2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет1/2
Дата03.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#175251
  1   2


«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекiтiлген айлар бойынша бөлiнген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын алғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бекiтедi және бір уақытта өздерiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер бойынша бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларын:

республикалық бюджет бойынша – «Қазынашылық-клиент» ақпарат жүйесі (бұдан әрі – «Қазынашылық-клиент» АЖ) бойынша қызмет көрсеткен кезде өзiнiң орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тiзiлiммен бiрге қағаз және магнит тасығыштарында – осы Ереженің 2-1, 4-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша электрондық түрлерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген түпнұсқаларын;

жергiлiктi бюджет бойынша – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органға қағаз және магнит тасығыштарда бередi.

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда − бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы бекiтедi.

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға) болмаған жағдайда, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бұйрыққа сәйкес олардың мiндеттерiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.

Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарларының жалпы сомасының ҚР ББС-ның әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша және айлар бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бекiтiлген қаржыландырудың жиынтық жоспарының бiр данасын бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларымен, осы Ереженiң 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данадағы тiзiлiммен бiрге қағаз және магнит (электронды) тасығыштарда бередi. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде – осы Ереженің 13-1, 14-1, 15-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының электронды үлгілерімен 119-қосымшасына сәйкес бекітілген жоспардың электронды үлгісі және осы Ереженің 2-1, 4-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қол қойылған осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркеліп беріледі.

Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, жергiлiктi бюджет бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының мемлекеттiк мекемелердiң барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиынтық сомасына сәйкес келуiн, сондай-ақ олардың аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.

Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң орналасқан жері бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасының түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, әрбiр ҚР ББС бағдарламалары бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және Қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiне (бұдан әрi − ҚБАЖ) енгiзедi (жүктейді).

Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасы түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, әрбiр ҚР ББС бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және ҚБАЖ-ға енгiзедi (жүктейді).

Орындауға қабылдаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің жауапты орындаушылары жергілікті бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

Аумақтық қазынашылық бөлiмшелері белгiленген талаптар орындалмаған кезде қаржыландырудың жеке жоспарларын түзету үшiн республикалық бюджет бойынша − республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне, жергiлiктi бюджет бойынша − жергiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға қайтарады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себептері көрсетіле отырып қайтарылады).»;

36-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

««Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ереженің 26-1, 27-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың қалыптастырылған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және қаржыландырудың жеке жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық үлгілерін осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді.»;

40-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ағымдағы айдың он бесiнші күніне дейiн ұсынады, жоғары тұрған бюджеттен алынатын нысаналы трансферттердің қаражаты және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар жөнінде шығыстардың айлар бойынша көлеміне өзгерістер енгізілген жағдайда ағымдағы айдың жиырмасыншы күніне дейінгі мерзімде ұсынады.»;

51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«51. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган жергiлiктi бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманың бiр данасын оларды бекiтілгеннен кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде бір мезгілде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қағаз және магнит (электрондық) тасығыштарда ұсынады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша берген кезде – осы Ереженің 19-1, 29-1, 30-1-қосымшаларына сәйкес түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электрондық үлгілерін, осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылады.

Бюджет нақтыланған жағдайда «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 19-1, 29-1, 30-1-қосымшаларына сәйкес жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электронды үлгілері және 120-қосымшасына сәйкес нақтыланған жоспардың осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген электронды үлгісі ұсынылады.»;

57, 58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«57. Бюджет кодексінің 104-бабының 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген шығыстарды қаржы жылының басындағы қаражат қалдықтарының есебінен қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы жылдың 20 қаңтарына қарай мынадай құжаттарды дайындауды жүзеге асырады:

1) бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпарат;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмау себептерін көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпарат, сыртқы қарыздар, гранттар және бюджеттік кредиттер қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламасын қоспағанда, инвестициялық жобалар, бюджеттік бағдарламалар; дайындалу және жеткізу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар; көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтер бойынша ақысы төленбеген шарттар тізбесі.

58. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Ереженiң 57-тармағында көрсетiлген ақпарат негiзінде белгiленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламалар тiзбесiн оларды бюджет қаражатының қолда бар қалдықтары көлемінің шегiнде ағымдағы қаржы жылы қаржыландыру жөнiндегi ұсыныспен бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

59. Бюджет комиссиясының шешiмi негiзiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебiнен ұлғайту жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қаулысының жобасын әзiрлейдi және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне енгiзедi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебiнен ұлғайту жөнiндегi қаулысының жобасында нысаналы даму трансферттері инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде көрсетiледi.»;

мынадай мазмұндағы 59-1-тармақпен толықтырылсын:

«59-1. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің Бюджет кодексінің 157-бабының 5-тармағына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобалардың құнын ұлғайтуды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бюджет комиссиясында қарамай, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша үнемдеу сомасын бюджеттік инвестициялық жобалар арасында ауыстыруды жүзеге асыруға құқығы бар.

Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша үнемдеу пайда болған жағдайда бюджеттік инвестициялық жобалар арасында соманы ауыстыру осы Ереженің 257-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;

60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«60. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 59 және 59-1-тармақтарында санамаланған нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде осы Ереженiң 5-тарауында айқындалған тәртiппен түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзедi.»;

62-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттiк органдарды, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi құруға, таратуға, қайта ұйымдастыруға, олардың функцияларын өзгертуге байланысты бекiтiлген (нақтыланған) бюджет көрсеткiштерiн түзету жөнiндегi қаулылардың жобаларын әзiрлейдi және оны тиісінше Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне енгiзедi.»;

мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:

«62-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірмей инвестициялық жобаларды қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері және жоспарлау сатыларынан өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған кредиттер бойынша (бұдан әрі – кейінге қалдыру шарты бар жобалар) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай құжаттама ұсынады:

1) бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша:

техникалық экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, экономикалық сараптамасымен қоса, белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме;

ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалардың инвестициялық ұсынысына және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша оң экономикалық сараптама;

2) мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бағытталған бюджеттік инвестициялар бойынша:

экономикалық сараптаманы қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негіздеме;

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған оң экономикалық қорытынды;

3) бюджеттік кредиттер бойынша:

қаржы агенттері бюджеттік кредиттерді, бюджеттік инвестициялық жобаларды және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға жіберген жағдайда оң экономикалық қорытындымен қоса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған техникалық-экономикалық негіздеме.

Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарынан кешіктірмей нысаналы даму трансферттерінің қаражаты және кредиттердің есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша жоғарыда санамаланған құжаттарды тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған құжаттаманы бюджет және өзге заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан қарайды.

Барлық құжаттама болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шарттарды тіркеу және төлемдер жүргізу рұқсат етілетін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесі бар хабарлама хат жібереді.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне шарттарды тіркеу және төлемдерді жүргізу рұқсат етілетін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесі туралы хабарлама-хаттың көшірмесін жібереді.

Егер кейінге қалдыру шарты бар жекелеген жобалар бойынша құжаттама берілмеген жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджетті нақтылау немесе оны түзету жүргізілгенге дейін шарттарды тіркеуге және төлемдерді жүргізуге жол берілмейтін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесімен бірге хабарлама-хат жібереді.»;

65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«65. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары (бұдан әрi - ҚБШ) мына:

1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;

2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны олардың есептеуімен және жұмсауымен;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар туған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;

6) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;

7) қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен байланысты операцияларды есептеуге арналған.»;

84-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын шетелдік валютада шот ашуға жазбаша рұқсатының және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң ақылы қызметтердің қолма қол ақша шотын ашуға арналған өтiнiмдерінiң негiзiнде жазбаша рұқсаттар берiлген күнi және аумақтық қазынашылық бөлiмшелерден қолма қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдері түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей республикалық бюджеттен;»;

91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 106, 108 және 110-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«91. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағы мынадай құжаттарды қамтиды:

1) мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмесi;

2) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі ережесiнiң (жарғысының) көшiрмесi;

3) СТН көшiрмесi;

4) қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi;

5) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің бiрiншi басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері және қаржылық құжаттардағы бiрiншi және екiншi қол қол құқығын жүктеу туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

6) демеушiлiк, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды ашуға рұқсат.

Мемлекеттік мекемеге/квазимемлекетік сектор субъектісіне «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде қосымша мыналар:

1) қазынашылық пен мемлекеттік мекеме/квазимемлекетік сектор субъектісі арасындағы Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісімнің түпнұсқасы (бұдан әрі – ЭЦҚ туралы келісім),

2) ЭЦҚ кілттерінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда ЭЦҚ пайдалану туралы келісімге Қосымша келісімнің түпнұсқасы беріледі.

Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгерген кезде оларға сәйкес мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгертілген нормативтік құқықтық актінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжаттың көшірмесін бір мезгілде ұсына отырып, жоғарыда санамаланғандарға ұқсас жаңа құжаттар ұсынылады.

92. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi әр мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне бiр құжаттар жинағын қалыптастырады.

93. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағын қалыптастырған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктегi, ережедегi (жарғыдағы), СТН және мөр бедерiндегi (ММ үшін - елтаңбалы) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісі атауының бірдейлiгiн тексередi. Алшақтықтар анықталған жағдайда, сәйкестендiру үшiн мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне қайтарады.

94. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 40-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данада ұсынылады. Бiр данасы мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағында сақталады, екiншiсiн қаржылық құжаттардағы қолдар мен мөр бедерiнiң (ММ үшін – елтаңбалы) шынайылығын тексеру үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi пайдаланады.

95. Бiрiншi қол қою құқығы мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы және/немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғалар ие. Екiншi қол қою құқығы бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысына және/немесе мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы уәкілеттік берген бухгалтерлiк есептi жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға беріледi.

96. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерiнiң үлгiсi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi басшысының немесе ол уәкiлеттік берген тұлғаның қолымен расталады және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөр бедерiмен (ММ үшін – елтаңбалы) бекітіледі не нотариалды куәландырылады.

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдары мен мөр бедерiнiң үлгiлерi нотариалды куәландырылады.

97. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi өшпейтiн төзiмдi сиялармен орындалуы тиiс, мөрдiң бедерi (ММ үшін - елтаңбалы) дәл және анық болуы тиiс. Ұшып кететiн сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильдi көшiру құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi. Мөр бедерін (ММ үшін - елтаңбалы) қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi» мемлекеттiк мекемесiн қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түстi мастиканы пайдалануға тыйым салынады.

Арнайы мақсаттарға арналған мөрлердi қолдануға жол берiлмейдi.

98. Қайта құрылған мемлекеттiк мекемеде/квазимемлекеттік сектор субъектісінде мөр уақытша болмаған, мөрдiң атауы өзгерген, ескiрген немесе жоғалған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне оның өтiнiшiнiң негiзiнде жаңа мөр дайындауға уақыт (10 күнтiзбелiк күннен аспайтын) бередi және осы жағдайға байланысты құжаттарды сол елдi мекенде орналасқан бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөр бедерiмен бекітуге немесе құжаттарды мөр бедерінсiз беруге рұқсат бере отырып, мөр болмаған уақытта қаржылық құжаттарды ресiмдеу тәртiбiн айқындайды. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi мөрдiң (ММ үшін - елтаңбалы) дайындалу уақытында оның әрекет ету мерзiмi көрсетiлiп, елтаңбалы мөрдiң бедерiнсiз (ММ үшін - елтаңбалы) ресiмделедi.

99. Ең болмағанда бір қол ауыстырылған немесе толықтырылған немесе мөр ауыстырылған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы тараудың 96-тармағында белгiленген тәртiппен куәландырылған қол қою және мөр бедерiнiң үлгiлерiмен жаңа құжат ұсынылады.

Бiрiншi немесе екiншi қол қою құқығы бар тұлғалардың бiрiнiң қолын уақытша ауыстырған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне тұлғаны тағайындау және уақытша мiндетiн атқарушыға қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтың көшiрмесiн оның қолданылу мерзiмiн көрсете отырып, уақытша міндетін атқаратын тұлғалардың қолдарының үлгілерін қамтитын уақытша құжат ресiмделедi. Жаңадан ұсынылған құжаттар мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжат жиынына тiгiледi.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет