Аудандық білім бөлімінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет



Дата25.02.2016
өлшемі213.5 Kb.
#24766
Аудандық білім бөлімінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша
атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Мемлекеттік Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық – ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы – экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір – бірімен өзара байланыстағы іс – шаралар кешені болып табылады.

Бағдарлама еліміздегі экономиканың орнықты дамуы үшін  сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында бірнеше мақсатты міндеттер жүктейді. Осы міндеттер бойынша ауданымызда бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарға көшсем деймін.

Бүгінгі таңда ауданда 39 орта, 5 негізгі, 6 бастауыш мектеп жұмыс жасайды. Мектептерге 15206 оқушы, шағын орталықтар мен балабақшаларда 4685 бала, мектептен тыс мекемелерге 1270, кешкі мектепке 77 оқушы қамтылған. Оларға 2152 мұғалім (1963 – жоғары, 189 – арнаулы орта білімді педагогикалық мамандар дәріс береді. Мектептердегі мұғалімдердің 58 – жоғары, 723 – бірінші, 789 – екінші санаттағы мамандар болып табылады.

Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыруы туралы мәлімет:

Аудан бойынша үстіміздегі жылдың қаңтар – қыркүйек айлары аралығында 321 педагог бюджет есебінен қысқа мерзімді курстан, 150 педагог маман жаңа оқыту технологиялары бойынша республикалық деңгейдегі көшпелі курстан өтіп отыр. Үш айлық біліктілік арттыру деңгейлік курстарынан үстіміздегі жылы 94 педагог маман қамтылса, 10 мектеп басшысы көшбасшылық курстан өтті.



Жалпы орта білім беру ұйымдарының құрылысы, күрделі жөндеу туралы мәлімет: Соңғы үш жылда 11 мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе, 4 мектеп құрылысы (Тоқабай елді мекеніндегі 140 орындық № 248 орта мектебі және Қосаман елді мекеніндегі 100 орындық № 68 орта мектептердің құрылысы, №237 негізгі мектебі Ақеспе, №74 орта мектебі Жаңақұрылыс елді мекеніндегі жаңа типтік мектеп құрылыстары 2015 жылы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілді, 1 мектеп құрылысы №230 орта мектебі Жіңішкеқұм жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары туралы мәлімет:

Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша мектепке дейінгі 85 білім беру ұйымы бар. Олардың 1-уі санаториялық типтегі балабақша, 19 мемлекеттік балабақша, 10 жеке балабақша, 19 толық шағын орталық, 36 жарты күндік шағын орталық.

30 балабақшада - 2762, 55 шағын орталықта-1923 бала, барлығы 4685 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Аудан бойынша 1-6 жастағы 10789 бала, 3-6 жастағы 4655 бала бар.3-6 жастағы 4655 баланың 4402-і балабақша мен шағын орталықтарда тәрбиеленуде.Аудан бойынша 3-6 жастағы барлық баланың 95 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен, 5-6 жастағы 1871 баланың 100 пайызы мектепалды даярлықпен қамтылған.

2015 жылы Арал қаласынан Е.Исатаеваның бастамасымен 45 орындық «Балбөбек» жеке балабақша және кәсіпкер Т.Ибраеваның


«Нұр-Ай» 100 орынға арналған жеке балабақшалары ашылып, жұмыс жасауда.

Алдыдағы уақытта Сексеуіл кентінен жеке кәсіпкер А.Енсепованың 160 тәрбиеленушіге арналған жеке балабақша ғимараты бой көтеріп, алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі бойынша кезекте тұрған балалардың саны – 558. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы балалар саны-53, ал қалған 505 бала 1-3 жас аралығындағы балалар.

Материалдық – техникалық базамен қамтылуы: Білім сапасын жақсарту мақсатында білім ордаларының материалдық-техникалық базасының қазіргі заман талабына сай жабдықталуына баса назар аударылған. Бүгінгі таңда ауданның 29 мектебі 31 мультимедиялық кабинетпен, 7 физика, 14 химия, 14 биология кабинеттерімен, қаладағы 9 және ауылдық елді мекендердегі 8 мектеп әмбебап интерактивті (интерактивті физика, химия, биология) кабинеттерімен жабдықталған. 48 мектеп интернет желісіне қосылған. Олардың 16 – ы жолақты, 7 – уі спутниктік интернет жүйесі бойынша жұмыс істейді.5 мектеп «электронды оқыту» жүйесімен жұмыс жасайды(№№13, 14, 260, 57, 87).

Жалпыға міндетті білім беру қоры: Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қолдау мақсатында жалпыға бірдей білім беру қорына үстіміздегі жылы бөлінген қаржының 87 пайызы ыстық тамаққа қаралып, 3595 бала дерлік ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен қатар 1 және 2 – сыныптың барлық оқушылары толық ыстық тамақпен қамтылған.

Оқулықпен қамтылуы: Аудан мектептерінің кітапханаларындағы жалпы кітаптың қоры – 401350, оның ішінде мектеп оқулықтары – 301292, оқырмандар саны 15310 – ды құрап отыр. 2015-2016 оқу жылында 8 баспамен келісім-шартқа отырып, 1-3-4-5-6-7-11 сыныптардың 83668 дана оқулықтары 55066000 теңгеге алынып, мектеп оқушыларына таратылды.

Инклюзивті оқыту:

2015-2016 оқу жылында Қазалы аудандық педагогикалық – медициналық – психологиялық кенесінің шешіміне сәйкес 375 бала мүмкіндігі шектеулі болып танылды. Оның ішінде мектепте білім алушы- 154 бала, үйден оқитыны-76, әлеуметтік қызметте-51, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде-74 бала, облыстық оңалту орталығында- бала, интернатта-6, Умай сауықтыру орталығында 10, логопедиялық пунктте 10 бала.

Ауданда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс жасайды, онда, психолог, логопед, дефектолог, сурдопедагог жұмыс жасауда.

Қаладағы «Алтын балық» балабақшасында және №262 мектеп-гимназия жанындағы «Айгөлек» толық шағын орталығында логопед мамандары сөйлеу тілі бұзылыстары анықталған балаларға дер кезінде көмек көрсету мақсатында жұмыс атқаруда.

Қазіргі таңда 52 мектептің 2 мектебінде инклюзивті білім беруге байланысты, қаладағы №83 мектепте мүмкіндігі шектеулі 20 бала мектеп партасында және 5 бала үйден білім алуына байланысты сапалы инклюзивті жұмыс жасау үшін қосымша дефектолог маманы штаты берілді, осы мақсатта №220 орта мектептен ойлау қабілеті бұзылған (ЗПР) 2 сыныбы ашылып жұмыс жасауда, 1-сыныпта 8, 2-сыныпта 20 оқушы білім алуда және №260 мектептерде 10-нан астам мүмкіндігі шектеулі оқушы мектеп партасында оқуына байланысты дефектолог штатын беру және арнайы ойлау қабілеті бұзылған (ЗПР) сыныптар ашуға ұсыныстар берілді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға қалыптастыру, сапалы педагогикалық – психологиялық көмек беру мақсатында «Әлеуметтік педагог қызметінің мүмкіндігі шектеулі баланың өміріндегі маңыздылығы», «Ақыл – ойы кенжелеген балалардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар» және «Мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін дамыту» тақырыптарында аудандық семинар отырыстар және мүмкіндігі шектеулі балалардың түпкі қабілетін анықтау және дамыту мақсатында аудан көлемінде «Біз бәріменен бірдейміз!» атты өнер фестивалін өткізу дәстүрге айналған. Әр мереке сайын балаларға қайырымдылық шаралар ұйымдастырылуда.

2015 жылдың сәуір айында «Ақыл-ойы кем балалар тұлғасының ерік-күш қасиеттерінің ерекшеліктері және оларды дамытудағы түзету жолдары» аудандық тәжірибе алмасу семинары мен «Нәтижеге бағдарланған білім беру моделі және мұғалім шығармашылығы» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылды.

2015 жылдың 12 мамыр күні Нұр Отан партиясының қолдауымен «Бақытты балалық» жобасы аясында аудандық білім бөлімі мен педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Біз бәріменен бірдейміз» атты өнер фестивалі өткізілді. Аудандық іс-шараға мүмкіндігі шектеулі 33 бала қатыстырылды. Балаларға Қызылорда қаласындағы «Петро Қазақстан Құмкол Ресорсиз» АҚ және Арал қаласындағы мекемелер мен жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетті.

Құрылтай баспасөз газетіне «Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірдегі орны» атты мақала жариялады.

Үйден оқитын оқушыларға берілетін бағдарламалық-техникалық құралдар Қазалы кентінің ПМПК берген қорытындысы бойынша 2011 жылы 12 оқушыға, 2012 жылы 11 оқушыға, 2013 жылы 2 оқушыға берілді. Қазіргі таңда 7 оқушының компьютерлері интернетке қосылған.

Ауданы бойынша 44 мектепте, 20 балабақшада, «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы, оқушылар үйінде, кешкі мектепте және өнер мектебінде пандус, кең кіреберіс, ұстаңғыштармен қамтамасыз етілген. Пандусы жоқ 4 мектепке орнатуға мүмкіндіктер қарастырылуда.

Қорғаншылық пен қамқоршылық: Аудандық білім бөлімінің есебінде жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 75 (оның ішінде жетім бала – 33, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – 42). Олардың 51 – і мектепте оқиды, бөлінген қаржы есебінен оқулықтармен, ыстық тамақ және киіммен, жазғы маусымдарда лагерьмен қамтамасыз етіліп отыр. 13 –де ата – анасынан қалған үлестік үй, 1 – інің жеке үйі бар. 61 бала тұрғын үйге кезекке қойылды.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Республикалық «Қамқоршылар күні»


мерекесі 29 қараша күні ауданымызда аталып өтті.Ол шараға қаладағы барлық қамқоршы, қорғаншы, патронат ата-аналар шақырылып, мерекелік концерт қойылып, сыйлықтар мен алғыс хаттар таратылды.

НұрОтан партиясының «Бақытты балалық» партиялық жобасының шеңберінде кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелердің демеушілігімен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, үздік оқитын 15 балаға «Мемлекеттік білім беру жинақтау есеп-шоттары» ашылды.

Демеушілердің көмегімен жетім қалған Танатканова Айнель атты баланың атынан «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкісінен» есеп-шот ашылып, алғашқы жарнасы еңгізілді.

Қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын атқарушы органы арқылы









«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы Кодексін басшылыққа ала отырып 2015 жылы барлығы 34 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар есепке алынып, оның 22-сі асырап алуға берілсе, 12-сіне қамқоршылық және қорғаншылық тағайындалды.

«Мектепке жол» акциясы туралы:

2015 жылдың 1 тамызымен 30 қыркүйегі аралығында республикамыздың барлық өңірлерінде сегізінші рет өткізілгелі отырған жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы іс-шаралар жоспары бекітіліп, акция туралы аудандық баспасөз бетіне жарияланды.

Барлық білім мекемелерінде «Мектепке жол» акциясы аясында тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасы балаларының тізімдері жасалып, демеушілер тарапынан көмектер ұйымдастырылуда. Осы акцияны ұйымдастыру барысында әрбір мектепте жеке кәсіпкерлерге үндеу хат жолданды.

Акция қорытындысымен 1605 жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы балаларына 4188700 теңге көлемінде көмектер көрсетілді.

«Мектепке жол» акциясының әлеуметтік арнасы кеңіп, акция аясында жыл сайын мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды құрметтеу мақсатында «Бірінші сынып оқушысына сыйлық» атты іс-шара барлық білім беру мекемелерінде ұйымдастырылды.

Оқушылар тасымалы туралы мәлімет: Үстіміздегі оқу жылының есебі бойынша аудан орталығынан шалғай орналасқан № 82 Қаратерең орта мектебіне Тастақ және көне Қаратерең елді мекендерінен (5,5 км) 5-11 сынып аралығындағы 42 оқушы екі мезгіл СТК (Селолық тұтынынушылар коперативі) мекемесінің УАЗ -22060 көлігімен тасымалданады. 2015 жылға осы мектепке оқушыларды тасымалдауға жаңа көлік алуға аудандық бюджеттен 2700,0 мың теңге қаржы қаралып отыр. № 237 Сарбасат негізгі мектебіне «Қосбелгі» ауылынан (3 км-ге жуық) 39 бала тасымалданады. Биылғы жылы аудандық бюджеттен УАЗ -220695-440-04 автокөлігі алынып, оған қоса жанармайға қажетті қаржы және жүргізуші штаты қаралып, санитарлық норма талабына сай оқушылар тасымалдануда.

Жақсықылыш елді мекеніндегі № 19 орта мектептен шалғай орналасқан мөлтекаудандарынан 1 – 6 сыныптың 108 оқушысы тасымалдануда. Бұл мектепке де аудандық бюджеттен УАЗ - 220695-440-04 автокөлігі алынып, оған қоса жанармайға қажетті қаржы бөлінді (жүргізуші штаты бұрыннан бар). Санитарлық норма талабына сай тасымалдануда.

2011 жылы 5300,0 мың теңгеге қаладағы № 262 мектеп – гимназияға балалардың тасымалын қамтамасыз етуге арналған ПАЗ – 32054 автокөлігі алынған болатын. Қаражат мәселесі толық шешімін тауып, 148 оқушыны тасымалдануда. Арал ауданы бойынша 4 мектепке 337 оқушы тасымалдануда.

Пән олимпиадасы туралы:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І кезеңі, яғни мектепішілік олимпиада 2015 жылдың қараша айында өткізілді, оған 2510 оқушы қатыстырылып, осының нәтижесі бойынша 819 оқушы (оның ішінде 781 оқушы қазақ тілінде, 38 оқушы орыс тілінде) жеңімпаз атанып, аудандық олимпиадаға қатыстыру ұсынылды.

Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі 2015 жылдың 10-11 желтоқсаны күндері №262 мектеп-гимназия базасында өткізілді. Аудандық пән олимпиадасына 764 оқушы қатысты. 25 оқушы 1 орын иеленсе, 211 оқушы жүлдегер атанды. Облыстық олимпиада 2016 жылдың 5-6 қаңтары күндері Қызылорда қаласында өткізіледі деп жоспарланған, сәйкесінше аудандық олимпиада қорытындысы бойынша 13 оқушы республикалық олимпиаданың І кезеңіне (облыстық олимпиадаға) қатысуға жолдама алды.

2014/2015 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы :

2014/2015 оқу жылында аудан көлемінде 37 орта мектептен 694 оқушы бітірді, оның 425-і ҰБТ-ге қатысуға өтініш білдірді.

ҰБТ 3 маусым күні өткізілді. Өтініш білдірген 425 оқушының 12-сі өз арыздарына сәйкес ҰБТ-ге қатыспады. 413 мектеп бітіруші тестілеуге қатысты. Бұл барлық мектеп бітірушілердің 60% құрайды.

Ауданда ҰБТ 1 лекте өтті. 3 маусым күні 413 мектеп бітіруші қатысты, оның 225-і ауыл мектептерінен.

Ауыл мектептерінен келген 225 оқушының 181-і 50 км-ден алыс елді мекендерден Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес, бұл мектеп бітірушілер 1,2 маусым күндері «Жолаушы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автобустарымен тасымалданып, №2 санаториялық мектеп-интернат пен №71 орта мектептің интернатына келіп қонды және 4 мезгіл тамақтанды. Жақын ауылдық елді мекендердегі 50 км-ге дейінгі қашықтықтан келген бала саны - 44.

ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл - 81,47, ал былтырғы оқу жылы орташа балл – 72,71 болды. Өсім бар, орташа балл 8,8 балға көтерілді.






2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

Орташа балл

70,91

72,71

81,47

Аудан орташа балынан жоғары болған мектептер: №2 (қала), 63 (Ақбай), 67 (Қосжар), 73 (Аманөткел), 74 (Жаңақұрылыс), 231 (Сексеуіл), 69 (Сапақ), 59 (Қарақұм), 62 (қала), 57 (Шижаға), 75 (Қарашалаң), 22 (Ақбасты), 220 (қала), 262 (қала), 19 (Жақсықылыш), 20 (Бөген).

Аудан орташа көрсеткішінен төмен болған мектептер: №260 (қала), 177 (Сексеуіл), 14 (қала), 64 (қала), 83 (қала), 81 (Қызылжар), 87 (Сексеуіл), 60 (Сазды), 21 (Қамбаш), 66 (Шөмішкөл), 230 (Жіңішкеқұм), 82 (Қаратерең), 13 (қала), 72 (Райым), 58 (Жалаңаш), 71 (қала), 61 (Аралқұм), 248 (Тоқабай), 68 (Қосаман), 200 (Құмбазар), 65 (Бекбауыл).

Ең төменгі 10 мектеп (2015 жылы):



Мектеп

11 сынып оқушысы

ҰБТ қатыс-қаны

қатысу пайызы

Орта/ балл

АУДАН

694

413

59.51

81.47

№82 Қаратерең (К.Маханов)

35

11

31.43

прямая со стрелкой 175.73

№13 Арал (Х.Орынбасарова)

40

25

62.50

75.16

№72 Райым (А.Жолмырзаева)

2

1

50.00

75.00

№58 Жалаңаш (А.Имағанбетов)

3

2

66.67

73.50

№71 Арал (М.Дүзкеев)

6

3

50.00

71.67

№61 Аралқұм (К.Тілепов)

9

5

55.56

70.80

№248 Тоқабай (Ж.Абдраманов)

6

4

66.67

70.00

№68 Қосаман (С.Латипова)

4

3

75.00

69.67

№200 Құмбазар (Ж.Көптілеуов)

6

4

66.67

62.50

№65 Бекбауыл (Т.Сарсенбаев)

9

3

33.33

60.67

Ең төменгі 10 мектеп (2014 жыл)




Ең төменгі 10 мектеп (2013 жыл)

Р/С

Мектеп №

Барлық бітіруші саны

Тестке  қатысуы

Қатысу %

Жалпы  балы

28

№81

19

8

42,11

65,63

29

№87

67

16

23,88

65,56

30

№63

23

16

69,57

65,43

31

№61

21

7

33,33

63,14

32

№71

9

3

33,33

63,00

33

№72

2

1

50,00

63,00

34

№83

50

36

72,00

62,89

35

№74

14

5

35,71

60,00

36

№230

9

6

66,67

59,83

37

№22

6

6

100,00




100 балл және 100 балдан жоғары алған оқушылар саны - 65 (15,74 %), ал былтырғы жылы 30 (6%) болды.




2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

100 балл және 100 балдан жоғары жинағандар

31

30

65

Пайызға шаққанда

6,47 пайыз

6 пайыз

15,74 пайыз

Сондай-ақ, қазақ тілі пәнінен - 15 оқушы, орыс тілінен – 1 оқушы, қазақстан тарихынан – 9 оқушы, математикадан – 4 оқушы, биологиядан – 5 оқушы, ағылшын тілінен – 1 оқушы, қазақ әдебиетінен – 1 оқушы пәндер бойынша ең жоғарғы 25 балды иемденді. Аудан бойынша орташа балдық көрсеткіш қазақ тілі пәні бойынша 19,7 балл, орыс тілі пәні бойынша 13,51 балл, Қазақстан тарихы пәні бойынша 19,04 , математика пәні бойынша 12,01, таңдау пәндері бойынша орташа балл - 17,21 балл құраса. Таңдау пәндері нақты тоқталсақ: биология пәнін 188 оқушы таңдап (46 пайызы) , орташа баллы – 18,18; физика пәнін 85 оқушы таңдап (21 пайыз), балы – 13,34; география пәнін 61 бала таңдап (15 пайыз), орташа балы – 17,79 балл; әдебиетті 34 оқушы таңдап (8 пайыз), балы – 20,18; ағылшын тілін 22 оқушы таңдап (5 пайыз), балы – 19,73 балл; жалпы тарихты 13 оқушы таңдап (3 пайыз), орташа баллы – 14,15 балл; химия пәнін 10 оқушы таңдап (2 пайыз), химия орташа балы – 16,8 балл құрады.

Пәндер орташа балы

2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

Қазақ тілі

18,30

18,32

19,7

Орыс тілі

13,44

12,05

13,51

Қазақстан тарихы

16,11

16,77

19,04

Математика

9,93

10,24

12,01

Биология

15,26

16,50

18,18

Физика

10,19

11,80

13,34

География

16,00

17,27

17,79

Әдебиет

18,61

16,40

20,18

Ағылшын тілі

16,42

18,08

19,73

Жалпы тарих

13,69

16,22

14,15

Химия

16,80

18,63

16,8

Қазақ тілі пәні бойынша ең төменгі 5 мектеп: №71 (қала), 61 (Аралқұм), 58 (Жалаңаш), 68 (Қосаман),200 (Құмбазар) мектептер.

Орыс тілі пәні бойынша ең төменгі 5 мектеп: №65 (Бекбауыл), 71 (қала), 66 (Шөмішкөл), 72 (Райым), 61 (Аралқұм) мектептер.

Қазақстан тарихы бойынша ең төменгі 5 мектеп: №200 (Құамбазар), 230 (Жіңішкеқұм), 14 (қала), 65 (Бекбауыл),58 (Жалаңаш) мектептер.

Математика пәні бойынша ең төменгі 5 мектеп: №65 (Бекбауыл), 72 (Райым), 200 (Құмбазар), 61 (Аралқұм), 248 (Тоқабай) мектептер.

Физика пәні бойынша ең төменгі 5 мектеп: №65 (Бекбауыл), 231 (Сексеуіл), 21 (Қамбаш), 177 (Сексеуіл), 20 (Бөген) мектептер.

Биология пәні бойынша ең төменгі 5 мектеп: №58 (Жалаңаш), 65 (Бекбауыл), 20 (Бөген), 230 (Жіңішкеқұм), 61 (Аралқұм) мектептер.

География пәні бойынша ең төменгі 5 мектеп: №81 (Қызылжар), 14 (қала), 200 (Құмбазар), 83 (қала), 220 (қала) мектептер.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша ең төменгі 5 мектеп: №63 (Ақбай), 83 (қала), 73 (Аманөткел), 21 (Қамбаш), 66 (Шөмішкөл) мектептер.

50 баллдан төмен алған оқушылар – 12 (2,9%), ал орыс тілі балын есептемегенде 50 баллдан төмен алған бала саны – 32, яғни 7,7 %.

Шекті балл

2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

50 балдан төмен жинағандар (барлық 5 пәнді қосқанда)

41

35

12

пайызы

8,56 пайыз

7,1 пайыз

2,9 пайыз

Ал «2» деген баға алған оқушылар – 12 (2,9%), өткен оқу жылында 29 оқушы болды.

Шекті балл

2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

2 алған оқушылар саны

46

29

12

пайызы

9,6 пайыз

5,87 пайыз

2,9 пайыз

№177 Сексеуіл мектебінен – 3 оқушы (орыс тілінен – 1 оқушы, математикадан – 2 оқушы), №19 Жақсықылыш мектебінен – 1 оқушы (математика пәнінен), №200 Құмбазар мектебінен – 1 оқушы (математика пәнінен), №220 мектептен – 1 оқушы (математика пәнінен), №231 Сексеуіл мектебінен – 1 оқушы (математика пәнінен), №57 Шижаға мектебінен – 1 оқушы (физика пәнінен), №60 Сазды мектебінен – 1 оқушы (орыс тілінен), №83 мектебінен – 2 оқушы (математикадан – 1 оқушы, орыс тілінен – 1 оқушы), №262 мектеп-гимназиядан – 1 оқушы (орыс тілінен) «екілік» баға алды.

Аудан бойынша «Алтын Белгі» белгісіне ұсынылған 19 үміткердің 9-ы (№262 Арал мектеп-гимназиядан– 2 оқушы, №83 Арал мектептен – 1 оқушы, №62 Арал мектептен – 3 оқушы, №57 Шижаға мектебінен – 1 оқушы, №260 Арал мектептен – 1 оқушы, №13 Арал мектептен – 1 оқушы) қорғады. «Алтын Белгі»-нің дәлелденуі - 47,4 пайыз, былтыр қорғау пайызы – 30 пайыз (20 үміткердің 6-уы қорғаған еді). Үздік аттестатқа 4 үміткер оқушының 2-еуі (№62 Арал қаласы мектептен – 1 оқушы, №63 Ақбай мектебінен – 1 оқушы) қорғады. Сонымен қатар Алтын белгіге 1 балы жетпей қалған 2 оқушы (№73 Аманөткел мектебінен – 2 оқушы) Үздік аттестат алады.






2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

Алтын белгі үміткерлер саны

20

20

19

Алтын белгі қорғағандар

4

6

9

Қорғау пайызы

20 пайыз

30 пайыз

47,37 пайыз


ҰБТ-ға дайындық жұмыстары.

2015 жылдың қараша айында «Қамбаш » балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында үш лекте 10 күннен 300 мектеп бітіруші түлектер негізгі және таңдау пәндері бойынша Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындықтан өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет