2007 жылдың 4 тоқсанына жұмыс қорытындысы
Облыстағы жер қоры 28346,8 мың га, немесе республика аумағының 10,4 пайызын құрайды, оның ішінде 2007 жылдың 1 қарашасына:
-
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 7733,8 мың га,
-
елді мекендердің жерлері – 2903,8 мың га,
-
өнеркәсіп, көлік, байланыс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер – 173,3 мың га,
-
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері – 1446,4 мың га,
-
орман қорының жері – 2187,3 мың га,
-
су қорының жері – 572,0 мың га,
-
босалқы жер – 13330,2 мың га құрайды.
Облыс бойынша 2008 жылдың 1 қантарына 6142,2 мың га жер көлемінде 18267 ауыл шаруашылықтар, 1434,9 мың га жер көлемінде – 467 ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер (ААҚ, ЖШС және т.б.), 195,6 мың га жер көлемінде – 124 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар қалыптасты.
2007 жылдың 1 қантарына жеке меншікке ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 24744,1 га 173 жер телімдері 157694,4 мың теңгеге, оның ішінде: жалпы көлемі 11967,9 га 152 жер телімдері 96663,5 мың теңгеге – жеке тұлғаларға және жалпы көлемі 12776,2 га 21 жер телімдері 61030,9 мың теңгеге – заңды тұлғаларға сатылды.
Жалпы облыс бойынша 2007 жылда жеке меншікке жалпы көлемі 2193,9 га 5264 жер телімдері 620197,4 мың теңгеге, жалпы көлемі 229,9 га 182 жер телімдеріне жалдау құқығы 51238,4 мың теңгеге сатылды.
2007 жылдың басынан Шығыс Қазақстан облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 2 конкурс өткізіліп, жалпы көлемі 1299 га 5 жер телім 8691,3 мың теңгеге жеке меншікке сатылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге аукциондар өткізілген жоқ. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерге 63 конкурс өткізіліп, жалпы көлемі 251,9 га 105 жер телімі бастапқы бағасы 19450,4 мың теңгеге, соңғы бағасы 22147,4 мың теңгеге сатылды, 21 аукцион өткізіліп жалпы көлемі 4 га 50 жер телімі бастапқы бағасы 404,35 мың теңгеге, соңғы бағасы 5277,6 мың теңгеге сатылды.
Шығыс-Қазақстан облысында мүлікті жария ету басталғаннан 2007 жылдың 15 желтоқсанына дейін 156276 жария етілген жер телімдеріне құқықты куәландыратын құжаттарды жасауға арыз берілген, жер телімдеріне құқықты куәландыратын құжаттар 146324 жария етілген жер телімдеріне жасалды.
Шығыс-Қазақстан облысы бойынша жария етілген жер телімдеріне құқықты куәландыратын құжаттардың берілу туралы 2007 жылдың 15 желтоқсанына берілген ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы жер қатынастары бөлімдерімен берген мәліметтері бойынша, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2007 жылдың 25 желтоқсанына дейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін 14038 өтініш берілген. Саны бойынша ең көбі Өскемен қаласы бойынша – 8306, Семей қаласы бойынша 2,5 есе аз – 3170, ары қарай Ұржар ауданы бойынша – 545, Ұлан ауданы бойынша - 440 өтініш және т.б.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға 5661 жер телімдері бөлінді, ол берілген өтініштердің 40,0 пайызын құрайды, оның ішінде ағымдағы жылда – 2321 жер телімдері. Тапшылық 8377 жер телімін құрайды, немесе 840 гектардай.
2007 жылда мекемемен облыстық атқарушы органының құзыретінің шегінде жер телімдеріне жер пайдалану құқығын табыстау туралы қаулыларының 13 жобалары дайындалды:
1. «Тасоба» тас өңдеу комбинаты» ЖШС – 12,17 га, «Қызылтас» кен орнында, Аягөз ауданы – блоктық тас өндіру үшін.
2. «Секисовка» тау-кен кәсіпорны» ЕЖШС – 54,3 га, «Секисовка» кен орнында, Глубокое ауданы – алтын өндіру үшін.
3. «Кирпично-строительная компания» ЖШС – 9,28 га, «Джунусовское» кен орнында, Глубокое ауданы – кірпіштік саздақтар өндіру үшін.
4. «Инфокон» ЖШС – 24,36 га, «Жаңа-Семей ІІ» кен орнында, Семей қ. – малтас-құмды қоспасын өндіру үшін.
5. «Оникс» ЖШС – 21,06 га, «Шар» учаскесі, Жарма ауданы – әктас өндіру үшін.
6. «Алтайдың минералдары» ЖШС – 4,6 га, Таған кен орнында, Тарбағатай ауданы – бентонит саздарын өндіру үшін.
7. «ISKER COMPANY» ЖШС – 50,9 га, «Озерское» кен орнында, Семей қ. – гранитті өндіру үшін.
8. «Семей жолдары» ЖШС – 22,6 га, «Талас II» кен орнында, Жарма ауданы – порфириттерді өндіру үшін.
9. «Майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы» ЖШС – 9354,5 га, Глубокое ауданы – тұқым шаруашылығы селекциясы мен тауарлы ауыл шарушылық өндірісін жүргізу үшін.
10. «Семей жолдары» ЖШС-не жер теліміне құқығын беру туралы 2006 ж.11.12. № 834 қаулысына өзгерістер енгізу – 311,4 га, «Жалпақ» кен орнында, Семей қ. – малтас-құмды қоспасын өндіру үшін.
11. «Плюс» ЖШС – 2,0 га, Зубовское кен орнында, Зырян ауданы - малтас-құмды қоспасын өндіру үшін.
12. «Кенді емес материалдардың комбинаты» ЖШС – «Защитинск» кен орнында, Өскемен қ. Лопатино аралы ауданы - малтас-құмды қоспасын өндіру үшін (3,0 га), малтас-құмды қоспасын қоймалау үшін.
13. «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ – 19,1 га, Сажаевка кен орнында, Зырян ауданы – саздақтар өндіру үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |