2008 жылдың қарашасындағы
Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі
Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылдың қарашасында инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда 9,2%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,3%-ға (16,5%) төмен.
ТБИ (тұтыну бағалар индексі) құрылымында ағымдағы жылдың қараша қорытындысы бойынша баға өсімінің көш басында 2007 жылғы желтоқсанына 11,2%-ға өскен ақылы қызметтер болды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,0%). Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 10,3%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 12,9%-ға төмен (23,2%). Азық-түлік емес тауарлар 5,8% (9,2%) бағасында өсті.
2008 жылдың қарашасындағы инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанына қарағанда және тұтыну бағалары индексін құрайтын бағаның өсуі пайызбен
Ағымдағы жылдың қарашасында 2007 жылдың желтоқсанына азық-түлік тауарларындағы нан және ұн-жарма өнімдері – 17,6%-ға, макарон өнімдері – 17,6%-ға, ұн – 15,4%-ға бағаға едәуір өсуі байқалды. Күріштің 71,8%-ға өсуін ерекше атап өтуге болады. Сүт және сүт өнімдері - 12,3%-ға, қант, кондитерлік өнімдер –10,6%-ға, көкіністер – 10%-ға, ет және ет өнімдері – 9,6%-ға, жемістер – 7,9%-ға, шай – 7,0%-ға, балық және теңіз өнімдері – 6,8%-ға өсуі байқалған.
Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде өскен қатты отын – 18,9%-ға, жуатын-тазалайтын құралдары – 16,3%-ға, киімдер – 6,9%-ға. Он бір ай ішінде дизелдік отын – 16,7%-ға көтерілген, сол кезде бензин – 7,5%-ға төмендеген.
Ақылы қызметтер құрамында қоқыс жинау – 31,6%-ға, пошта қызметі -23,1%-ға, тұрғын үйлерді күтіп ұстау – 14,7%-ға, тұрғын үйді жалға беру – 6,4%-ға бағасы едәуір деңгейде өскен. Қонақ үйлер және мейрамханалар қызметтері – 20,9%-ға, көлік қызметтері – 15,7%-ға, мединциналық қызмет көрсету – 15,0%-ға қымбаттаған. 2007 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда телефон және факсимильдік байланыс қызметтері (0,7%-ға) төмендеген.
Сонымен бірге, а.ж. қарашасында өткен айға қарағанда азық-түлік өнімдерінің кейбір түрлеріне бағаның төмендеуі байқалды. Күнбағыс майы – 3,3%, қой еті – 0,7%, ұн - 0,7% бағасында төмендеді. Азық-түлік емес тауарларынан бензин – 16,3%, дизельдік отын – 11,9% бағасында төмендеуін атап өтуге болады. Ақылы қызметтер тобында теміржол жолаушы көлігі – 1,7%-ға, тұрғын үйлерді жөндеу және оларға тауарлар – 0,6%-ға.
2008 жылдың қарашасында инфляция өткен айға қарағанда 0,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бағалары 0,7%-ға көтерілген. Ақылы қызметтер 1,0%-ға ұлғайды, сол кезде азық-түлік емес тауарлары 0,7%-ға төмендеген.
2007-2008 жылдардағы инфляция деңгейі өткен айға қарағанда %
2007 жыл 2008 жыл
2008 жылдың қаңтар-қарашасында инфляция деңгейінің орташажылдық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2007 жылғы қаңтар-қарашасында 10,0%-бен салыстырғанда 17,9%-ды құрады.
2007-2008 жылдардағы орташажылдық инфляция деңгейі
өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда %
2007 жыл 2008жыл
Өңірлік бөлігінде 2008 жылдың қарашасында 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген орташа республикалық көрсеткіші Шығыс Қазақстан (10,0%), Оңтүстік Қазақстан (9,5%), Павлодар (9,4%) облыстары мен Астана (10,4%) және Алматы (10,4%) қалаларында қалыптасты.
2007 жылдың желтоқсанына қарағанда
2008 жылдың қарашасында өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі
-------- орташареспубликалық деңгей 9,2%
Достарыңызбен бөлісу: |