2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша I. Хвқ келісімінің Баптарына сәйкес мәртебе



бет1/4
Дата09.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#186743
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН



ҚАЗАҚСТАН

(2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

I. ХВҚ келісімінің Баптарына сәйкес мәртебе

1. Күшіне енген күні

иә

1992 жылғы 15 шілде.

VIII бап

иә

Міндеттемелер қабылданған күні: 1996 жылғы 16 шілде.

XIV бап







II. Валюталық реттеу шаралары

1. Шектеу және/немесе көптеген айырбастау бағамдары практикасы

жоқ

Қызметкердің соңғы баяндамасында ұсынылған ақпаратқа сәйкес 2008 жылғы 31 желтоқсанда ешқандай шектеу болған жоқ.

2. Қауіпсіздік мақсатында енгізілген валюталық реттеу шаралары

иә




а.

ХВҚ атқарушы кеңесінің



№ 144-(52/51) шешіміне сәйкес

жоқ




b. Қауіпсіздік тұрғысынан басқа да шектеулер

иә

Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы тұрақтылығына қауіп төнген жағдайда жекелеген валюталық операцияларды жүргізу үшін арнайы рұқсат режимін енгізуге құқық көзделді. Арнайы рұқсат режимін енгізу немесе ұзарту туралы шешім, сондай-ақ арнайы рұқсат болған кезде ғана жүргізілуі мүмкін операциялар тізбесін Үкімет пен Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚҰБ) бірлескен консультациясынан кейін Президент айқындайды.

3. Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер

иә

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы


III. Валюталық режим

1. Валюта

иә

Қазақстанның валютасы Қазақстан теңгесі болып табылады.

Басқа заңды төлем құралдары

жоқ




2. Валюталық бағамның құрылымы







a. Біржолғы

иә




b. Қосарлы







c. Көптеген







3. Жіктеу







a. Жеке заңды төлем құралынсыз







b. Валюталық басқару тетігі







c. Дәстүрлі байланыстыру тетігі








d. Тұрақтандырылған режим


иә

Қолданылып жүрген де-юре режимі – реттелетін өзгермелі бағам. Теңгенің айырбастау бағамы валюта нарығындағы сұраныстың және ұсыныстың негізінде айқындалады. ҚҰБ теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының траекториясын біркелкілендіру және бағамның өзін өзі ақтамайтын ауытқуын болдырмау үшін ішкі валюта нарығында интервенцияны жүзеге асырады. Интервенцияның негізгі валютасы доллар болып табылады.
2009 жылғы 2 ақпанда нақты валюталық режим дәстүрлі байланыстыру тетігі санатынан 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жіктеудің қайта қаралған әдіснамасына сәйкес кері күші бар тұрақтандырылған режим санатына көшірілді. Осылайша, өзгеріс әдіснаманы түрлендіруді ғана көрсетеді және елдің валюталық режимінде немесе саясаттың басқа да өлшемдерінде (экономикалық) елеулі өзгерістер күтілетіні туралы айтылмайды.
2009 жылғы 4 ақпанда теңге 18 %-ға құнсызданды және, ҚҰБ-нің мәлімдеуіне сәйкес +/- 3% дәліз белгіленді. Осы себепті 2009 жылғы 4 ақпаннан бастап валюталық режим тұрақтандырылған режим санатынан (де-юре және де-факто) көлбеу дәліздер шегінде байланыстырылған айырбастау бағамдары санатына ауыстырылды.
ҚҰБ өз өктемдіктері туралы деректерді жарияламайды. Теңгенің долларға қатысты ресми айырбастау бағамы ішкі валюта нарығының күн сайынғы баға белгілеуі негізінде белгіленеді (Қазақстан қор биржасындағы – ҚҚБ сауда-саттықтар нәтижелері бойынша алдыңғы күнгі 11:00 орташа алынған бағамы). Басқа валюталар бағамы олардың ауқымды валюта нарығында АҚШ долларына қатысты баға белгілеуі негізінде есептеледі. Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) кеден төлемдерін есепке алу және есептеу мақсатында белгілі бір валюталардың теңгеге қатысты айырбастау бағамдарын күн сайын жариялайды.

e. Сырғымалы байланыс







f. Сырғымалы байланысқа ұқсас режим







g. Көлбеу дәліздер шеңберінде байланыстырылған валюта бағамы







h. Басқа реттелетін режим







i. Өзгермелі бағам







j. Еркін өзгермелі бағам







4. Валюталық салық

жоқ




5. Валюталық субсидия

жоқ




6. Валюталық нарық

иә

Валюталық нарыққа электрондық сауда-саттықтар жүйесін, биржадан тыс банкаралық нарықты, сондай-ақ қолма-қол валютамен айырбастау операцияларын жүргізетін 3300-ден астам валюта айырбастау пункттерінен тұратын желіні пайдалана отырып, «онлайн» режимінде күн сайын сауда-саттықтар жүргізілетін Қазақстан қор биржасы (ҚҚБ) кіреді.

а. Споттық валюталық нарық

иә




1. Орталық Банктің басқаруымен

жоқ




i. Бөлу







ii. Аукцион







iii. Фиксинг







2. Банкаралық нарық

иә

Банктер жеке өз есебінен немесе өз клиенттері атынан сауда сессияларына қатыса алады. Банктер сондай-ақ биржадан тыс банкаралық нарықта еркін шарт бойынша бағаммен операциялар жүргізе алады. Коммерциялық банктер өздерінің жеке айырбастау бағамдарын шектеусіз белгілейді.

Банк қызметін жүзеге асыруға лицензияны ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (ҚҚА) береді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚҚА банк операцияларын жүргізуге 37 лицензия берді.

ҚҰБ өз атынан және маркет-мейкерлердің қатысуынсыз өктемдік жүргізеді. Өктемдіктер биржалық және сол сияқты банкаралық нарықта жүзеге асырылуы мүмкін.



b. Форвардтық валюталық нарық

иә

Валюталық фьючерстер ҚҚБ белгіленеді. Форвардтық валюталық операциялар сондай-ақ банкаралық нарықта жүргізіледі.

Форвардтық операцияларды ресми жабу

жоқ




7. Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер

иә

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңы,

«Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы

IV. Төлемдер мен түсімдер тетіктері





1. Есеп айырысу валюталарын реттеу

иә

Резиденттер арасындағы ақша төлемдері мен аударымдары «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңда тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы ақша төлемдері мен аударымдары валюталық заңнаманың талаптары сақталған жағдайда кез келген валютамен жүргізілуі мүмкін.

a. Ұлттық валютаны пайдалануға бақылау

иә




1. Ағымдағы операциялар мен төлемдер үшін

жоқ




2. Капиталмен операциялар үшін

иә

Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операцияларда пайдаланылатын ұлттық валюта валюталық активтерге жатқызылды. Сондықтан мұндай операцияларға валюталық заңнаманың капиталмен операцияларға қатысты барлық ережелердің күші қолданылады.

i. Капитал нарығы және ақша нарығы құралдарымен операциялар

иә




ii. Туынды және өзге құралдармен операциялар

иә




iii. Кредиттік операциялар

иә




b. Резиденттер арасында шетел валютасын пайдалану

иә

Мыналарды қоспағанда, резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады: (1) тараптардың бірі ретінде ҚҰБ немесе Қаржымині қатысатын операциялар; (2) лицензиялары бар және заңға сәйкес уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар жүзеге асыруға құқылы банктік және өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық активтермен операциялар; (3) валюталық операцияларды жүргізу бойынша банк қызметіне ақы төлеу, сондай-ақ шетел валютасымен банк қызметін көрсету шарттары бойынша тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар, өсімпұлдар) төлеу; (4) сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және/немесе резиденттер шетелдік валютамен шығарған бағалы қағаздарды және резидент еместер шығарған бағалы қағаздарды өтеуге байланысты операциялар; (5) ақы төлеу нысаны ретінде аударым аккредитивтерін пайдалану кезінде экспортты (импортты) жүзеге асыруға байланысты комиссия шарттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары; (6) ақша міндеттемелерін орындау ретінде шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді беру; (7) қолма-қол шетел валютасы үшін бөлшек сауда жүргізуге және қызмет көрсетуге арналған ҚҰБ-нің лицензиясы бар резиденттермен есеп айырысулар; (8) қызметкерлерді Қазақстаннан тыс іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды төлеу; (9) жеке тұлғалардың жеке тұлғаларға, сондай-ақ қайырымдылық қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға өтеусіз ақша аударымдары немесе валюталық активтерді өтеусіз беруі; (10) жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалардың пайдасына банк салымдарын енгізуі; (11) заңда көзделген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операциялар.

2. Төлем тетіктері

жоқ




a. Екіжақты төлем тетіктері

жоқ




1. Қолданыстағы

жоқ




2. Қолданыста жық

жоқ




b. Аймақтық тетіктер

жоқ




c. Клирингтік келісімдер

жоқ




d. Бартерлік келісімдер және ашық шоттар

жоқ




3. Бақылауды жүзеге асыру

иә

Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды ҚР заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде ҚҰБ, өзге мемлекеттік органдар және валюталық бақылау агенттері жүзеге асырады. Уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ алған лицензияларына сәйкес олар операцияларды жүргізген кезде валюталық заңнаманың сақталуына бақылау жасау міндеті жүктелген басқа да ұйымдар валюталық бақылау агенттері болып табылады. ҚҰБ резиденттердің және резидент еместердің валюталық заңнама талаптарын сақтауына және уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың валюталық бақылау агенттерінің функцияларын тиісінше орындауына бақылауды жүзеге асырады. Қаржымині Үкіметтің заемдары бойынша мониторингті және бақылауды, мақсатты заемдарға және мемлекет кепілдік берген заемдардың тиімді пайдаланылуына бақылауды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш мониторингін қамтамасыз етеді. Индустрия және сауда министрлігі тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) экспортына және импортына және өз құзыреті шегінде өзге де қызмет түрлеріне лицензия береді және лицензиаттардың белгіленген біліктілік талаптарын және лицензиялық ережелерді орындауын бақылайды. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (ҚҚА) банктердің жалпы банктік лицензия шеңберінде шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды лицензиялауға жауап береді. Кеден органдары (ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті) кедендік бақылауды жүзеге асырады және экспорттық және импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыруға қатысады.

4. Төлемдер бойынша мерзімі өткен берешек

жоқ




a. Ресми

жоқ




b. Жеке

жоқ




5. Алтынмен сауданы бақылау (монеталар және/немесе құйма)

жоқ

Тазартылған құйма алтындар валюталық құндылықтарға жатқызылды.

a. Елдің ішінде иелік етуді және/немесе сауданы бақылау

жоқ




b. Сыртқы сауданы бақылау

жоқ

Тазартылған қымбат металдарды шығару шектелмейді. Тазартылған қымбат металдармен сыртқы саудаға да басқа тауарларға жасалғандай бақылау жасалады.

6. Банкноталарды әкетуге және әкелуге бақылау жасау

иә

Қолма-қол ұлттық немесе шетел валютасын 3 мың АҚШ доллар баламасынан асатын мөлшерде әкететін немесе әкелетін жеке тұғалар осы соманы кеденде декларациялауы тиіс.

a. Әкету

иә




1. Ұлттық валютаны

жоқ




2. Шетел валютасын

иә

Резиденттерге және резидент еместерге 10 мың АҚШ долларынан аспайтын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетілетін қаражаттың заңды шығу тегін растайтын құжатты ұсынбай әкетуге рұқсат етіледі.

Жеке тұлғаларға Қазақстаннан 10 мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкетуге кеден органына: 1) бұрын әкелінген қолма-қол шетел валютасын әкету үшін –Қазақстанға қолма-қол шетел валютасын әкелуді растайтын кедендік декларация; және/немесе



2) резиденттердің өзге де шығу тегі бар қолма-қол шетел валютасын әкету үшін – жеке табыс салығы туралы салық декларациясын (салық төлеушінің данасын) ұсынған кезде рұқсат етіледі.

b. Әкелу

жоқ




1. Ұлттық валютаны

жоқ




2. Шетел валютасын

жоқ




7. Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер

иә

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы


V. Резиденттердің шоттары

1. Шетел валютасында шоттарды жүргізуге рұқсат

иә




a. Елдің ішінде

иә

Резиденттер уәкілетті банктерде шетел валютасындағы шоттарды шектеусіз ашуына болады

Рұқсат талап етіледі

жоқ




b. Шетелде

иә




Рұқсат талап етіледі

жоқ

Резиденттер шетелдік банкпен шарт жасағаннан кейін 30 күндік мерзімде шетелдік банктерде шоттар ашылғаны туралы ҚҰБ-не хабарлауға міндетті, ал шетелге уақытша келген кезде шетелдік банктерде шоттар ашқан жеке тұлғалар шетелден қайтып келгеннен кейін 30 күндік мерзімде ҚҰБ-не шоттар туралы хабарлауға міндетті.

2. Шетелдерде ашылған, ұлттық валютадағы шоттар

иә

Шетелде шоттар ашуды реттеу шетелдік және ұлттық валюталардағы шоттар үшін бірдей.

3. Шетел валютасына айырбасталатын, ұлттық валютадағы шоттар

иә

Ұлттық валютадағы барлық шоттар айырбасталатын болып табылады.

4. Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер

иә

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы



VI. Резидент еместердің шоттары

1. Шетел валютасында шоттар жүргізуге рұқсат

иә

Резидент еместер уәкілетті банктерде шетел валютасындағы шоттарды шектеусіз ашуына болады.

a. Рұқсат талап етіледі

жоқ




2. Шетел валютасындағы шоттар

иә

Резидент еместер уәкілетті банктерде ұлттық валютадағы шоттарды шектеусіз ашуына болады.

Шетел валютасына айырбасталатын

иә

Ұлттық валютадағы барлық шоттар айырбасталады.

Рұқсат талап етіледі

жоқ




3. Оқшауланған шоттар

жоқ




4. Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер

иә

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы


VII. Импорт және импорт бойынша төлемдер

1. Валюталық бюджет

жоқ





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет