Явленка селолық округінің әкімі С.Корневтің “2010 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық
дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары”
атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасы
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақ-станның жаңа заманғы бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде дамуын тездетуге бағытталған стратегияны анықтады.
ЕҚЫҰ Саммитінде өзінің сөз сөйлеуінде Н.Ә.Назарбаев: “Біз демократияны әлемнің бұған дейін болмаған бөлігінде құрудамыз. Қазақстандағы тұрақтылық – бұл сенімді экономикалық өсу. Кедейлік біздің жас демократиямызды төмендетпеу үшін, біз алдымен экономиканы дамыттық”, деген болатын.
Тұрақтантану бағдарламасының аясында әртүрлі қосымша инвестициялық және аймақтық бағдарламаларды іске асыру арқылы тұрғындардың кірісін және жұмыспен қамтамасыз етілуін көтеру бойынша шаралар ойластыру.
Елбасы жеке санатты азаматтарды әлеуметтік қорғау және қолдау мәселелері бойынша заңнамаларға түзетулерге қол қойды және 2011 жылы азаматтарды қолдау бойынша қосымша шараларды қарастыруда.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қосымша шығындар 2011 жылға республикалық бюджеттен 18,8 млрд. теңге қаралған.
Сол себепті, Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарын ойдағыдай жүзеге асыру үшін, селолық округте дағдарысқа қарсы жоспардың қызметтерін жүзеге асыру жөнінде 2010-2011 жылдарға жоспар құрылған.
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша міндеттер орындалуда: құрылыс учаскелерін іске асыру, құрылыс объектілерін пайдалануға әртүрлі меншік формаларын мобилизациялау болып табылады.
Қазіргі уақытта тұрғындар қаражатынан жеке құрылыс басымырақ, тұрғын алаңының бір шаршы метрі 5490 теңгені құрайды. 2010 жылы 371 м2 алаң пайдалануға бе-рілді, 2011 жылы 650 м2 алаң пайдалануға беру жоспарлануда.
Елбасының 2009 жылдың 6 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес селолық округ-те «Жол картасы» құрылды және бекітілді. Селодағы «Жол картасын» жүзеге асыру бірінші кезек жұмыссыз тұрғындардың, мақсатты топтардың, жастардың жұмыспен қамтылуына әсер етті.
«Жол картасы» аясында бөлінген қаражаттың арқасында, «Қамқор» МКК орталық қазандығының жылу жүйесі және электрқұралдарының толық жөндеу жұмыстары жүргізілді: электрқұралдары және 590 метр бойлықпен жылу жүйесін ауыстыру жұмыстары орындалды, бұл мақсаттарға 15,0 млн. теңге бөлінді және игерілді, №3 Явленка орта мектебінде шатыр және электрқұралдарының толық жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл мақсаттарға 21,054 млн. теңге бөлінді.
«Жол картасын» іске асыру, ең алдымен, селода жұмыссыз тұрғындарды, мақсатты топтағы адамдар, жастарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2010 жылы 129 жұмыс орны ашылды.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жаңа бағыттар қойылған, «Жол картасы», «Бизнес-2020» бағдарламалары құрылған.
«Шағын бизнес дамуын мемлекеттік қолдау және белсендендіруді күшейту бойынша іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысына сәйкес аудан орталығында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша белгілі бір жұмыстар жасалды.
2010 жылдың 20 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша округте 202 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Шағын бизнеспен айналысатындар саны 1100 адамға жетті. Жыл басынан бастап 65 тұрақты жұмыс орны ашылды.
Кәсіпкерлердің қаржылы-несиелік ресурстарға қол жетімділігі мәселесі несиелік ставкаларды төмендету есебімені шешілуде. 2010 жылы шағын және орта бизнестің субъектілеріне 7 млн. теңге көлемінде несие берілген.
Қайта қалпына келтіргеннен кәсіпкерліктің төрт объектісі, жаңа жабдықтаумен, пайдалануға берілді. «Егін» ЖШС-нің диірмен кешені іске қосылды, тәулігіне 90 тонна өнім өндіреді. Кәсіпкерліктің бес сауда объектісі бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, олар 2010 жылы пайдалануға беріледі. ЖК А.Пивоваров ағаш өңдейтін пилорама орнатты, бүгінгі күні оның өнімі сатылады. ЖК М.Фоменко автокөлік двигательдерін жөндеу және жинау цехы, көліктерді бояу цехы құрылды және іске қосылды. Тәуелсіздік күнін тойлау қарсыңында ЖК Н.Рамазановпен құрылған ТҚКС салтанатты ашылуы өтті. 2011 жылы іске қосылатын, кәсіпкерліктің жеті объектісі бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
ЖК Литвинюк «Хозяюшка» дүкенінің сауда алаңын кеңейту жұмыстары жүргізілуде, ЖК Кирюхин сауда нүктесінің кеңейтілуі, ЖК Әубәкіров аралас тауар дүкенінің құрылысы жүргізілуде, ЖК Кехян жабық рыноктың құрылысы, ЖК Әбішева жол жиегіндегі кафе құрылысы, ЖК Даутов аралас тауар дүкенінің құрылысы, ЖК Фоменко қосалқы бөлшектер дүкенінің құрылысы және 2-қабатты тұрғын үйдің сауда-өндірістік кешені ретінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Явленка селолық округінде селоны көркейту және санитарлы тазалау бойынша іс-шаралар құрылды және бекітілді.
2010 жылдың 20 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша аудан орталығында нақты жұмыстар жүргізілуде. 47 км көлемінде селоның барлық көшелері мен тұйық көшелері кескінделген. Селоның орталық көшелері, орталық алаңы, аудан орталығының мекемелері мен ұйымдары бойынша бұталар мен ірі діңді ағаштарды кесу жұмыстары аяқталды.
2585 м2 көлемінде Явленка селосының ішкі көшелерінің шұңқырлық жөндеу жұмыстары жүргізілді. 6 автопавильондар жөнделді, 240 м2, 25 дана жол белгілері орнатылды, ұсақ тас қосумен грунттік жолдың бөлек аймақтарында жөндеу 2 км., жол бардюрлары орнатылды 400 м. Бұл жұмыстарға 10 млн. теңге қаражат жұмсалды.
Көшені жарықтандыру бойынша көлемді жұмыстар жасалды. Көшелерді жарықтандыру және пайдаланған электрэнергиясына 1200 мың теңге жұмсалды.
2010 жыл бойы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы және «Бес үлкен іс», «Тәуелсіздік күнін тойлаумен» тақырыптарына көркем безендірілген баннерлер орнатылды.
Аудан әкімімен және аудан орталығы ұйымдарының басшыларымен Явленка селосының орталық стадионын қайта қалпына келтіру жұмыстарына материалдық көмек көрсетілді. Онда «Ақбидай-2010» облыстық жазғы ойындары өткізілді.
2010 жыл бойы Петропавл қаласындағы облыстық ауылшаруашылық жәрмеңкеге белсенді қатысып отырдық, онда Явленка селосының жеке ауласынан мал өнімдері сатылды. 11 айда 2,8 млн. теңгеге өнім сатылды.
Өмір сапасының негізгі көрсеткіші болып тұрғындардың неғұрлым «әлжуаз» топтарының әлеуметтік қорғалу деңгейі және жалақы көлемі болып табылады. Ағымдағы жылда кедейлік және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасының орындалуы бойынша жұмыстар жасалды. Жұмыссыздарды жұмыс-пен қамту бойынша жоспарланған іс-шараларға сәйкес жоспарланған 466 адамның орнына 437 адам жұмыспен қамтылды немесе бұл көрсеткіш 94%-ды құрайды.
156 адам жаңа тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды. Мақсаттық топтардан 131 адам жұмыспен қамтылды немесе жоспарға 179%. 2011 жылдың 1 қаңтарына уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар саны 60 адамды құрайды.
Ресми түрде тіркелген жұмыссыздықтың деңгейі ауданның эконо-микалық белсенді тұрғындарынан 1,4 %-ды құрады, бұл облыстық көрсеткіштен 1 %-ға төмен. Жыл басынан жұмысы жоқ отбасыларынан 5 адам жұмыспен қамтылды. 2010 жылы 111 адам қоғамдық жұмысқа қатыстырылды, 4415,5 мың тенге көлемінде жалақы төленді. 20 адам кәсіптік білім алды және барлығы жұмыспен қамтылды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мекенжайлық көмек туралы» Заңына сәйкес, 2010 жы-лы МӘК 40 отбасына 110 адамға тағайындалды, 1438,9 мың теңге көлемінде, мемлекеттік балалар жәрдемақысы 110 отбасына 181 адамға, 1796,5 мың теңге көлемінде. Аз қамтылған отбасылар саны 4 отбасыға азайды (2010 жылдың басында 32 отбасы - 138 адам болған, жылдың аяғында 28 отбасы -115 адам болды).
Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Бізде дағдарысқа қарсы жоспар бар, мемлекеттік резервтен жеткілікті қаражат бөлінген. Тұтастай Үкімет және Премьер-Министр, мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдер дағдарыстан шығу жөніндегі белгіленген шаралардың орындалуына тікелей жауапты болады. Сондықтан да барша қазақстандықтарға аталған шараларды жүзеге асыруға кірісуге, ең-бекқорлық пен табандылық таны-туға, ұсынақты болуға, жақындарына, көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге және қамқорлық жасауға шақырамын».
Достарыңызбен бөлісу: |