсақ, төлемге қабілеттілікті көтеру бойынша сұранысының көбеюі.

Баға тұтынушыларының индексі 100,1%-дық деңгейде және өткен айдың қатынасы бойынша өзгеріссіз, 2009 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 105% көрсеткіш болды.

2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда азық- түлік тауарлар тобының бағасында айырмашылық байқалады, өткен жыл деңгейінен 5,7 пайызға көп.

Азық- түліктік емес топтың индексі өткен жылдан 3,7 пайызға төмен. Халыққа қызмет көрсету бойынша баға индексінің өсу қарқыны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,3 көрсеткіш болды.

Ағымдағы жылдың 8 айында жалпы жұмыссыздық деңгейі- 4,9%- ды құрады.



Жұмысқа орналасу деңгейі 17,5%- ға өсті, 565 адамды құрады. 360 жаңа жұмыс орны ашылды.

Аз қамтылған адамдар саны 5,3%-ға төмендеді және аудан бойынша 1712 адамды құрады.

Мемлекеттік бюджетке түсетін меншікті түсімдер 216,3 млн.теңгені құрады, ол 105%- ға орындалды немесе жоспардың үстінен 10,3 млн. теңге түсім түсті.

Салықтық жұмыстарын кеңейту жалғастырылуда, жеке табыс және әлеуметтік салық, жер салығы, нарықтан алынатын алымдар бойынша Алгоритм жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 8 айында аудан бюджетіне іс шаралар жоспары негізінде қосымша қорларды іздестіру бойынша 8777,02 млн. теңге түсті. Негізгі салықтардың түсімі бойынша жоспарлар бекітілген. Жер телімдерін сату бойынша 8 ай ішінде жоспар 80%- ға орындалмады. Болжам бойынша 5138,0 мың теңге, ал негізінде 1070,9 мың теңге түсті. Селолық округтер әкімдерімен жүргізілген барлық алгоритмдер жұмыстарының орындалуы бойынша 1751,0 мың теңге түсім түсті.



Осыған байланысты, ауданымыздың әлеуметтік- экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бірқалыпта, егер барлық мемлекеттік мекемелер өздерінің мәселелері бойынша белсенді жұмыс істесе, үздік көрсеткіштерге жетуге болады.

Есепті кезең бойынша бюджеттік қаржыларды игеру аудан бойынша- 1907,8 млн. теңге немесе 96,8%- ды құрады, 62,8 млн.теңге игерілмеді. Оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер бойынша-15089,6 мың. теңге, жергілікті бюджеттен- 47771,6 мың теңге.

Есепті кезеңге бекітілген жоспар бойынша игерілмеген көп қаржылай қалдық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі (95,2%), сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі (75,1%), білім беру бөлімі (96,8%), селолық округтер әкімдерінің аппараты бойынша (97,7%) құрады.

«Жол картасы» бағдарламасы аясындағы бюджеттік қаржылар Көкпекті ауылындағы кәріз желілерінің құрылысы жобасынан басқасы есепті кезеңдегі жоспар бойынша 100%-ға орындалды. «Жол картасы» бағдарламасы 2010 мониторингінде аталған объекті ескерілмеген, сонымен қатар ағымдағы жылы аудан жұмыстарын жүргізу үшін республикалық қаражаттар сақталған. Аталған объектіні мұқият бақылау қажет, себебі 2009 жылы бюджеттік қаражаттардың игерілмеуі объективті себеппен бірге субъективті себепте болды.

Екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы мен сауда министрлігімен қалалардың және облыс аудандарының аумақаралық өсу динамикасының деңгейі өткізілді. Бұл мәліметтер бойынша даму динамикасы төмен 6 аудан анықталды: (Шемонайха, Үржар, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокий, Риддер қаласы). Біздің аудан орташа даму динамикасының категориясына жатқызылып, 12 орында.



Сол себепті, көрсеткіштерді жақсарту үшін көптеген мүмкіндіктерді жасау қажет және біздің аумақтың биік деңгейге жетуі үшін барлық шараларды қолдану керек.

Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің бастығы Б. Оразғалиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет