Ақсай селосы әкімінің міндетін атқарушы Е. Хамзинның 2012 жылғы селоның әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы



Дата03.07.2016
өлшемі98.75 Kb.
#175345
Ақсай селосы әкімінің міндетін атқарушы Е.Хамзинның

2012 жылғы селоның әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы

ақпараты
Ақсай селосының жалпы аумағы 45,104 га, оның ішіндегі жерлер ЖШС «Ақсай»,ЖШС «Орловка», «Балалар үйі» мемлекеттік мекемесі, «Профлецей №7» мемлекеттік мекемесі,жеке шаруашылықтардың жері -12739 га, ауылдық округтың жері (жайылым)-1170 га. Халықтың саны 949 адам, зейнеткерлер 111 адам, мүгедектер саны 32 адам. ЖШС «Ақсай» жәнеде 15 жеке шаруашылық, 6 сауда дүкендері, Ақсай орта мектебі, почта, фельшерлік дәрігерлік пункт, Ақсай орта мектебінің жанынан құрылған шағын орталық, 20 шақырымдық су құбыры, сонымен қатар «Престиж» мал шаруашылығының базасы, ЖШ «Мария»,ЖШ «Қажыбаева» және бау – бақша бригадасы бар.

Аграрлық сектор
Ақсай селосы өнім алудан негізгі тәуелді, егін шаруашылығының аймағында орналасқан.Негізгі бағыты – өсімдік шаруашылығымен, мал шаруашылығымен, сонымен қатар көкөністер мен картоп шаруашылығымен айналысады. Өсімдік шаруашылығында дәндерді өңдеу технологиялары егістік аудандарымен әуестену жұмыстарын жүргізеді, техникалық бақ жаңарту , егін шаруашылығының мәдениетің қатал сақтандыру, минералды тыңайтқыштар салумен, сонымен қатар жоғары маманданған механизаторлармен қамтамасыз етілген. Селоның аумағында жеке шаруашылықтар жұмыс жасайды. Жеке мал шаруашылығымен айналысатын бұл- «Престиж». Ірі қара мал шаруашылығы – 1038 бас, шошқалар саны -1658 бас, ЖШ «Қожыбаев» ірі қара мал 9 бас, қойлар 200 бас , ЖШ «Алтын жер», ЖШ «Мария», ЖШ «Ишим» жылсайын көкөністер мен картоп егеді. Халықты мезгілдік жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жылдың басында ірі қара саны 317 бас, шошқалар 489 бас, жылқылар 104 бас, 2411құстар. Оның ішінде 277 жанұя, 123 мал шаруашылығын өсірумен айналыспайды, олар көбінесе жалғыз басты зейнеткерлер.

Тұрақты мал дәрігері қызметкері жұмыс жасайды. Бізде өзіміздің мал дәрігерінің лицензиясы бар, Ақсай селосының әкімі аппаратының бас маманы мал дәрігері. Жылдық жоспарға сәйкес екпелердің барлық түрлерін өткізеді. Ірі қара малдарға біріңғай база жасалған.


«Есіл ауданы Ақсай селосы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесінің жұмысы
«Есіл ауданы Ақсай селосы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік орган болып табылады. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Әкімі аппараты штатында 4 қызметкер: село әкімі, 3 бас маман қызметкерлері жұмыс жасайды.жұмыскерлердің орташа еңбек өтілімі 7,5

2012 жылы село тұрғындарыны 3 отырыс өткізілді.Жеке тұлғалардың және екі жазбаша өтітніштері қаралды. Ақсай селосының әкіміне 33 өкім хат қабылданды, 181 тіркеу анықтамасы берілген. Құжаттардың жалпы көлемі 643 бірлікке біріктірілген. Іс қағаздар 2 тілде жүзеге асырылады: мемлекеттік қазақ тілінде және орыс тілінде. 2012 жылғы құжаттар игерілуі 100% біріктірілді. Қорғаныс бөлімінде әскер қатарында шақырылған 18 азаматтар тіркеуді.Қазақстан Республикасының қарулы күштер қатарында 2 азамат әскери борышын өтеуде.



Өнеркәсіп
Өнеркәсіп селомызға ауылшаруашылығының өнімдерін өндірумен көзделген болатын. Селомызда жеке кәсіпкер Бадрутдинова Ольга Викторовнаның өзінің жеке тәтті нан шығаратын цехы жұмыс жасайды. Сонымен қатар ЖШ «Престиж» малдарды союмен және ет өнімдерін тасумен айналысады.
Шағын кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлік селомыз да да бой көтеруде оған сауда дүкендері мен , АЗС, 15 жеке шаруашылық, бірнеше жеке кәсіпкерлерді сонымен қатар тәтті нан өндіретін цехты жатқызуға болады.

2012 жылы 980 мың теңге көлемінде жеке шаруашылық басшылары спонсырлық және қайырымдылық шараларынына біріктірілді.


Денсаулық қорғау
Елбасымыздың кезекті халыққа Жолдауында Қазақстан халқының денсаулығын қорғаудың насихатын күшейту жолына мақсат қойды.2015 жылғы «Салауатты Қазақстан 2015» бағдарламасын өңдеу және енгізу.2013 жылғы денсаулықты қорғау бырыңғай ұлттық жүйе енгізілді. Жүйе бойынша халыққа бырыңғай жұмыс жүргізілді, партал арқылы «Бюро-гаспитал» өткізілді.Дәрігерлік орталықтандырылған топтарда тегін қамтамасыз етілді. Алғашқы дәрігерлік көмек ФАП–та көрсетіледі,фельдшер және патранаждық медбикелер қызмет көрсетеді. Демографиялық көрсеткішті 2011 жылға салыстырғанда өлім – жітім -13%, туу 9 %, ал 2012 жылы өлім – жітім -11% туу 15 % өсті, ана мен бала өлімі кездескен жоқ.

Балалардың профилактикалық бақылауына 0-14 жасқа дейінгі 225 адам жатты, анемия тіркеуінде 9 адам тіркеуде және ол адамдар тіркеуге тұрғызылды. Профилактикалық екпе халыққа жоспар бойынша 385 жасалды. Жоспар бойынша флюорографиялық қаралу 500 болса, ал тексеруден өткені 620 адамға жетті. Туберкулез бойынша 2 жастан асқандарда ешқандай белгілері байқалған жоқ. Жылына қаралған адамдардың саны 4624, 1440 үй аралап тексерілді, 520 дәрігерлік көмек көрсетілді.




Телефонизация
Ақсай селосының аумағында ҚАЗ пошта жұмыс жасайды. Пошта қызметкерлері хаттарды таратады, зейнеткерлерге зейнет ақыларын таратады, жардемақы береді, мұғалімдердің еңбек ақысын береді, жергілікті салықты жинайды, газет журналдарға жазылу жұмыстарын жүргізеді, жергілікті телефон ақысын жинайды.Телефонның барлық байланысын электромонтер сапалы жұмысты толық бақылайды, байланыс сымдарына апат болған жағдайда дер кезінде қызмет көрсетеді.

2012 жылы Ақсай селосында 62 телефон нөмірлері орнатылды. 2011жылы 201 телефон орнатылса 2012 жылы 263 телефон көрсеткішке өсті. Оның ішінде барлығы 246 телефон, 168 сымды телефон, ал қалғаны 96 радиобайланыс. Мегалайн желісін іске қосуға зор мүмкіндік бар. 50 абонент іске қосылған ал 15 абонент байланысы кезекте тұр.

Теледидар Трансляция: Ел арна, Қазақстан, Хабар, Евразия каналдары жақсы көрсетеді. 2010 жылдан бастар облыстық канал іске қосылған, аулаларды 90% спуникті антеналары бар. Ауданда «Отау» ТВ акция ұйымдастыруда 37 каналды тегін таратылады. Бүгінгі таңда селомызды «ОТау» ТВ спутникті антенасы 40 аулаға орнатылған.
Жарықпен және газбен жабдықтау
Жарықпен барлығы дерлік қамтамасыз етілген.

Газбен жабдықтау – балондық газбен жабдықталады.


Білім
Ақсай орта мектебінің ұжымы шығармашылық жұмыс істеу үстінде, әрбір оқушыны оқу барысында белсенді ұйымдастыру бұл – тәрбиелік процесс. Мектепке қойылған мақсаттар шешілуде, ең алдымен өзін –өзі басқару жүйесі арқылы оқушылардың тұрақты өсу шегі қамсыздандырылды.

Қазіргі таңда мектеп ұжымында 31 ұстаз еңбек етеді. Оның ішінде 22 жоғарғы білімді, 8 орта білімді, 1 ұстаз аяқталмаған орта білімді ұстаздар қызмет жасау үстінде.Жоғарғы катигорияда 1 ұстаз, 1 катигорияда - 4 ұстаз, 2 категорияда 9 ұстаз, 1- ұстаз білім беру үздігі. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап шағын орталық жұмыс жасай бастады. 15 баладан құралған бұл орталықта қазіргі таңда 30 бала тәрбие алады. Тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің жас аралығы 3 пен 5 жас арасында. Шағын орталықта 2 тәрбиеші, 2 тәрбиешінің көмекшісі, 1 медбике, 1 аспазшы, 1 аспазшының көмекшісі жұмыс жасайды. Шағын орталық 900-18 00-ге дейін жұмыс жасайды. Ұжым оқушылармен шығармашылық жұмыс жасайды, оқушылар іздемпаз, қабілетті де дарынды. Бұның айғағы іспетес БҰТ байқауға болады. Осы жылғы орта көрсеткіш 79 балды құрады.Осы оқу жылында 11 түлектен 1 оқушы жоғарғы оқу орнына, 6 оқушы колледжге түсті.16 негізгі білімді түлектерден 10 сыныптан 2 оқушы, колледжге 8 оқушы, лицейге 6 оқушы түсті. 2012-2013 оқу жылдарында барлығы 160 оқушы білім алуда оның 28 оқушысы мектепке дейінгі даярлық тобы.


Тәрбиелік іс шаралар
Біздің оқушылардың спортта да ерең еңбектерімен көзге түсіп марапатталады. Балалар жазғы маусымда жазғы демалыс орындарына өткізуді дәстүрге айналдырған. 2012 жылы 4 оқушы жазғы демалыспен көкшетау қаласында демалып қайтты. Осы жазда «Жасыл Ел», «Қамқорлық»айлықтарына белсенді ат салысты. Апта сайын мектепшілік жиналыс болады, жиналысымыз мемлекеттік әнұраннан басталады.Отырысымызда апта сайынғы мәселелер талқыланады, шығармашылық және тәрбиелік жұмыстар, психолог пен медбекенің және пән мұғалімдерінің ақпараты тықдалады, талқыланады. Кезекші сыныптар бір жетілік есеп береді. Жиналыс соңында үздіктер марапатталады.Сонымен қатар мектебімізде мектепшілік «Жас тілші» атты газет жұмыс жасайды.

Газетке жауапты тұлға информатика пәнінің мұғалімі Вдовцова Елена Викторовна.

Жыл сайын мектебіміздің жанынан көгалдандыру жұмыстары барысында 6-11 сыныптар арасында іс тәжірибеден өтеді. Олар жоспарланған жоспар бойынша жұмыс жасайды.Олар мектеп ауласын көгалдандырумен айналысып түрлі гулдер егіп оларды баптайды. Сонымен қатар жазғы демалыс лагерлері де жоспар бойынша жұмас жасайды.Сонымен қатар үйірмелер мен секциялар жұмыс жасайды. Жыл сайын медбикелер «Салауатты өмір салты» атты профилактикалық іс шаралар өткізеді .
Спорттық іс шаралар
Есіл ауданының 2012 жылғы жаңа жылдың турнирінде ДЮСШ футзалында жасөспірімдер арасында 1995-1996 жылғы Ақсай орта мектебі 1 орын, 1997-2000 жылғы жасөспірімдер арасында 3 орын иеленді.аудандық жастар 2012 спортакиядасында барлық спорттық түрлерінен болды және нәтижесы мынандай :

1 орын (жеке) – Отто Екатерина

1 орын (жеке) – Сысоев Александр

1 орын футболдан /қыздар/.

Обылыстық «Жасұлан» атты әскери спорттық жарысқа қатысып, мектептің қатысушылары 3 орынға ие болды. «Есіл ауданының білім бөлімінің Ақсай орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Президенттік тестілеуден 3 разрядқа ие болды. 1 жасөспірімдер разряд – Лапин Сергей.

1 жасөспірімдер разряд – Хабибулина Фаина.

2012-2013 оқу жылындағы «Бүркіт»атты әскери спорттық клубы ашылды, клубтың мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беру.

2 орын «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл» қыздар және ұлдар арасындағы команда

3 орын «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл» футболдан 3 орын.

4 орын обылыстық Мектептегі әскери даярлықтан.

5орын «Былғары доп»облыстық турнир футболдан.
Мектептегі жөндеу жұмыстары
2012 оқу жылында жертөлеге ақтау, мектепшілік залға жалпы аумағы 2000 кв/м әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Асханаға әктеу, сырлау, әжетханаға (1 қабат) барлық ауданы 6000 кв/м жұмыстар жүргізілді. Мектепте барлығы 25 оқу тәрбиелеу кабинеттері бар, оның 12 кабинетіне ата – аналардың көмегімен жөндеу жүргізілді, қалған кабинеттерге мектеп әкімшілігінің және ұстадардың көмегімен жүргізілді. Шағы спорттық алаң, қоқыс салынатын жәшіктер орнатылды.

Жыл сайын мектеп аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі, ағаштар отырғызылып түрлі гүлдер егілді. Тәрбиелік іс шараларды үлкен спонсрлық көмекті Ақсай селосының жеке шаруашылық қожалықтары көмегін береді.Олар ЖШС«Ақсай», ЖҚ «Мария», ЖҚ Андреенко, ЖҚ «Престиж», ЖҚ Нурпеисова, ЖҚ Маковеев, ЖҚ «Айнур», ЖК Башинский, ЖК Михайленко.

Биылғы оқу жылында Ақсай орта мектебінің ғимаратының төбесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сондай –ақ спортзалға, іштен екі әжетхана ашылды.Мектеп ішіне де жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алынған материалдық базалар интерактивтік тақта, бастауыш мектептің және мектепке дейінгі сыныптарға әдістемелік кітапша, принтер Canon-LB6000B, 5 жиынтық, 2 қабаттық кереует 1,7,8 сыныптарға жаңа оқу құралдары.


Тұрғын үйлік саясат
Ақсай селосының тұрғындары үймен қамтамасыз етілген, бірақ жас отбасылары ата – аналарынан бөлек тұрғылары келеді үйді қажет тұтады. Әкім аппараты көмектесіп осы мәселені шешу жолын қарастырады, қол ұшын беруге тырысады. 2008-2011 жылдары иесіз қалған үйлер жекеменшікке айналдыра бастады. Қазіргі таңда 5 иесіз қалған ғимараттар белгілі болды.
Мәдениет
Селода клуб іске қосылмаған. Мерекелік іс шаралар, кездесулер, жиналыстар мен отырыстар, дөңгелек үстелдер конкурстар барлығы дерлік мектеп ғимаратында өткізіледі. Селомызда 2007 жылдан бастап кітапхана жұмыс жасайды. Кітапханадағы кітар қорының саны 3878 ,жаңа кітап саны 200 түп, кітапханаға оқырмандар 3540 рет келген. Ғимараттың ішіне әктеу –сырлау, жөндеу жұмыстары кітапханашының өз күшімен жүргізіледі. 2012 жылдан бастап кітапханашы толық сағатқа төленеді.
Құқықтық тәртіп
Қоғамдық тәртіп сақталуда біздің селомызда учкаскелік полиция аға лейтенанты Иваненко Сергей Викторович қызмет жасайды.

2012 жылы Ақсай селосының әкімі аппаратымен біріге отырып мектеп оқушыларымен, медбикелермен және учаскелік инспектормен кездесе отырып жалпы тәртіптің бұзылуын, ұрлықтың болмауын, ата – аналардың құқығының бұзылмауын, отбасылық тұрмыстық ұрыс керістің болдырмауын алдын ала жұмыс жүргізді.Осы жыл ішінде учаскелік инспектор 3 хаттама жалпылық тәртіп бұзылу жөнінде, 6 адамға отбасылық – тұрмыстық ұрыс керіс жөнінде, 2 отбасы сот ісі бойынша 1 жылға ата –аналық құқығынан айыру процессі бойынша, 2 адам арақ ішіп қоғамға зиян келтіргені үшін және 5 ұрлық орын алды.


Сумен жабдықтау
Мәселе халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – біздің селомыз да ең басты мәселе ауыз судың жоқтығы. 2012 жылдан бері ауз сумен жабдықтау құрылғысына мынандай қаржы жұмсалды:

1. Жарық – 155 595

2. ГСМ - 95.400

3. Құралдардың қажеттілігі – 18 300

4. жалақысы - 621 000

5. Қалған заттарға - 247 008

6. Колонкаларға және сымдарға жөндеу жүргізу – 165 500

7. су тартқыш пен скважинаға көмір, мен ағаш- 62 600

Барлығы : - 1 365 403 теңге
Сәулеттендіру жұмыстары
Басқа селолар сияқты біздің де ауылда басты мәселеміз ол осы сынған, бұзылған ғимараттар.Олар тұрғындардың, балалардың өмірлеріне өте қауіпті. Сонымен қатар ауыл ішіндегі басты мәселе ол үйінділер.

Көктемде ауыл тұрғындарының арасында 3 рет отырыс өткізіліп, көркейту көгалдандыру жұмыстары жайлы мәселе талқыланды. Комиссия мүшелері құрылып, көшелерде, аулаларды аралап түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Көптеген тұрғындар өз аулаларына көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп қоқыстарын тазалады. Жасыл желектер отырғызылды 80 түп ағаш егілді.




Әлеуметтік сфера
«Есіл ауданы Ақсай селосы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде халыққа балалардың жәрдемақысы мен және әлеуметтік көмек беру есебінен комиссия құрылды.2012 жылы әлеуметтік және 18 жасқа толмаған балаларға берілетін жәрдемақыны алған отбасылар болған жоқ.

Ақсай селосында 10 көпбалалы отбасы,111 зейнеткерлер, 32 мүгедек жандар тұрады.2008 жылдан бері 1 әлеуметтік жұмыскер 4 жалғыз басты қарттарға қарап жәрдемдеседі. «Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінде 7 адам тіркелді және ол адамдар әлеуметтік жұмысқа тартылды. «Жұмыс басты 2020» бағдарламасы бойынша 2 адам оқиды, мамандықтары аграном және механик.

Бізде мүгедек жандар, көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер, тылда еңбек еткендер мерекелерде құр қол қалмайды,оларға ардайым көмек қолын созамыз. Сонын айғағы ретінде 2012 жылы 113 мың 800 тенге материалдық көмек көрсетілді
Болашақ 2013 жылдың дамуы
1. Коммуналды меншік су құбырын ауданға беру, мақсатымыз «Ақ бұлақ» бағдарламасына іліктіру.

2. Сәулеттендіру (қоқыстарды ,қиларды жою)



3. Жеке секторлардың сиырын бағымға жіберу үшін, жайылымдық жерлердің ауданын үлкейту.

4. Ақсай селосының кітапханасына жылу құбырын тарту жұмыстарын жүргізу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет