2010 жылғы 4-тоқсандағы атқарылған
жұмыс туралы есеп
Облыс бюджетінің атқарылуы
2010 жылдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің меншік кірістері 101,6%-ға орындалды, 44680,3 млн.теңге жоспарланып, 45398,8 млн.теңге түсті, жоспардан тыс 718,5 млн.теге түсті. Ағымдағы кезеңде облыстық бюджет және барлық қалалар мен аудандар жоспарды орындады.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3233,4 млн.теңге сомасында облыс бюджетіне түсімдердің ұлғаюына қол жеткізілді, оның ішінде төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы (1975,4 млн.теңге), әлеуметтік салық (565,8 млн.теңге), көлік құралына арналған салық (480,9 млн.теңге), өзге салық емес түсімдер (203,8 млн.теңге) және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша (517,7 млн.теңге).
Шығыс бөлігі
Өткен жылы облыс бюджетінің шығыстары 2009 жылға қарағанда 18%-ға ұлғайды және 161,1 млрд.теңгені құрады (жоспардың 99,2%-ы игерілді).
Облысқа республикалық бюджеттен 39,1 млрд.теңге нысаналы трансферттер бөлінді, соның есебінен білім және денсаулық сақтаудың бюджеттік ұйымдарын материалдық-техникалық қамсыздандыру, жаңа енгізілген объектілерді ұстау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балаларға жәрдемақы төлеу, медициналық-әлеуметтік мекемелерінде тамақтану нормаларын ұлғайту, соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге материалдық көмек, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсету, сумен жабдықтау жүйесін дамыту, әлеуметтік және коммуналдық тұрғын үй объектілерін салу, инженерлік инфрақұрылымды жайластыру, Семей қаласындағы жылу энергетикалық дамыту, мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілері, автомобиль жолдарына ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру жүргізілді. 2010 жылдың екінші жартысынан бастап «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру және мектепке дейінгі мекемелердегі мемлекеттік тапсырысты ұлғайту басталды. Жалпы 38,1 млрд.теңге немесе бөлінген қаражаттың 97,3%-ы игерілді, 905,8 млн.теңгеге тіркелген міндеттемелер бойынша 2011 жылы толық пайдалану туралы ұсыныс жолданды.
Барлық өңірлер бойынша бюджеттiк сала қызметкерлердiң еңбекақысының кепілді төлемдері, әлеуметтік төлемдер, коммуналдық қызмет көрсету төлемдері, бюджеттік ұйымдардың қолданыстағы желiсiнің қызмет атқаруына қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу қамтамасыз етілді, оған 137,6 млрд.теңге жұмсалды, ол шығыстардың жылпы көлімінің 86%-ды құрады.
Өткен жылы облыстың білім беруге 46,6 млрд.теңге (игеру 99,7% құрады), денсаулық сақтауға 24,9 млрд.теңге (99,7%), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға 8,9 млрд. теңге (99,9%), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа 14,5 млрд.теңге (99%), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 5,8 млрд.теңге (99,8%), облыстың ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуге - 7,2 млрд.теңге (98,1%), көлік және коммуникация – 8,7 млрд.теңге (99,8%) жұмсалды.
Өткен кезеңде барлық өңірлер бюджет қаражаттарын игерудің 99,2-100% деңгейіне қол жеткізді, дегенмен де қаражаттардың төмен игерілуіне 3 өңір жол берген: Риддер қаласы (97,9%), Аягөз (98,2%) және Шемонаиха (98,7%) аудандары.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жол картасының барлық инвестициялық бағыттары (11762,9 млн.теңге бөлінді, игерілу 99,9%-ды құрады), сондай-ақ 2010 жылғы көктемгі су тасқыны кезіндегі жағдайларды жоюға 6,1 млрд.теңге сомасында Үкімет резервінен бөлінген қаражаттар бойынша облыстың 6 өңіріндегі су тасқынынан бұзылған тұрғын үйлердің орнына үйлер салу, Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылындағы мектеп құрылысы мен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жетінші өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу іс-шаралар жақсы іске асырылды.
Облыс Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 882,0 млн.теңге сомасында 2007 жылы алынған республикалық кредитті қайтару бойынша міндеттемелерді толығымен орындады. «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» бойынша 9,6 млн.теңге қарыз өтелді.
Өткен жылы барлық деңгейлерде веб-портал арқылы электронды мемлекеттік сатып алуды енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.
2010 жылы облыстың мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес 19,6 млрд.теңгеге 434 конкурс, оның ішінде 6,9 млрд.теңге сомасында жол картасы бойынша 209 конкурс өткізді.
Қазақстандық қамту үлесі 83,46%-ды құрады (тауарлар - 61,65%, жұмыстар – 93,33%, қызметтер - 100%), облыстар арасында IV орында, Қазақстан Республикасы бойынша жалпы көрсеткіштермен салыстырғанда 72,91%.
Міндеттер:
- бюджеттердің кірістер бөлігінің болжамдық көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын орналастыру, жөндеу және құрылыс жұмыстарына конкурстар жариялау бойынша жұмыстарды жүргізу;
- бюджет қаражатын уақтылы игеруін қатаң бақылау жасау;
- мердігер ұйымдары және тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің шарттарды орындау бойынша шаралар қабылдау.
Коммуналдық меншікті басқару
Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бойынша үнемі жұмыстар жүргізіледі. Өткен жылы өткізілген аукциондық саудалар және коммерциялық тендерлер барысында коммуналдық меншіктің 36 объектісі сатылды. Сатудан түскен кірістер 29,3 млн.теңгені құрайды.
Бос тұрған алаңдарды тиімді пайдалану және бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында 50 мыңнан астам шаршы метрді жалға беруден түскен түсімдер 2009 жылға қарағанда 10%-ға өсті және 204,5 млн.теңгені құрады.
2010 жылы бұрын жекешелендірілген әлеуметтік сала объектілерін қайтару бойынша жұмыс жалғастырылды. Жалпы облыс бойынша 75 объект қайтарылды, оның ішінде: білім берудің 20 объектісі, соның ішінде 17-і балабақша ғимараты, 1 объект денсаулық сақтау объектісі, 49 клубб және мәдениет үйі, 5 спорт объектілері.
Мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін пайдаланылуын түгенделді, оның барысында ұзақ уақыт пайдаланылмаған 303 объект анықталды. Облыстың аудандары мен (қалалары) әкімдіктері 235 объект бойынша пайдалану бағыты анықтады, ал 68 объект бойынша 2011 жылы сату кестесіне енгізу, ЖСҚ, ТН әзірлеуге, күрделі жөндеулер жүргізуге қолма-қол ақша бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, кейіннен мониторинг жүргізе отырып, облыста гидротехникалық құрылыстарды, табиғи су қоймаларын, магистральдық, су шаруашылығы каналдарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Анықталған иесіз объектінің 74-і әділет органдарында есепке алынды, коммуналдық меншікте мемлекеттік мекемелерге бекітілген 56 объект бар, 48-і республикалық меншікте, 15-і жеке меншікте.
Міндеттер:
- ұзақ пайдаланылмаған объектілер бойынша жұмыстарды аяқтау үшін (құралдармен қамтамасыз ету) шаралар қабылдау;
- сот шешімдері шығарғаннан кейін әділет органдарында есепте тұрған гидротехникалық құрылыстардың балансұстаушыларын анықтау бойынша жұмысты аяқтау;
- ұсынылған алаңдарды кеңейту есебінен жалдаудан түскен түсімдердің 2010 жылғы өсім деңгейін сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |