Қазақстанның барлық өңірлерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі байқалады
Өнеркәсіп. 2003 жылдың қаңтар-шілдесінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі 2002 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанның барлық өңірлерінде байқалды. Аса көп өсу – Қызылорда облысында (24%), ең аз өсу – Қарағанды облысында (2,4%). Өнеркәсіп өндірісінің өсуі еліміздің 8 өңірінде республикалық орташа деңгейден асып түскен.
2003 жылдың қаңтар-шілдесіндегі өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемі индексінің өзгеруі
(өткен жылғы тиісті кезеңге % бен, өсуі (+), кемуі (-))
Ауыл шаруашылығы. Үстіміздегі жылдың қаңтар-шілдесінде бүкіл республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ағымдағы бағамен 156,2 млрд. теңге құрады, бұл 2002 жылғы осы кезеңдегіден 1,4 % артық.
Республиканың Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне орай биылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша барлық оңтүстік облыстар және Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, барлығы 8 облыс дәнді дақылдар жинауда. Тұтастай алғанда аталған өңірлерде дәнді дақылдар орылуға тиісті алқаптың 15%-да (525 мың гектар), соның ішінде Жамбыл – 66,8%, Оңтүстік Қазақстан – 50,8%, Алматы – 23,6%, Қызылорда – 12,5%, Батыс Қазақстан 5,1% облыстарында орылды.
2002 жылғы 1 тамыздан бергі кезеңде барлық облыстардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері – ірі мүйізді қара, қой мен ешкі санын, 13 облыс шошқа және 10 облыс құс санын арттырды.
Ал сол кезде аталған кезеңде Маңғыстау облысында шошқа (25%) мен құс (38,3%) саны, Атырау облысында құс (23%), Батыс Қазақстан облысында – жылқы саны (7,2%) азайды.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-шілдесінде 2002 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда республиканың барлық өңірлерінде ет өндірісінің көлемі өсті, тек Астана қаласында ол өткен жылғы деңгейде қалды.
Сүт өндірісі барлық өңірлерде артты, тек Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында – тиісінше 66% және 17,4% төмендеді. Аса мол өсімге Жамбыл облысында қол жеткізілді (10,3%).
2003 жылдың қаңтар-шілдесінде жұмыртқа өндірісі 2002 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда Қазақстанның 10 өңірінде артты. Аса мол өсімге Алматы облысыда қол жеткізілді. (37,9%).
Тұрғын үй құрылысы. 2003 жылдың қаңтар-шілдесінде 13 өңірде салынған үйлердің көлемі 2002 жылғы осы кезеңдегі деңгейден асты. Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысы аса қарқынды жүруде, онда тұрғын үйлерді іске қосу көлемі 2002 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 3,9 есе артты.
Инвестициялар. 2003 жылдың қаңтар-шілдесінде негізгі капиталға инвестициялар (қосымша бағалауды есептегенде) 505,4 млрд. теңге болды, бұл 2002 жылғы осы кезеңдегіден 10,9% көп.
Инвестициялар республиканың 13 өңірінде өсті. Аса көп өсу Қызылорда облысында (2,6 есе) тіркелді.
2003 жылдың қаңтар-шілдесінде негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өзгеруі
(өткен жылғы тиісті кезеңге %-бен, өсуі (+), кему (кемуі))
Т ұтыну бағаларының индексі. 2003 жылдың шілдесінде тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулердің бағалары өткен аймен салыстырғанда республиканың 6 өңірінде өсті. Бағаның аса көп өсуі Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарында (0,4%-дан әрқайсында) тіркелді.
Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулердің бағалары 9 өңірде төмендеді. Ақмола облысында тұтыну тауарларының индексі биылғы маусыммен салыстырғанда өзгерген жоқ.
2003 жылдың шілдесінде тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағаларының өзгеруі
өткен айға пайызбен
|
Барлық тауарлар мен қызметтер
|
Азық-түлік тауарлары
|
Азық-түлік емес тауарлар
|
Ақылы қызметтер
|
Қазақстан Республикасы
|
100,0
|
99,5
|
100,8
|
100,1
|
Ақмола
|
100,0
|
99,8
|
100,6
|
100,0
|
Ақтөбе
|
99,6
|
98,9
|
100,3
|
100,2
|
Алматы
|
99,9
|
99,4
|
100,4
|
100,4
|
Атырау
|
99,5
|
98,7
|
100,4
|
100,1
|
Шығыс Қазақстан
|
100,4
|
100,4
|
101,1
|
100,0
|
Жамбыл
|
100,4
|
100,3
|
100,7
|
100,2
|
Батыс Қазақстан
|
99,9
|
99,3
|
100,8
|
100,1
|
Қарағанды
|
99,8
|
99,2
|
101,1
|
99,9
|
Қостанай
|
100,4
|
100,3
|
100,8
|
100,0
|
Қызылорда
|
99,5
|
98,9
|
100,7
|
99,7
|
Маңғыстау
|
100,1
|
99,7
|
100,5
|
100,2
|
Павлодар
|
99,6
|
99,1
|
100,2
|
99,9
|
Солтүстік Қазақстан
|
99,9
|
99,5
|
100,2
|
100,2
|
Оңтүстік Қазақстан
|
100,1
|
99,6
|
101,0
|
100,1
|
Астана қаласы
|
99,8
|
99,2
|
100,9
|
100,0
|
Алматы қаласы
|
100,2
|
99,5
|
101,4
|
100,5
|
Еңбек рыногы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2003 жылғы шілденің соңында 168,7 мың адам жұмыссыздар ретінде тіркелген. Ал олардың экономикалық белсенді халық санындағы үлесі – 2,2%.
2003 жылғы шілденің соңында тіркелген жұмыссыздардың үлесі
(экономикалық белсенді халық санына %-бен)
2003 жылдың маусымында халықтың ақшалай табыстарының орташа республикалық деңгейге қатынасы
(бағалау)
Халықтың ақшалай табыстары. 2003 жылдың маусымында халықтың жан басына шаққанда орташа ақшалай табыстары (бағалау бойынша) 9631 теңге болды. Республиканың аса жоғары табысты өңірлері – Атырау және Маңғыстау облыстары, оларда республикалық орташа деңгейден тиісінше 2,3 және 2,1 есе жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |