2010 жылғы 1 мамырдағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі73.31 Kb.
#3792


2010 жылғы 1 мамырдағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2010 жылдың 1 мамыр айында облыс бюджетіне 47636,0 млн.теңге болжаммен 47662,3 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 34718,7 млн.теңге сомасында субвенция мен нысаналы трансферттер түсті.



Меншік кірістер 103,2%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады.

Ағымдағы жылдың 4 айында орманды пайдаланғаны үшін төлем (98,4%), қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем (87,2%), азаматтарға пәтерлерді сатудан түскен түсімдер (88,9%) және жер телімдерін сатудан түскен түсімдер (95,4%) басқа, барлық кірістер көздері бойынша жоспар орындалды.

Облыстық бюджетке 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 4820,4 млн.теңге болжаммен 4931,1 млн.теңге меншік кірістері немесе 102,3%-ға орындалды.





Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 44330,5 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 38246,3 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 6084,1 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 12358,7 млн.теңге немесе 95,3% жұмсалды, оның ішінде:

мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 561,7 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 8697,5 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 8094,1 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге - 326,8 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге - 276,6 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 1107,1 млн.теңге.

Ағымдағы жылдың 4 айында білім беру жүйесін ақпараттандыруға 78,4 млн.теңге жұмсалды.

2010 жылы облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 262,7 млн.теңге жұмсалды, ол 97,2%-ды құрады.

Облыстың денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға 2010 жылдың 1 мамаырдағы жағдай бойынша 5736,1 млн.теңге немесе 85,6% қаражат стационарлық медициналық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарына, қан және оның құрамындағыларды өндіру, жекелеген санаттарындағы ауруларды препараттармен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтына жұмсалды. Оның ішінде өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың стратегиясын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау объекітлеріне күрделі, ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 288,1 млн.теңге бөлінді, 13 объектіге - 182,7 млн.теңге, медициналық мекемелердің 18 объектіге ағымдағы жөндеуге – 105,4 млн.теңге; республикалық бюджет қаражаты есебінен 867,8 млн.теңге, 13 объектіге күрделі жөндеуге 550,3 млн.теңге, 13 объектіге ағымдағы жөндеуге - 317,5 млн.теңге. «ШҚО Денсаулық сақтау объектілерінің кейбір мәселелері туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 287 қаулысына сәйкес 31 мемлекеттік мекеменің 29-ы КМҚК қайта тіркелді.

Шоттардағы қаражаттар қалдығы 964,2 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бойынша – 535,3 млн.теңге, республикалық бюджет бойынша -428,9 млн.теңге.

2010 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 100,6 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 139,5 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 64,7 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 191,1 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 118,6 млн.теңге көмек қарастырылды.

Жұмыспен қамту бойынша игеру 171,9 млн.теңгеге 85,8%-ды құрады.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім объектілерін дамытуға 150,6 млн.теңге жұмсау жоспарланды, осы қаражат есебінен Аягөз ауданы Ақши мен Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдарындағы мектеп құрылысы жалғастырылатын болады, Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы балбақша құрылысы бойынша жұмыс басталды. 3 бала бақшаны одан әрі салуға жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде: Курчатов қаласының 100 орынға арналған, Аягөз қаласының 200 орынды, Шемонаиха қаласының 28 орынға арналған және Зайсан қаласындағы 600 орынды орта мектеп құрылысы.

Мәдениет және спорт объектілерін дамыту мақсатында облыстық бюджетте Өскемен қаласындағы 800 орынды қазақ драма театрының құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеуге, Семей қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Үржар ауданы Алакөл көлінің жағалауында бюджеттік ұйымдарының демалу базасының инфрақұрылымы жалғастырылыа жатыр, Зырян ауданы Новая-Бухтарма кентіндегі спорт модулінің қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталуда. Жалпы осы іс-шараларды өткізуге қарастырылған 116,5 млн.теңгенің 159,4 млн.теңге көлемінде қаражаттар жұмсалды.

Ішкі істер органдарының объектілерін дамыту үшін өңірлерде Семей және Зырян қалаларында уақытша ұстақтау изоляторының құрылысына жобалық құжаттарды әзірлеу іс-шаралары аяқталуда. Экологиялық жағдайлар мен қоршаған ортаны қорғауды жақсарту үшін Жарма ауданында пестицидтер көму бойынша полигонын салуға және Семей қаласының ағынды суды биологиялық тазалау құрылыстары бар тазалау құрылысты қайта жаңарту және кеңейтуге жобалық құжаттарды әзірлеу аяқталуда.

Зырян ауданы Серебрянск қаласының бюджет саласының объектілеріне жылумен жабдықтауды дамытуға 15,4 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеуге 241,3 млн.теңге, әуе және теміржол тасымалдауға - 62,5 млн.теңге жұмсалды. Демалып жатқан халыққа жақсы көліктік инфрақұрылымын құру мақсатында «Голубой залив» демалу базасына кірме автожолын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжат әзірлену бойынша жұмытар басталды, сәуір айында дайыфндық жұмыстарын жүзеге асыру үшін аванс аударылды.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен ағымдағы жылы білім, денсаулық сақтау, спорт, сумен жабдықтау, жол, жылу энергетика жүйесі объектілерін дамыту үшін қаражаттар жұмсау жоспарлануда, одан әрі тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы, агроөнеркәсіп кешенін іске асыруға қаражат жоспарлануды. Сондай-ақ этникалық көшіп келушілерді ұтымды қоныстандыру және жайғастыру мен кіріктіруде көмек көрсету болып табылатын «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін салу қарастырылды.

Республикалық бюджеттен берілген аталған нысаналы трансферттердің жалпы көлемі 26,5 млрд.теңгені құрайды. 4 айдың қорытындысы бойынша 6,1 млрд.теңге игерілді, жоспар бойынша 7,5 млрд.теңге. Катонқарағай, Үржар, Жарма аудандырындағы мектептері мен Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектебінің, Көкпекті және Катонқарағай аудандарындағы аудандық аурухананың, Өскемен қаласындағы Қан және сәулелі терапия орталықтарының құрылыстары жаслғастырылуда, бұл одан әрі тиісті аумақтардағы әлеуметтік саланы жақсарту және дамытуға әсерін тигізеді. Сонымен қатар, Глубокое, Күршім, Үржар аудандары мен Семей қаласындағы 5 орта мектеп және Жарма Қалбатау ауылындағы 1 бала бақша құрылысы қосымша жоспарланды.

«Ауыз су» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстың жеті ауданында сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту бойынша іс-шаралар басталды, оның ішінде Аягөза, Бесқарағай, Бородулиха және Тарбағатай аудандарында, осыған есеп беру кезеңінде 279,3 млн.теңге жұмсалды.

Болашақта көлік инфрақұрылымын дамыту және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту үшін, автомобиль жолдарының 5 учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: Күршім ауданы Қар-Қаба өзені арқылы өтетін көпір құрылысы, Самара тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын, «Семей-Қайнар» автожолын қайта жаңарту, Глубокое ауданы «Волчиха-Карагужиха» автожолындағы Карагужиха өзені арқылы көпірін және «Риддер қаласының айналма жолы» учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, оған 208,2 млн.теңге жұмсалды.

Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 1099,4 млн.теңге пайдаланылды, осы бағдарламалар шеңберінде ипотекалық кредит беру жүйесі бойынша одан әрі іске асыру үшін этникалық көшіп келушілерді ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу үшін Семей, өскемен қалалары мен Аягө ауданындағы құрылыс жүргізілуде. Сонымен қатар, ерекше қажет ететіндерді қамтамасыз ету үшін коммуналдық тұрғын үй салынуда.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатында, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға және өнімдерінің өнімділігін арттыру, ауыз суды жеткізу бойынша қызметтерді төлеу үшін республикалық бюджеттен берілген субсидия есебінен 682,8 млн.теңге жұмсалды.

Семей қаласының жылумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін 1 480,0 млн.теңге жұмсалды, оның есебінен 2009 жылы басталған 2 қазандыққа арналған су ысытқыш қазандығының құрылысы бойынша жұмыстар жалғастырылды.


2010 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, 36298,8 млн.теңге облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 18/237-IV шешімімен облыстық бюджетте 36298,8 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 20553,6 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 15745,2 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 2877,5 млн.теңге тұрғын үй құрылысы мен оны сатып алуға кредиттер.

Облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 20/245-IV шешімімен жол картасы бойынша трансферттерді ескере отырып, республикалық трансферттер ккөлеміне өзгертулер енгізілді, сондай-ақ трансферттер көлемі 40254,5 млн.теңгені құрады.

2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 10404,0 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылды, 2010 жылдың 1 мамырында республикалық бағдарламалар әкімшілерінен нақты 9536,4 теңге түсті, оның ішінде есеп беру кезеңінде 8516,8 млн.теңге немесе республикалық бюджеттен бөлінгеннің 89,3 %-ы игерілді. Жалпы облыс бойынша нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша игеру 77,1%, толық пайдаланылмай қалған қаражат сомасы 1050,6 млн.теңгені құрады; дамытуға арналған нысаналы трансферттер бойынша 100,6%.



Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі мен ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге –147,3 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамсыз ету және кеңейтуге 124,2 млн.теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға – 406,3 млн.теңге, денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға – 1860,9 млн.теңге, жылу энергетикалық жүйесін дамытуға – 1480,0 млн.теңге жұмсалды.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет