2008 жылғы қаңтар-маусымдағы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының



Дата04.07.2016
өлшемі140.2 Kb.
#176006
2008 жылғы қаңтар-маусымдағы

өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының

қорытындылары
2008 жылдың алты айы ішінде өңірлік даму саласында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму Стратегиясын жүзеге асыру жұмысын жалғастырды.

Өңірлерде:

- ірі қалалардың құрылыс салуын тәртіпке келтіру, қала құрылысының агломерациялары мен қазіргі заманғы нормалары мен талаптарын қалыптастыруды ескере отырып, дамуы мен өсуін есепке алу мақсатында олардың бас жоспарын жетілдіру жөніндегі жұмыстар;

- экономикалық іс-шараларды жандандыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

- экологиясы қолайсыз және ауылдық аумақтар проблемаларын шешуге бағытталған кешенді шараларды іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қаралып отырған кезеңде жалпы алғанда өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының оң серпіні байқалып отыр.

2008 жылғы қаңтар-маусымда 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсімге Атырау (23,0%), Жамбыл (11,1%) және Павлодар (9,2%) облыстары қол жеткізді. Мұның өзінде 4 өңір өнеркәсіп өндірісінің республикалық деңгейінен асып түсті. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің төмендеуі Қарағанды (5,2%), Қызылорда (1,7%) облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында (тиісінше 14,9% и на 9,1%) байқалды.

Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мәліметтері бойынша 2008 жылдың қаңтар-мамырындағы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мынадай болып келеді.

2008 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола облысында қолданыстағы бағамен 61,8 млрд.теңгенің өнеркәсіптік өнімдері өндірілді. Нақты көлемнің индексі (НКИ) – 100,2%.

Өнеркәсіптің құрылымында тау-кен саласындағы өнімнің үлесі жалпы өндіріс көлемінде 12,3%, өндеу өнеркәсібінде 72,1%, электр қуатын, газ бен су өндіруде және бөлуде 15,6% құрайды.



Тау-кен өндіру өнеркәсібінде көпшілікке таралған пайдалы қазбалар сұранысы «Астана-Щучье» автомобиль жолдын құрылысымен байланысып (ірі автобан) құрылыс тас, қиыршық тас және табиғи құмдар өндіру көлемдерін көбейтуге қамтамасыз етті.

Ерейментау ауданында «Кұлағер-Тас» ЖШС қуаттылығы жылында


600 мың текше метр ірі қиыршық тас шығаратын зауытын іске қосты.

«Алексеевка доломит руднигі» АҚ ССТӨБ бөлімшемен 30,2% доломит өндіруі көбейтілді, оның тұтынушысы «Арселор Миттал Темиртау» (Қарағанды) болады.



Өндеу өнеркәсібінде ағаш өндеуін (327,4%), ұран саласын (144,6%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру (122,1%), тоқыма және тігін өнеркәсібін (111,6%), тамақ өнімдерін өндіру (109,6%), құрылыс индустрия (102,9%) ұлғайтуы қамтамасыз етілді.

Машина жасау өнеркәсібінде авиациялық өнеркәсіп өнімнің шығару көлемнің (1,7 есе), медициналық жабдықтау (1,5 есе), арнайы белгіленген жабдықтарды (18,6%), темір жол көлігінде пайдаланатын подшипниктерді (6,9%) өсуі байқалады.

Сонымен бірге, «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ үлкен жүкті автомобильдер шығаруын 1,8 есеге қысқартты. өндірістің төмендеудің негізгі себебі шығарылатын өнімнің сұраныс азайтуы тұтынушылардың төлем қабілетсіздігімен, екінші деңгейге жататын банктармен несие беру қысқартуымен байланысты.



Түсті металл өндіруде «Васильков ТБК» АҚ қуаттылығы жылында 13 тонн алтын байыту фабрикасының құрылысы жүргізілуде. Алтынды алу жаңа технолгияның пайдалануы Васильков кен орындағы шикізатты нәтижелі өндіруге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылық өнімін қайта өндіруде нан өнімдер шығару көлемін 18,4%, ұн - 10,4%, сары май - на 6,3% ұлғайтуы қамтамасыз етілді.

Құрылыс индустрияда бетоннан жасалған тақтайшалар (2,1 есе), тауарлық бетон (2,1 есе), пластмассадан жасалған терезелер, есіктер және олардын қақпақтары (35,1%), ағаштан жасалған терезелер, есіктер және олардын қақпақтары (13,7%) өндірісі өсті.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарында (шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) 508 жұмыс орны ашылды.

2008 жылдың 1 шілде жағдай бойынша 15 өнеркәсіптік кәсіпорындар халықаралык стандарттарға сәйкес сертификат алды, жылдың аяғына дейін облыста 10 өнеркәсіптік кәсіпорындары менеджмент сапасының жүйесін еңгізеді.

Ақтөбе облысында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 461,8 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 100,9%.

Таукен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 142,1 млрд. теңгеге ұлғайды және 348,1 млрд. теңгені құрады. Газ, хром рудалары, мыс рудасы және концентраты , натрия биохромат және т.б. өндіру көлемдері ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемі 100 миллиардқа жақындап ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 96,8 млрд. теңгені құрады.

«30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасы шеңберінде сәйкес тізімге қосылған құны 443,0 млрд. теңге болатын «серпінді» жобаларды жүзеге асыруда жұмыстар жалғасуда.

Олардың ішінен ағымдағы жылы мыс рудасын байыту бойынша Көктау КБК 2 кезегі, және «Восход» кенорнында хром рудаларын байыту бойынша КБК құрылысын іске қосу жоспарлануда.

Өткен жылы пайдалануға берілген Жаңажол ГӨЗ, 1 кезегін өзіндік электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қуаттылығы 45 МВт ГТЭС салынып жатыр.

Қуаттылығы 360 МВт ГТЭС-пен бірге электрометалургиялық зауытының құрлысын жобалау жүргізілуде. ГТЭС құрылысы аяқталды. Электр қуатын беру схемасы әзірленді. Зауыттың ЖСҚ әзірлеу аяқталу кезеңінде.

Электр энергиясын, газды және суды өндіру және бөлу 3,8 млрд. теңге өсіп 16,8 млрд. теңгені құрады.

Алматы облысында қазіргі бағамен 138,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлемінің индексі 2007 жылдың сәйкес мерзіміне 102,3% құрады.

42 жаңа объектілерді іске қосу және 8 объектіні кеңейту есебінен 1,2 мың жаңа жұмыс орындары ашылды

2008 жылдың қаңтар-маусым айында Атырау облысында өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 1217,1 млрд.теңгені құрады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 123%.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 93% құрайтын тау-кен өнеркәсiбiнде 1132,1 млрд.теңге сомасына өнiм өндiрiлдi, бұл 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3% құрайды.

Облыс бойынша 11 млн. тонна мұнай өндiрілді немесе 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 127,8%-ды құрады, ілеспе мұнай газы – 4637,5 млн. текше метр (130,6%).

Сонымен қатар «Теңiзшевройл» ЖШС-гі 8,9 млн. тонна мұнай өндірді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,3 есеге артық, ілеспе мұнай газы – 4574,9 млн. текше метр (128,5 %).



Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 76,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылдың деңгейінен 8,7%-ға артық. Сүт өнімдерін өндіруде (1,8 есе артық), балық және балық өнімдерін өңдеу мен консервілеуде (12,3%-ға), кокс, мұнай өнімдерін өндіруде (1,3% - ға), машина жасау өндірісінде (14,2%) өнімдер көлемінің ең көп өсуі болды.

Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 240,7 млрд. теңгені, табиғи көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,5% құрады, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 104,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 100,6%, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және таратуда 95,9% болды.

Тау-кен өнеркәсібінде алтыны бар кенді өндірудің 1,8 есеге, мыс кенін өндіруде 40,7% ұлғаюы нәтижесінде өндірістің өсуі болды. Сонымен қатар қорғасын-мырыш кенін өндіруде 4,3% азаю болды.

Өңдеу өнеркәсібінде өндірістің өсуі тазартылған күміс 16,5%, тазартылған алтын 19,4%, этил спирті 2,7 есеге ұлғайту есебінен болды. Сонымен қатар цемент өндірісінде 6,4%, силикат және қож кірпіште 24,6%, тауар бетонында 14,6% азаю болды.

Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және таратуда төмендеу электр энергиясының 7,1% азаюынан болды.

2008 жылдың қаңтар-маусымында Жамбыл облысында 61,1 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, өнімнің физикалық көлем индексі 2007 жылдың тиісті кезеңіне 111,1%-ды құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 0,4%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 6,6%-ға, электр энергиясын, газ бен суды өңдеу мен таратуда – 33,1%-ға өсуіне қол жеткізілді.



Өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерін өндіру көлемі – 11,5%-ға, химия өнеркәсібі – 22,5%-ға, металлургия өнеркәсібі – 27,6%-ға, дайын металл бұйымдарын өндіру көлемі – 5,7%-ға артты.

Облыста табиғи газ, газ конденсатын, фосфор шикізатын, барит кені мен концентраттарын, тас көмір, натрий триполифосфатын, ортофосфор қышқылын, бензин, құрылыс материалдарын, ет, шұжық, өнімдерін, ыстық нан, қант, консервіленген көкөністер, электр қуатын өндіру көлемдерінің арту үрдісі сақталуда.

Сонымен бірге, машина жасау, резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде (тапсырыстардың жеткіліксіздігі), былғары аяқ киім саласында (шикізаттың жеткіліксіздігі), түсті металл өндірісінде («Ақбақай ТМК» АҚ-да өндірілетін кеннің құрамындағы алтынның аздығынан), «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС-де минералды тыңайтқыштарды өндіруде (минералды тыңайтқыштар өндірісінің күкірт қышқылымен қамтамасыз етілмеуі) өндіріс көлемдері қысқарды.

2008 жылдың қаңтар-наурызында Батыс Қазақстан облысының өнеркәсібі қолданылып жүрген бағамен 550,7 млрд. теңгенің өнімін өндірді, ол өнімнің нақты көлем индексі бойынша 2007 жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 3,2%-ға көп.



Тау кен саласы өнеркәсіптің нақты секторы көлемінде әдеттегіше артықшылық жағдайға ие болуда – 92,2%. Тау кен саласы өндірісінің көлемі 2007 жылдың тиісті кезеңінен 2,8%-ға өсіп, 505,4 млрд. теңге құрады.

Газ өндіру көлемі 7992,8 млн. текше метр, газ конденсаты – 6222,8 мың тонна құрады, ол 2007 жылдың қаңтар-маусым деңгейінен тиісінше 4,4% және 2,5% көп.

Облыстың өнеркәсіп саясаты, жалпы республикадағыдай өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсуіне және дамуына бағытталып отыр. Саланың үлесіне өнеркәсіптің нақты секторы өнімі көлемінің 6,3% тиесілі. Өндеу өнеркәсібі кәсіпорындары 34,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді, ол 2007 жылдың тиісті кезеңінен 12,9% көп (нақты көлем индексі бойынша).

Салалар бойынша: металлургия өнеркәсібі 1,5 есеге, мұнай өнімдерін өңдеу 15,6%-ға, тамақ өнімдерінің өндірісі 8,5%-ға ұлғаюы есебінен өсімге қол жеткізілді.

Машина жасау саласы кәсіпорындарымен 3,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, ол 2007 жылдың қаңтар-маусымынан 29,7% аз. Сонымене бірге, тұрба құбырлық арматура өндірісі 56,9% төмендеді.

Металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдары өндірісінде 1,6 есеге өсу байқалды. Ұнтау шарлары өндірісі 3,7 есеге, басқа метал құрастырмалары өндірісі 1,7 есеге, бейінді табақтар (профлисты) – 24,6% өсті. Құрылыс металл құрастырмалары жинағының өндірісі 31%, тауарлы бетон - 2% төмендеді.

Мұнай өнімдерін қайта өңдеу көлемі 20,3 млрд. теңге құрады. 251,9 мың тонна дистилят отыны өндірілді, ол 2007 жылдың қаңтар-маусамынан 15,8% көп .

Басқа металл емес минералдық өнімдер өндіру көлемі 1,7 млрд. теңгені құрады, ол 2007 жылдың тиісті деңгейінен 11,2% көп.

Тігін өнеркәсібінде ер адамның сыртқы киімін 27%, әйел адамның сыртқы киімін – 37,7%, жайма төсек 18,5% тігу азаюы есебінен өндіріс көлемі 21,8% төмендеді. Әйел адамның жұмыс киімін тігудің 5 есеге, ер адамның жұмыс киімін тігу 54% көбейді.

Тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындар 5,0 млрд. теңгенің өнімін өндірді, ол 2007 жылдың қаңтар-маусымынан 8,5% көп. Арақ өндірісі 41,4%, макарон өнімдері – 29,9%, сыра өндірісі 19,3%, ет және ішек-қарын өнімдері – 19%, шұжық өнімдері – 14,7%, ұн – 13,1% ұлғайды. Сүт – 39,2%, ірімшік пен сүзбе – 20,3%, дайындалған және қалбырланған балық – 43,1% өндірісі төмендеді.

Электр энергиясын өндіру көлемі 17,2%, табиғи су – 3,8% өсті.

Қарағанды облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 474,8 млрд. теңгені құрады.

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 94,8%-ды құрады. Нақты көлем индексінің төмендеуінің негізгі себебі тазартылған мыс өндіру көлемінің төмендеуі болып табылады, бұл «Қазақмыс Корпорация» ЖШС мыс рудасын қазу көлемінің қысқаруымен байланысты.



Тау-кен өнеркәсібінде (облыстың өнімі 9,2 %) өнімінің көлемі 43,6 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде, марганец концентратын өндіру – 29,5% өсті, тас көмір – 8,1 %-ға өсті.

Облыс өнеркәсібінің 84,9% өңдеуші өнеркәсіптің үлесіне келеді. Өндірілген өнім көлемі 403,1 млрд. теңгені құрады.



Электр энергиясын, газ бен суды өндірісте таратудың (облыстың өнімі 5,9 %) көлемі 27,9 млрд. теңгені құрады, немесе 2007 жылғы сәйкес кезеңде 136,5%.

Қарағанды облысында 2008 жылдың басында 11 жаңа өндіріс ашылды. Облыста 1,1 мың жаңа жұмыс орыны құрылды.

Жыл басынан аймақтық деңгейде 3 жаңа инновациялық бағыттағы өндіріс енгізілді, оның 90-на жұмыс орыны құрылды, инвестициялық сома 1,075 млрд. теңгені құрады.

2008 жылдың қаңтар-маусым айлары ішінде Қостанай облысында 153,0 млрд.теңге сомасында өнім шығарылған. Нақты көлемінің индексі 101,6% құрады, соның ішінде тау кен өндіру өнеркәсібінің нақты көлемінің индексі - 99%.

Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда агломерациялық темір кенді өндіру – 4,3 пайызға, темір - 10,1 пайызға, бокситтер – 7 пайызға көбейді. 2008 жылдың мамыр-маусым айларында 7,8 мың тонна мыс концентраты бөлінген.

Алайда 2007 жылға қарағанда агломерацияланбаған темір кен - 24,2%-ға азайды («Оркен» ЖШС «МиталлСтилТемиртау» АҚ өнімін аз сатып алды), асбест - 15,2% («Костанайские минералы» АҚ өндірісінің төмендеуі), шекемтастар – 9,8% («ССГПО» АҚ өндірісінің төмендеуі).



Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлемінің индексі 108,0% құрады.

Өткен жылға қарағанда 2008 жылдың қаңтар-маусым айларында кондитерлік өнімдер – 7,8%, нан - 3,4%, ұн - 1%, ет және ішек-қарын - 0,1%, сары май - 11,5%, шұжық өнімдері - 13,5%, алкогольсыз ішімдіктер өндірісі - 27,5%, сүт және кілегей - 17,9%, Доре ерітіндісі – 3,1 есе көбейтілді.



Электр энергиясын, суды және газды өндіру және бөлудің нақты көлемінің индексі 101,3% құрады.

Өткен 2007 жылдың қаңтар-маусым айларына қарағанда электр энергиясы 2,6% көбейтілді.

2008 жылдың қаңтар-маусымында Қызылорда облысының өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 507,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,3 % құрады.

Оның ішінде таукен өндіру өнеркәсібінде 491,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 % кем. Шикі мұнай өндіру 5591,4 мың. тоннаны құрады немесе 2007 жылдың сәйкес кезеңіне 96,6 %.



Өңдеу өнеркәсібінде осы кезеңде 11,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 10,3 % өсті.

Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және таратуда 2008 жылдың қаңтар-маусымын 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнімнің нақты көлем индексі 108, % кұрады.

2008 жылдың қаңтар-маусым айларында Маңғыстау облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен, үй шаруашылығы секторын да қосқанда 770,1 млрд. теңгенің қолданыстағы бағаның өнімі өндірілді. 2008 жылдың есептік кезеңіндегі нақты көлем индексі 101,3% құрады.

Өсу қарқын тау-кен өндіру саласындағы нақты көлемнің индексі 100,9% (725,9 млрд. теңге өнім өндірілген немесе облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 94,2%) құрайды.

Облыс бойынша есептік кезеңде 8,9 млн. тонна мұнай өндірілді немесе 2007 жылдың каңтар-маусым айларымен салыстырғанда 100,2% құрайды.



Табиғи газ өндірісі ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 2 млрд. текше метр құрады немесе 2007 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 1,5 есе өсті.

Электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде өнім көлемі 2008 жылдың 6 айында 17,2 млрд. теңгені немесе 2008 жылдың қаңтар-маусым сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,5% құрайды.

Павлодар облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары 341,9 млрд. теңгеге өнім өндірді. Нақты көлем индексі 109,2%-ды (республика бойынша – 103,8%) құрады.

Өңдеуші өнеркәсіпте 255,0 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен 74,6%-ды құрайды. Металлургиялық өнеркәсіп өнімін өндіру және дайын металдық бұйымдар өндірісінің көлемі 18,9%-ға, машина және құрал-жабдықтар – 37,1%-ға, мұнай өнімдері – 0,1%-ға, тоқыма және тігін өнеркәсібі – 8,6%-ға, целлюлозалық-қағаз өнеркәсібі – 8,6%-ға өсті. Жер балшық өндірісінің көлемі 799,7 мың тоннаға дейін (105,3%) өсті, 644 мың тонна (102,2%) ферроқорытпа өндірілді.



Тау-кен өндіру өнеркәсібінің нақты көлем индексі 123,9%-ды құрады. Көмір өндіру кәсіпорындары 34,4 млн. тонна (124,6%) тас көмір, 2130,2 мың тонна (116,9%) лигнит өндірді.

Электр энергиясын, газ бен суды өндіру жәнетаратудың көлемі 54,9 млрд. теңгені құрады. Сағатына 17,4 млрд. кВт электр энергиясы (107,8%), 8344,9 мың Гкал жылу энергиясы (105,5%-ды) өндірілді.

2008 жылғы қаңтар-маусымда Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 28,4 млрд. теңгеге өнімдер өндірілген, бұл 2007 жылғы қаңтар- маусымнан 4,5%-ға жоғары. Өнеркәсіпті өңдеуде өндірілген өнім 20,3 млрд теңге немесе 2007 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 101%.



Тамақ өнімдерін өндіру өндірісі 43% орындайды. Тамақ өнімдерін шығару ассортименті маңызды кеңейген. Шетке шығарылатын өндірістерін ауыстыратын өнімдерін кеңейту мен тамақ өнімдерінің сапасын арттыру бойынша мәселе шешілуде.

Машина жасау саласында өндірісті өңдеу 23,8 %-ды алады, жеке тұлға индексі көлемінің 112,9 пайызын құрады.

2008 жылдың қаңтар-маусымында Оңтүстік Қазақстан облысында 88,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,6% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 6,2% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өнім өндіру көлемі – 12,2% өсіп, 10,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 75,2%) өнімінің нақты көлем индексі – 100,4%, немесе өнім көлемі 66,8 млрд. теңгені құрады.

Өндіріс көлемінің машина жасау өндірісінде – 16,1%-ға едәуір артуы орын алды.

Аса маңызды өнімдердің ішінде керосин өндіру – 67,0%-ға (өндірілгені 134 мың тонна), мазут – 16,2% (365,9 мың тонна), трансформаторлар – 35% (987,4 мың кВа), электр қуаты – 15% (681,8 млн. кВт/сағ), жылу энергиясы – 8,5% (1192,6 мың Гкал), мақта талшығы – 4,0% (54,5 мың тонна), мақта-мата жіптері – 23,8% (6,6 мың тонна), макарон өнімдері – 5,7% (8,4 мың тонна) өндіру артқан.

Ағымдағы жылдың басынан Алматы қаласында 182,5 млрд. теңге сомасынан жоғары өнеркәсіптік өнім өндірілді, яғни өткен жылдың сәйкес кезеңінен 9,1%-ға төмен.

Едәуір құлдырау басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісінде, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнеркәсіпте байқалады.

Астана қаласының өнеркәсіп секторын өңдеуші өнеркәсібі (82,0 %) және электр қуатын, газ бен суды өндіру және бөлу кәсіпорындары (18,0 %) құрайды.

Жыл басынан бастап қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 52,1 млрд. теңге сомасына өнім өндірді және қызмет көрсетті. Нақты көлем индексі 2007 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 85,1% құрады, бұл өндеуші өнеркәсіпте өнім шығару көлемінің 26% төмендеуінен туындады.



Өндеуші өнеркәсіпте қаланың кәсіпорындары 42,8 млрд.теңгеге өнім өндірді және қызмет көрсетті, бұл 2007 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы өндіру деңгейіне қарағанда 26,0%-ға төмен, физикалық көлем индексі 74 % құрады.

Тамақ өнімдерін өндіру үлесіне өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің 17,2 % тиеді. 2008 жылдың қаңтар-мамыр айларында осы саланың кәсіпорындары 7,4 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі өндіріс деңгейімен салыстырғанда 1,7 %-ға төмен.

Электр қуатын, газ және суды өндіру мен бөлуде 2008 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 122,1 % құрады. 2008 жылдың қаңтар – мамырындағы электр энергиясын өндіру өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 7,1 %-ға, жылу энергиясын өндіру 15,8 % жоғары болды.

Ауыл шаруашылығы. 2008 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда облыстардың тұтастай барлық категорияларында мал басының, ірі қара мал (3,3%-ға), қой мен ешкі (4,9% -ға), жылқы (5,2%-ға) және түйе (4,9%-ға) өсу байқалды.

2008 жылдың қаңтар-маусымда 2007 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда ет өндіру көлемінің өсуі Астана қаласынан басқа барлық облыстарда байқалды. Ет өндіру көлемінің едәуір өсіміне Солтүстік Қазақстан (8,9%-ға), Ақтөбе (6,7%-ға), Шығыс Қазақстан (5,1%-ға) және Оңтүстік Қазақстан (4,8%-ға) облыстары жетті. Ет өндіру қарқынының төмендеуі Астана қаласында (66,7%-ға) байқалды. Алматы қаласында ет өндіру көлемі 2007 жылдың қаңтар-маусымдағы деңгейінде сақталды.

2007 жылдың қаңтар-маусыммен салыстырғанда сүт өндірісінің өсуі Астана мен Алматы қалаларынан басқа республиканың барлық облыстарында байқалды. Сүт өндіру көлемінің аса жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстан (9,5%), Қарағанды (7,8%), Қостанай және Қызылорда (әрқайсысында 6,5%-дан) облыстарында байқалды. Оның өндірісінің төмендеуі Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 9,1% және 24,2%-ға байқалды. Маңғыстау және Павлодар облыстарында сүт өндіру көлемі 2007 жылдың қаңтар-маусымдағы деңгейде сақталды.

2008 жылғы қаңтар-маусымда 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жұмыртқа өндірісінің өсуі Қазақстанның 10 өңірінде байқалды. Өсімнің жоғарғы қарқыны Маңғыстау (33,3 %) және Алматы (31,2) облыстарында болды. Оның едәуір төмендеуі Қызылорда (57,0 %) облысында байқалды. Астана және Алматы қалаларында жұмыртқа өндіру көлемдері 2007 жылдың қаңтар-маусымдағы деңгейде сақталды.



Инвестициялар. 2008 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға инвестиция салу (жете бағалау есебімен) 1510,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,4%-ға көп.

Инвестицияның өсуі республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Айтарлықтай өсім Жамбыл (2,4 есе), Қызылорда (1,6 есе), Ақмола (1,5 есе), Батыс Қазақстан (1,4 есе)және Ақтөбе (28,8%) облыстарында тіркелді. Өсудің жоғарғы қарқындары Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында байқалды.



Тұрғын үйлерді пайдалануға беру. 2008 жылғы қаңтар-маусымында тұрғын үйлерді пайдалануға беру деңгейі өткен жылдың ұқсас кезеңдегі деңгейінен республиканың 13 өңірінде асып түсті.

Едәуір белсенді тұрғын үй құрлысы Шығыс Қазақстан (1,5 есе), Солтүстік Қазақстан (43,6 есе) және Ақмола (39,9%-ға) облыстарында және Астана (17,2%-ға) қаласында жүргізілуде.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемінің төмендеуі Қызылорда (7,9%), Оңтүстік Қазақстан (49,0%) облыстарында және Алматы (32,1%-ға) қаласында болды.

Тұтыну бағаларының индексі. 2008 жылғы маусымда тұтыну бағаларының индексі 2007 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 105,7%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 8,1%-ға, азық-түлікке емес тауарлар бағасы - 3,8%-ға және ақылы қызметтер бағасы - 4,2%-ға өсті.

2008 жылғы маусымда желтоқсанмен салыстырғанда бағаның ең жоғарға өсімі Шығыс Қазақстан (7,1%), Павлодар (6,9%), Қызылорда (6,3%), Ақмола (5,9%) және Батыс Қазақстан (5,4%) облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында (тиісінше 6,2% және 6,5%-ға) тіркелді.

2008 жылғы қаңтар-маусымда тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулер бағасы 2007 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 19,1%-ға өсті. Бағаның ең жоғарға өсімі Оңтүстік Қазақстан (23,2%), Маңғыстау (20,1%), Жамбыл (19,3%), Алматы және Павлодар (әрқайсысында 19,1%), Солтүстік Қазақстан (18,1%) облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында (тиісінше 20,0% және 26,3% байқалды.

2008 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда азық-түлік тауарларына бағаның өсуі республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Бағаның едәуір өсуі Маңғыстау (33,4%), Жамбыл (29,3%), Солтүстік Қазақстан (28,8%), Оңтүстік Қазақстан (27,6%), Қостанай (27,1%) және Шығыс Қазақстан (26,9%) облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында тиісінше 29,7% және 38,6% байқалды.



Азық-түлікке емес тауарлар бойынша бағаның өсуі республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Азық-түлікке емес тауарларға бағаның өсуі Алматы (12,7%), Атырау (12,5%), Маңғыстау (12,1%), Қызылорда және Павлодар (әрқайсысында 11,7%) облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында (тиісінше 12,9% және 14,2%) байқалды.

Республиканың барлық өңірлерінде халыққа ақылы қызметтер бағалары мен тарифтерінің жоғарылауы байқалды. Ең жоғарға өсім Оңтүстік Қазақстан (29,1%), Павлодар (16,7%), Ақмола (16,4%), Алматы (15,1%), Жамбыл (13,2%) және Батыс Қазақстан (13,0%-ға) облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында тиісінше 12,5% және 20,7% байқалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет